Қазақ телевидениесіндегі шоу бағдарламалардағы "жұлдыздар".

Бағдарламалар дейтіндей соншалықты көп емес өздері…
«Шіркін лайфты» біраз жерде талқыладық қой, бұл жолы секіріп кетейік.
«Кеш қалмаңыз»-түсінбейтінім неден кеш қалмауымыз керек?! Жүргізушілері Айгүл Иманбаева мен Айқын (пах-пах).Екеуінде де жүргізушілікке икем жоқ. Айгүлдің сырттай журналистика оқып жатқанынан хабарым бар(мүмкін дипломында алған болар). Бір сұхбатында "Қазақ журналист қыздарының бұты талтақ, тісі қисық болғанына мен кіналы емеспін" депті, «Соңғы кезде ТД көп көрініп кеттіңіз»деген тілшіге. Айгүлді сұлулығымен он орап алатын журналист қыздар бар бізде. Телевизия саласына қазіргі таңда қатты талап қойылып жатқан жоқ шындығында.Сақау адамдарда жүргізе беретін болды ғой жаңалықтарды немесе арнайы бір бағдарламаны.Айгүл дайын бағдарламаны оқып бергеніне қарап әжептеуір журналистпін дейтін болар.Бірақ журналисттік талдау, зерттеу жасай алмаса несіне журналист.Дикторларды журналисттердің мойындамайтыны осындай әрекеттерден кейін туып жатады негізінде.
Динара Қырықбаева-Арман Дүйсеновпен туыстық қатысы болған соң көп бағдарламалардан көрініп жатады. Жалпы Арман жайлы да айтып кетуімізге болады.Түрлі жобаларды жүзеге асыруға тырысып жүрген бұл жігіттің Валдис Пельшке еліктейтінін көп жұрт айтып қалып жүр.
Мәдина, иә «Таң қалмаңыздағы», Азиаданың ашылуында кәментші болған Мәдина жайлы да көп талқыладық. Әнін айтып жүре беруі керек еді.«Жұлдызды түнде» мен «Сарбаздар» әні оны халыққа танытқан еді кезінде. сол бағытынан танбауы керек еді амал не…
«Екі жұлдыздың» жүргізушілері жайлы сөз қозғаудың өзі артық.Оның жанында «Айгөлектің» жүргізушілері кәнігі, қалыптасқан жүргізушілер тәрізді.
«Жетінші» арнадағы «Жар-жар».Жүргізушісі Данагүл Темірсұлтанова. Тамаша арқылы танылған бұл актриса бағдарламаны сөзсіз жақсы жүргізеді менің ойымша әрине.
Нұрлан Еспан-Қазақстанның мәдениет қайраткері екен. Осы атағын жүрген жерінде қыстырып отырады.Жан жолдасы Жанатбекте жүргізушілікке тән қаситтер байқалады, ал Нұрлан… Тым әсіре мақтаншақтау тәрізді.
«Еларнадағы» «Бәрі есімде» бағдарламасы.Жүргізушілер Жазира мен Жанболат. Бұларда әңгімелесіп отырған адамын жетелеп әкете алмайды.Қағаздарына көп жүгінетін тәрізді.
Бөлісу:

110 пікір

bekmur
Bizdin jurgizushilerdin kobisi murnymen soileidi))Asirese Jazira)
alisha
«Айгөлектің» жүргізушілері расында да тартымды. Әсіресе, екі ер бала шынайы жүргізеді. Негізі асқан сентиментальді емес ем, бірақ осы фестивальдың ақтық бөлімін көріп отырып, көз жасымды құрғата алмадым. Сондай әсерлі. Нұрланның мақтаншақтығын бәріміз де байқадық, өзінің қымбат сазгер екенін орайы келсін-келмесін халықтың есіне салып отырады ғой. Арманның жесты мен мимикасынан жұрт жеріп бітті. "Қарға тырнаға еремін деп жүрісінен жаңылыпты" деп осындайда айтса керек-ті. Ал, Қырықбаеваның қазақтың төл дыбыстарына тілі келмейді. Жоғарыда аталғандарды салыстырмалы түрде алғанда, Иманбаеваның жүргізушілік қабілеті икемге келеді. Бірақ енді жоғарыдағыдай пікір білдіретін деңгейде деуге болмас, Айгүл қазақ журналистиканың жыртығын жамап жүрмін десе, оңбай қателескен екен.
omarbirat
«Поле чудесті» жүргізетін Якубович те журналист емес. Аталған хабарлар көбінесе шоулар болғасын, оларда журналистіктен гөрі, шоумендік қабілеттер болуы керек шығар деп ойлаймын.
Бұл әртістерге «Мезгіл», «Жеті күн» сияқты бағдарламалардың тізгінін ұстатып қоймағанына шүкір, әйтеуір :)
alisha
кешегідей маңызды шараның тізгінін ұстатқан кейін олардан бәрін де күтуге болатын сияқты;)
saken
«Мезгіл» деген бағдарлама бар ма қазір осы?
Qojeke
Аузы қисық болса да әншілер сөйлесін!
monti
о боже, қайда барсаң, негатип жазып сіздерге не болды? :)
инет толған осындай постар/коменттер… :(
Nurgisa
монти, бұны реал өмірдегі жағымпаздықтан шаршап, құса болғандардың виртуалды шер тарқатуы деп ұқ :)
Abilakim
Ерік Жолжақсынов бір бағдарлама жүргізеді.Өте сауатты жүргізеді
Zilola
Иә маған сол кісі өте ұнайды, оқыған адам екені көрініп тұр. Сосын не ғо, ол кісі науқастанып қалыпты деп естідім :((
Erbol
Соңғы уақытта ТВ-ға шыққаның бәрін журналист деп қабылдау белең алды.Екі ауыз сөздің басын құрап мақала жаза алмайтын адам журналист болушы ма еді.Олар жәй жүргізуші.Анау Маиднаны ТВ-ға жолатпау керек.Сөйлеген сөзі де, ырбың-ырбың етіп өзі де бағдарламаның сүйкімін кетіреді.Көрген ел болса айтып барыңдаршы.
Zilola
Негізі осы жыртың-жыртың еткен қыздардың ішіндегі жүргізушілік қабілеті аз да болса, әйтеуір қабілеті бар Аша Матай ау, или қателестім ба?
sammita
қандай бағдарлама жүргізеді, көрмеппін.
Zilola
бұрындары Қит ТиБи-де, ал қазір Дударайда жүр ғо, продюсерлік орталықтың хатшы қызы болып (қателеспесем).
Сосын еларнаның жаңа жылдық «Асқар» приколдық бағдарламасында жүрді.
saken
21 ғасырдың көшбасшысы бағдарламасын жүргізеді.
Erkekyz
Меніңше оған ондай интелектуалдық ойындарды жүргізу тура келмейтін сияқты. Басында біраз қарным ашып жүр еді, қазір үйреніп кеттім. :)
alisha
Өмірде болған… деген
omarbirat
Ол өзі де журналист, қателеспесем.
Zilola
опшым сол қызға аз да болса рысбек айтам!!!
asaubota
бір жылдары мені Ақтөбедегі каналға таңғы бағдарламаны жүргізуге шақырды. бір рет таңғы қонақ болып барған едім, сол кездегі таңертең ерте тұру азабын ойлап, ол жұмысқа бармадым. және өзімнің дикциямды да ойладым, мені білетіндер біледі ғой қалай сөйлейтінімді :)
Abilakim
"Қайырлы таң, құрметті ақтөбеліктер! Сіздермен бірге мен Аршат Оразооооооф!"-деп тұрсаң,ә)))
Zere
Рейтинг көтеру мақсаты ғой. Экраннан көп көрінген біреуді қойса, елдің бәрі көреді деп ойлайды. Бірақ көру бір де, оның мазмұны мен форматы екінші мәселе ғой.
omarbirat
Екі тілде де сөйлейтін диктор қыз керек болса, «ТВ-Бингоны» жүргізген қыздардың бірін неге жібермеді екен деймін да. Бір спорт комментаторы бар болған соң, қалған екі адамға спорт туралы хабарлы болуы да міндетті емес сияқты еді. Болары болды енді. Біраз қызыққа да баттық :)
Zilola
Сондағыңыз әлгі Жаным сериалындағы Маржан ба? Ол деген ващще ужсс ғо.
Одан да баяғыда «милениумда» өлесі мас болып жырқылдап қоймаған Дана Нұржігітті отырғызу керек еді кәметші ғып. Хабар телеарнасының ажаптауыр сөйлей алатын қыздары мен жігіттері бар ғо осы. Неге именны Мадина?
sammita
Дана жүргізуші бола қоймас, өзіне лайық көрмейтін шығар. Айгүл Мүкей жүреді мемлекеттік шараларда көбіне жүргізуші боп, бірақ қазақшаға жоқ-ау сол… Нағимаға няғып ұсыныс жасамады екен;)))
omarbirat
Несі ужасс? Әйтеуір не айтып, не қойғанына есеп бере алатын адам шығар?
Zilola
лото трондағы шариктің санының өзін шалақазақски ғып жібереді ғо ол, одан жа баяғы Тілашардағы кейін Бингода болған қыз жақсы
Zere
Толқын қазір олигархтың әйелі ғо )
Zilola
онда Толқынның жолын берсін бізге де :)))
alisha
Фу, сол миллениум есіме түсіп кетті ғой…
Nurgisa
Мәдинә Сәдуақасываға тілектес әншілер қайғысына ортақтасып, тілеулестігін смс-пен білдіріп жатқан шығар. Меніңше, Мәдинә аздап подпольеге кетеді жарты жылдай, жұрттың бәрі ұмытсын деген оймен. Кәк раз аздап кітап оқыр, білім көкжиегін кеңейтер. Лондондағы олимпиадаға дейін әлі 3 жыл бар, нешауа, әлі-ақ адам боп кетеді.
Abilakim
Қарақат екеуінің құрбы болып жүргені ұнамайды маған… Мүмкін Қыдырәлі кхм…
sammita
Тамара, Қарақат, Мәдина үшеуі жақсы құрбылар екен. Президенттік Алтын сапа байқауының кешінде Баян Нұрмышева және осы үшеуі бірігіп ұлттық киіммен шығып ән айтты. Уақытша құрылған болуы керек, бірақ топ атын айтты, мытып қаппын.
Nurgisa
«Апашки» аттас бір прожект болса керек қой :)
omarbirat
КелінCHICKS :)
sammita
:))) Тамара да, Мәдинә да, Баян да бұрын тұрмыста болған. Қарақат қана байлы-балалы. Жұмбақ: топтың аты қалай болуы мүмкін?
saken
негізі Қарақат пен Мәдина Арғын руынанбыз дегендерін бір жерден оқып едім.
Достықтарының негізгі себебі ретінде айтыпты.

Тамара Маңғыстаулық… Баянды білмедім.
sammita
Баян да Арғын. Көкшетаулық.
Abilakim
Мәдинаның телевизиядан кететін түрі жоқ.Тікелей эфирде «Ирби» ток-шоуын жүргізіп отыр.Анау «Толағайдағы» Ромамен
Zilola
че за Рома?
Abilakim
"қазақстан" арнасынан жексенбі не сенбі күндері отбасылық-спорттық сайысты жүргізеді Роман
sammita
қазақ па ол? Меломан тобындағы Роман емес шығар?
Zere
Жоқ, ол емес. Рома жақсы жүргізуші. Денесі де, түрі де жарасқан. Молодец жігіт!
sammita
тақырыпқа тұздық болған жүргізушілер туралы пікірім. Жанболат пен Жазираны ғана көрдім жүргізу сәтінде. Томсырайып, ескі үйдің ішінде көңілсіізз отырды. Әншілігі тәуір екен, жүргізушілігі ұнамады. Қалған бағдарламаларды көрмеппін. Нұрлан Еспанға әнші ретінде де орташа баға берер ем. «Мен өте қымбат композитормын, әнімді анау-мынаулар ала бермейді» деген пікірінен соң общым жаратпай қалдым. Данагүлдің жалпы өзін ұстауы, өзіне сенімділігі ұнайды, актриса ретінде ғана көргем.
Zilola
Жанболат тым жақсы, ал анау Жазирасы сауатсыз, ақымақ, талғамсыз жынды келіншек ғо!!!
asaubota
әдемі келіншек қо
Zilola
ер азаматтарға ұнаса ұнайт шығар, но маған ол тек жаман жағымен ғана есімде қалды
Zere
Жанболат пен Жазира жүргізетін бағдарлама қызық. Бірақ екеуі роботтар сияқты )) камерадан қорқып тұра ма, әрбір сөздерін аңдып сөйлеп, очм, олармен қоса өзің напряжениеде отырасың )) Бәлкім өздері қаржыландырған соң, өздері жүргізіп жүрген шығар.
asaubota
ана Нұрлан деген шынында да өзін бірдеме көреді :)
ushkin
Айтқандай, Нұрлан ағамыз біздің жатақханаға келіп кеткен бір ретте. Жатақхананың акт залына «жастармен кездесу өткізем»деп келсе керек. Сол кездесуден бір мақтанып оңып қалғаны ғана есімде қапты…
Abilakim
«31 арнадан» болатын «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасында көкіп отырады өзін әр жерге қыстырып.
aktobe88
а, сен де бар ма едің сол кезде. екі кештің ортасында келіп… не айтып, не қойып кеткенін де білмей қалдық қой.
edige
Тек есіткеніміз «ы х ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы» деген тоқтаусыз күлкі
bazuka
Нұрлан мен Мәдинаның құлақтарына тыным болмай жатқан шығар)))
Abilakim
Соңғы күндері Алматыда құлақшұқығыш күрт қымбаттапты
Nurgisa
:)))))))) өлтірдің :)))
bazuka
айтпақшы Нұрлан деген жаңағы жүргізуші ән айтатын ба еді өмірі тыңдап көрмеппін.
sammita
"Қыздар" ма, Қыздар-ай" ма бір әнін білем.
omarbirat
Әншілерге сатып өткізе алмаған әндерін өзі орындайтын көрінеді :))
Erbol
))) өлтіресіңдер
alisha
солай шығар дәу де болса…
Nurkoke
Арман Дүйсенов кімге еліктесе де жақсы жүргізеді.Жанатбек те жүргізуші бола алады.Мәдина толқып отырмын, көзіме жас келді деп, тым эмоцияға беріліп кетті ме, осы жолғысы ұят болды.Жалпы үшеуі сөйлемейтін жерде сөйлеп, кедергі болды.Коментаторсыз қайта көру керек еді.Жанболат Жазираға жалтақтай беретін сияқты, бірақ әйеліне жалтақтамайтын ер көргем жоқ.
Abilakim
Жақсы жүргізсе де бүкіл халықтың жүрегінен жақсы орын табатын бағдарлама жасай алмайды.ана жердегі әншілері келесі бағдарламасында да жүреді.
Кезіндегі «Алтыбақан»,"Қымызханалар" қалай еді? Бертінде «Жетпіс жеті күн» жақсы болды.
Ал серйозный «Күлтөбе»,«Шынның жүзі» секілді бағдарламалар жасамауға кім кедергі? сол бір кезде бізде зиялы қауым бар еді.
ken
Күлтөбе/Шыңның жүзінде деген бағдарламалар сопылардың арнадан кетуінен кейін тоқтап қалды емес пе?
Abilakim
Сопы болса өзіне сопы маған похы-тын.Жақсы бағдарлама еді
ken
бір жолдасым солардың тұсында сол арнада заңгер болып істеген.
қызық көріп, солардың зікірлеріне қатысып жүруші еді)))
Abilakim
Иә, ептеп топтасқантын сол арнаға.Санжар Керімбай дегендейлер…
ken
меніңше, соларды бекер қуып тастады.
Abilakim
Мүмкін белгілі бір дәрежеде зияндары болған шығар телевизия саласындағыларға.Бірақ қатты бір уағыз айтып бағыт көрсеткендерін байқай алмаппын. Санжар арасында Яссауидің хикметтерінен мысал келтіретін. йАлтын сақай ма еді ойыны бар еді ғой
Zilola
Құдай-оу әлгі Назира Бердалыны ұмытып кетіппіз-ау, «алтын қақпа» деген ойын/бағдарламасы бар ед :))
nurjanbay
студент кезімде алтын қақпаға бір рет көрермен болып қатысқаным бар. қу тақтайдың үстінде екі сағат отырдым. телевидениеге түсу кариерамды осымен аяқтағам *54
sammita
арнайы апарды ма? Жалпы көрермен ретінде көбіне студенттерді жинап апаратын еді.
nurjanbay
арнайы емес. жолдас жігіттер «алтын қақпаға» көрермен болуға барасың ба деген соң бірге еріп барып едім :)
nurjanbay
көгілдір экраннан қалтарыс қалатын нәрселерді көрдім :) режиссер ма білмейм бір әйел жоғарыдан микрафонмен айқайлап отырды. әй бүйт, әй сүйт. әй ана жарық түсіретінде ұйықтап қалдыңдар ма деген сияқты :)
Abilakim
Сол «алтын қақпаға» неше түрлі сөздерді жасырушы еді.Қай облыстың қазақтар қолданатынын бір Алла білер…
Erkekyz
неге екенін білмеймін, бірақ сол Назира Бердалыны ұнатпаймын. Өзін өте жасанды ұстайды. імхо әрине :)
aktobe88
мен сияқты ойлайтындар да бар екен-ау ол туралы, басқаларға осыны айтсам сенбейді ғо, ноп-нормальный-ақ қо, осы сенің көзіңе солай көріне беред екен деп.
edige
:-)
Түнде ұлым тұрып теледидарды қосып қойыпты.«Жұлдызбен жүздесу. Күлкісі түсіме араласып Шешесс. але күнге есімде...
деп жазганым бар еді алдын
blackbeard
Тамадаларым аман болсын! Аталған нәрселердің барлығы да бойларынан табылады. Барлығынан емес әрине:)
Makhabbat
«Таңшолпан» багдарламасының жургізуші кыздары да жаман емес сиякты…
Erkekyz
Қазір жүргізе ме, жүргізбей ме бімеймін, бірақ маған Мая ұнайтын.
Abilakim
"Қазақшаңыз қалай" атты бағдарлама болатын Сол бағдарламаны Юлия атты (ұмытпасам) қолаң шашты ару жүргізетін.көк көзінен иман шашырап тұратын сондай жақсы қыз еді
edige
Сол Еспановтың күлкісі ұнамайды. Жалған күліп Қайраткер болу оңай ма я бірақ.
Түнде ұлым тұрып теледидарды қосып қойыпты. Күлкісі түсіме араласып Шешесс. але күнге есімде
sammita
земаң (Құдааай, қос нүктелі еее қайда еД).
edige
Өнер шегі шегарамен есептелмейді ғо… Туралығын айтқанда жерлес, туыс болмайды
bagaline
Баян Есентаева из май чойс!
aza
Баянды суқаным сүймейді!
aza
Мен телеарнада жұмыс жасадым, 2 жылдан астам уақыт… Мен түсінер ем оларды, тікелей эфир боп, қопырап отырса, алайда шоудың бәрі жазлып алынады ғой. Жазира мен Жанболаттікі менің эфирге ең бірінші шыққан күндерімнің көрінісі (Жазөк оның үстіне р ға тілі келмейтін қыз ғой); Нұрлан Еспанов біздің пікірмен санаспайды))) Ол тіпті өз мүмкіндіктерімен санасуды қойған! Мәдина телеарналық шоу түгілі концертті қатырмайды, 2000 мың АҚШ долларын далаға шашқанбыз, әнеугүн Тәуелсіздік күні. Жылы пікірді Жанатбекке, Азаматқа білдірер ем… Жанатбек актерлыққа, Азамат эмоцияға бай жігіт. Арман емес, Азамат «пельшшылайтын» қой, жігіт! Жақсы қыздардан Мая Веронская есімде, Каспионетте Игорь Сахарь деген жігіт бар, қарап көріңіздерші, ұлты орыс, жақсы жігіт, әйбат жүргізуші секілді, ал қасындағы қызының мәжі жоқ…
edige
Жанболат пен Жазираны барахолкада сауда жасайтын кезден танимын. Казір мен танимын, олар мені танымайды. Квартирада 15 адам туыстарымызбен жасаймыз дейтін. Ол кезде жулдыз емес-тін.
Abilakim
/Квартирада 15 адам туыстарымызбен жасаймыз/

Бұны қалай дейді ғылыми тілде?
edige
Жәй оймен айтылған. Тереңіне түспей ойлау керек
TERISKEI
онбесология дейтін шығар?..
edige
:) Ой күлдім ай
aktobe88
Сол Игорь Сахарь Ақтөбеден, Ойылдан емес па осы?
asaubota
ол жігітті көріп жүрміз ғой ТВден, бірақ қай жақтан екенін білмеймін. Ал Оксана Лоскутова Ойылдан.
aza
Өзіміздің елдің орысы))) Ақтауға 160 км жерде Шетпе деген аудан орталығы бар, соның тумасы. Обл арнада кемді күн жұмыстас болдық, қазақшаға жүйрік тін, ит))) Орыстармен керісе қалсам, тілі жетпей қалады, сосын анаңңңңға сүйеніп қазақша жалғастырам деп шәй ішівотатын едік. Қазақтілді орыс жігіттердің ішіндегі тілі жатығы Мая екеуі, жақсы жүргізеді және…
aktobe88
сол, Оксанаға қарап айтқаным ғо. Ойылдың орыстары қазақша жынды сөйлейді деседі ғо.
Abilakim
Осы тізімге Жеңіс Сейдоллаұлын қоссам қарсы емес шығарсыздар? Жалпы сол жігіттің ең удашный екі әні болса бірі «Ең әдемі әнім», екіншісі " Сен өзің түрлі екенсің" бе еді сол…
sammita
Жеңістің Алматы туралы әні ғана ұнайтын. Даусында өзгеше иірім бар общым.
edige
Жеңіс мейлі «Асыл армам, еркелеші мәңгі...» деп әле жүр. Сейфулин Жолбарыстың анін білмейді көп адам. Бірдей ғой ощым
Zere
Мен сенімен келіспеймін. Негізі ол шығармашылығында арзанқол әуендер жазбай, жақсы туындылар алып келген. Репертуарымен дұрыстап таныссаң, көзің жетеді.
Zere
«Сен өзің түрлі екенсің» дегеннің мағынасын алып қарасаң да, жақсы ойнақы әуен, сонымен қатар сөздері де әзілді. Мұндай туынды шығару әрбір композитордың қолынан келе бермейді.
Gastarbaiter
Зайырлы өсегінссс.