Эх, Хрусталева, Хрусталева...
Баста! деді. Бастап жіберді. Құрлықтың биатлон бәсіне тоғыз-ақ үміткер келіпті. Хрусталеваны күнібұрын коронациядан өткізгендер аузына құм құймаса да, өз экзекуциясын қалай өткізетіндері өз ұятында қалсын.
Елена қыз нысана көздеуде дес бермесе де, шаңғы тебісте әдеттегі баяулығы Қазақстанды биатлондағы алтыннан мақрұм қалдырды. Он секундтай алдын ораған қытай қызының бағы жанды. Қоланы қанжылаған Лебедева бір қиыс атыспен қырық бес секундтай қапыда қалды.
Хрусталеваның дәуірі осымен финита ля-комедия болатын шығар. Солғын. Азияда Азиада өтсе, биатлоншы қыз алдына жан салмасына сенгіміз келіп еді. Екінші орын Ванкувердегі ұлы мақтаныш болса, құрлықтағы бәсекеде бұны тек фиаско деп қана атауға болады.
Тыр жалаңаш суретке түсудегі құлшыныс бүгін болсайшы…
Әлде бұл бәсте ондай қомақты ынталандыру болмағасын барын салмады ма екен? Неғайбыл… Бірақ, бір жағынан, оллаһи-білләхи көш бастауы догма емес те шығар. Қытайлардың қашанда құпия зеңбіректері ойсыратып жатушы еді. Бұл жолғысы да солай болды. Жыла, Елена, жыла…
Бір қырсығы, кешегі фиаскосынан кейін Мәдинә қыздың кемінде жүргізушілік репутациясына аздап нұқсан келетін сияқты. Жалпы, әншісің бе, сол әншілігіңді алып жүру шарт шығар. Дегенмен, шабашкіден кім бас тартсын…
Тыр жалаңаш суретке түсе ма түспей ма білгенін жасасын