Барселона Реалдың рекордын қайталады



Испания Ла Лигасының соңғы турында Эркулесті 3-0 жеңген Барселона қатарынан 15 ойынын ұтып, Реал Мадридтің 50 жыл бұрынғы рекордын қайталады. Атақты Ди Стефано ойнаған 1960-1961 маусымынан бері келе жатқан еді бұл рекордтық серия. Алдағы турда Барса Мадридтің Атлетикосымен ойнайды. Егер осы матчты да жеңсе серия 16 матчқа созылады және бұл жаңа рекорд және қайталануы қиын рекорд болады.
Бөлісу:

5 пікір

Nurgisa
Мессидей үдеткіші бар команда қатарынан жиырма жеңіске дейін ұласа алады деп сенем. Қазіргі құрамы кәнігі толыққанды құрам. Орта шебі жойқын. Есесіне, Роналду голеадор болса да, командалық есепте биыл бірінші орынға табан тірей алмайтындықтары кешегі жеңілістен кейін айқын болған сияқты.
aktobe88
Бірақ осы соңғы ойындағы қарқыны ұнамады маған Барсаның. Үш голды әрең соқты ғо. Әсіресе Месси, орашолақ ойнап, қайта-қайта аяңындағы доптан айырылып қала берді. Тек соңғы минуттарда ғана ширап, қатарынан екі гол(87 және 89)соқты. Вильядан гол күткен ем, болмады.
Әй, дегенмен, жарады өздері. Реал анау, болмайтын командадан жеңіліп жатқанда.
asaubota
таза қыз логикасы :) (ренжіп қалма)

кезінде жаман ойынмен жақсы нәтиже көрсеткен кезде итальян журналистерге Фатих Терим: ризультато импортанто деп еді. түріктерде бір сөз бар: 1-0 болсын, біздікі болсын деген. әдемі футболды жігіттер пикникте, пляжда, аулада ойнайды ұнайтын қыздары қарап тұрған кезде. ал былай футболда маңыздысы нәтиже әрине.
Nurgisa
Жақсы ойнайды, демек нәтиже де тиісінше жақсы болуы тиіс! Белиссимо ойнағанто импортанто! :)))
aktobe88
Ия, Нұрғиса аға дұрыс айтады. Жаман ойнаса нәтиже қайдан жақсы болсын.