Бір жылда қанша кітап оқисыз?

ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен: Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам Еш кітап оқымайтын адам, оқымайтын адам Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы… Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз… Бұл бір өтініш…

Бір жылда қанша кітап оқисыз?

Бөлісу:

32 пікір

Gastarbaiter
10 кітап оқим жылына, соны әжептәуір кітапжегіштік көрсеткіш деп жүрсем, орташа оқитын адам екенмін ғой
sammita
мына жерде қателік кеткен сияқты, 2-ден көп емес, 20-дан көп шығар?
Bekjan
Ий, соны кеше ескертіп жазбай кеттім түнімен көзіме ұйқы кірмеді...үшінші ме, төртінші ме түсімде түзеткендей болған екенмін… Дұрысы 21-ден көп болуы керек…

Админ ағай түзете салыңызшы..Өзім түзетейін десем ондай мүмкіндік берілмеген екен… Рахмет…
asaubota
түзетілді, бірақ дауыстар өшіріліп кетті :(
Bekjan
ой қойшы… оданда түра бергені жақсы еді ғой..:)
Bekjan
дауыс беру функциясы жоқ па, әлде менің компымда шықпай ма?
asaubota
енді болады. қайтадан дауыс жинау керек.
sammita
ер жігіт екі сөйлейді екен-ау. Няғып үйтіп отсыз, а?
Abilakim
Былтыр 20 ға жетпесе де 15 шақтысын оқыдым.Биыл да сөйтетін шығармын.Бірінші кезекте Мағауиннің шығармаларын қайталау, оқымай қалғандарым болса оқу, Кекілбаевты айтпаңдар маған! Қадыр МырзаӘлидің «Иірімін» оқу, шетел әдебиеттеріне шолу жасау…
Delhi
Бір айда екі-3 кітап оқимын, сонда орташа есеппен 25 кітаптай
Осы жақында кітапханадан мақтау қағазын алғам, мақтанып қояйынщ) өткен айда кітапханашылардын мейрамы болған еді сонда.
asaubota
менің Сәулет жеңгем істеп жүр ме Жұбановтың кітапхаансында?
Abilakim
Бізде Сәулет ер адамдардың есімі.Кластасым бар Сәулет деген. Сәуле деген қыздари есім
Abilakim
«Дымбілместің хикаяларын» қайталасам ұяттау болар ма екен?!
konvict
Мен да осы кітапты қайталап оқығым келіп жүр. Осы керектегі бір посттан кейін қатты құмарым ашылып кетті
sammita
оқушы кезімізде кітапты көп оқитындар қатарында болған екенбіз. Оқулықтың өзі 15 шақты.
balzaminka
құрметті, автор жолдас, сол сауалнама бойынша алдыңғы қатарда қай ел екен?
Abilakim
Мен Бексұлтан Нұржекеевтің таңдамалы шығармаларының 1 томын әкелдім.Таяқ жерге тасталды, кітап оқу басталды)))
saltanat23
Бексұлтан Нұржекеевтің шығармаларын сүйіп оқитындардың қатарынанмын. Осы жазушының «Ерлі-зайыптылар» романын оқуға кеңес беремін. Керемет шығарма!
konvict
Мен жылда точні қанша кітап оқитынымды айта алмаймын. Бірақ минимум 10-дай кітап бітіремін
Simona
Бiлмейм қaншa кiтaп оқитынымды. Есiмде де көп қaлa бермейдi. Сaғынып оқығaн жaқсы деп ойлaйм. Бiр кiтaп пен екiншiсiнiң aрaсындa менiңше сәл пaузa болуы лaзым. Хикaяны кiшкене қорытып бaрып, бiрaз әсерде жүрiп, ол турaлы ойлaнып бiткеннен кейiн ғaнa оқығaнды жөн көрем. Aлдыңғы aйдa Елиф Шaфaктың «The Bastard of Istanbul» түрiкше aтaуы «Baba ve Piç» ромaнын оқыдым. Одaн кейiн 3. кiтaпты оқып жaтырмын. Сондa дa ойым сол Шaфaктың кiтaбындaғы кейiпкерлерде.
Aйтaрым, кiтaптың сaны емес, сaпaсы мaңызды. Кiтaп қaншaлықты дүниетaнымыңызғa, есеюiңiзге түрткi болa бiлуi, iшкi дүниеңiздi өзгерте бiлуi мaңыздырaқ дейп ойлaймын. Жылынa оқығaн жaлғыз кiтaбым сондaй болсa, оқылу үшiн оқылғaн 10 кiтaптaн aртық.
aza
Мұхаңның төрт кітабын қатар сатывалдым! «Көкбалақ», "Қыпшақ аруы", «Тазының өлімі», «Шақан Шері»! Көбін оқығам, тек ішінде Одағай әңгімелер сериясымен шыққан қырық шақты әңгімесі бар екен!
Рахат болды! Тамаша ғой)))
Ал, оқушы кезде жылына отызға тақап отырған екембіз. Ауылдың кітапханасын түгестім ғой. Кейбірін екі, кейбірін үш қайтара…
Қазір мүлде оқымаймын деуіме болады. Жылына онға жете ме, жетпей ме?!
kokbori
Аза, осыны мен жазсам ба деп отыр едім, ойымды айнытпай көшіріп қойыпсың бауырым
aza
Кешіріңіз, мәртебелі КӨКБӨРІ)))
Қайтейін енді солай боп қалды)))
kokbori
Оқасы жоқ, көріпкелдік пен пал ашушылық күнә дейді, сондықтан адам ойын жазушы болма
aza
Апырай ә?! Мынау бір көз көріп, құлақ естімеген қызық болд ау ә)))
satibaldi
Меніңше, киолметріне бес жүз парақ, жылына он кітап оқу деген өлшем жасау дұрыс емес сияқты. Біреулер Құранды оқып, дүниенің бар білімін сарқып біттім деп жүр. Біреулер облыстық кітапхананы оқып тауысып, жұтаң болуы себепті — Инеттен көшіріп оқуға көшті. Ал біреулер несие келісім-шартының бас жағын да оқып алмай, ақыры бес есе несие төлеп жүр.
Zhan
Былтыр қанша кітап оқығанымды санауға ерініп тұрмын. Биыл қаңтардан бері 9 кітап оқыппын. Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» деген кітабы жақсы екен. Өзбекәлі Жәнібековтің өз өмірбаяны туралы жазған «Тағдыр тағылымы», «Б.Омаровтың „11 қаламұш“, М.Мағауинның жазғандарын оқыдым. Қазір Гүлнәр мен Мұқағалидың өлеңдерімен „ауырып“ жатырмын.
araika
Қазір Гүлнәр мен Мұқағалидың өлеңдерімен „ауырып“ жатырмын.
Гүлнәр Салықбай? Жинақ кітапшасы бар ма еді? Астананың қай бұрышынан тапқаныңызды да жазыңызшы...
Abilakim
Баласы үйіне торға салып қарға әкеліпті.«Балам-ау, оны қайтесің?» деген шешесіне
-Ғалымдар қарғаны 300 жыл жасайды деген екен.Соны тексеріп көрмекпін-депті
Aigolek
мен ана сауалнаманнын санин бузатындардан екенмин.коп боса еки уш китап окимын. осы жылы биреу окыдым. Окымайтын да едим Сумеркидын сонгы болимин корген сон сонында не болатынын билгим кеп шыдай алмай окып тастадым.
salta
мен «Шантарам» деген кітапты бастадым. жақында осы кітапты кино қылып шығармақ екен Джанни Деп… жылына қанша кітап оқитынымды санамаппын