Федерация "қызық" болады дейді
Қазақстан Футбол Федерациясы биылғы чемпионатқа өзгеріс енгізіп жатыр. Сол бұрынғыдай 12 команда жарысады, алғашқы этаптан кейін алғашқы 6 орынға іліккендер медальдарға таласады. Сол былтырғыдай. Тек бір өзгеріс еніпті. Бірінші этаптан кейін жиналған ұпайлар екіге бөлінеді екен. 2-ші этапқа солай жалғастырады. Мысалы бір команда 34 ұпай жинаса, 2-ші этапты 17 ұпаймен бастайды. Ал егер ұпай саны тақ болса, мысалы 33 болса, 2-ге бөлген кезде 16,5 болады. Бірақ сол жарымды бүтін қылып есептейді, яғни 17 ұпай болады.
Осылайша 2-ші этаптағы жарыс қызық, интрига толы болады дейді федерациядағылар. Өткен жылғы нәтижелермен есептеп қарайтын болсақ: былтыр алғашқы этапты Ақтөбе Тобылдан 12 ұпай кем бітірді. Ал 2-ші этаптың қортындысы бойынша 1 ұпай қалып қойды. Яғни осы биылғы есеппен болғанда Ақтөбе чемпион болар еді.
Мұндай өзгеріс кімдерге тиімді? Биыл құрамдарын жаңадан жасақтап жатқан Тобыл, Локомотив сияқты командаларға өте тиімді болады. Өйткені жаңа құраммен ойындары бір қалыпқа келгенге шейін біраз уақыт керек болады. Нәтижесінде біраз айқай-шу, тартыс болады әлі.
Мұндай тәжірибе басқа елдерде бар ма? Бар екен. Израиль чемпионаты осылай өтеді екен. Бізге қалай келді? Федерация басшыларының бірі Гурманның ұлты қандай екені бәріне белгілі шығар. Израильде де мұндай есеп біраз сынға ұшыраған. Өткен жылы ең көп ұпай жинаған Маккаби Хайфа чемпион бола алмай «есептің» құрбаны болып кеткен. Яғни мұндай өзгеріс бізге де осындай сындарымен, олқылықтарымен, "құрбандарымен", скандалдарымен келеді деген сөз…
6 пікір