Реттілік заңы

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші. Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы.Мектеп жасында мен Абайды оқымаппын.Әйтеуір ұлы адам екенін білетінмін. Өзім оқымасамда басқаларға насихаттайтыным тағы бар еді)) Абаймен студенттік кезімде дос бола бастадым. Сөйтсем Абай өте терең дүние екен. Өзіде айтады ғой «мен бір жұмбақ адаммын, оныда ойла» деп!

Енді жоғарыдағы өлеңге келер болсақ. Былай қарасаң өте тусінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдап жазған. Мүмкін дәл осылай қабылдау керек шығар?.. Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалға:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ…

Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді)) Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтануданда құр қалмайды! Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырыр адам баласын» Тағы да Абай!!! Жұмыссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой…

Таудай талапсыз армандарға жету екі талай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жәй еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек! Осы үшеуі болған жерде, нәтижесіде болары сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат қылып, және басқа адамдарға көмек беріп, рақым ойлап қоюды ұмытпау керек екен. Әрине, бүл тек менің өз ойым ғана… бірақ қызық сияқты!
Бөлісу:

5 пікір

Bekjan
Жақсы жазылған..:) Өте орынды талдау… Абайдың өлең жолдарында қырық түрлі мағына бар біле білгенге…

Мені бір өлеңінде кезіккен мына бір жолы, көп нәрсеге көзім ашқын…

«Жоқ тумақ, жас қартаймақ, туған өлмек», бір шетінен қарапайым сөздер, бір шетінен бір адамның бір өмір жолын осы бір жолғы сыйдырып жіберген… Иә, расында барлыңғымыз, «жоқ» едік, дүниеге келдік, жас едік қартайдық, туған да өлмек, ендеше бұны ешқашан естен шығармау керек… Ешкім құиылмайды…
ushkin
Талдауыңыз ерекше екен! Мен Абайды мектепте оқып жүргенде түсінбеуші ем.Былай қарасаң, өзгелерден түк те айырмашылығы жоқ сияқты көрінген.Тіпті, кейбір ұйқастарына өзімше мін тағатынмын… Есейе келе, Абайды ұға бастадым. Мүлде терең әлем екен…
asaubota
Бәрі осы өсектен басталады.

сен туралы біреу өсек айтса жақсы екен. о дүниеде сенің күнәларыңды сол өсек айтқан кісі алады екен.
KILYZAMAN
Иә, жолды оқыма, сол жолдардың арасындағы ойды оқы, деген тұжырымға жақсы дәлел келтіріліпті...
satibaldi
Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар.
Бар: Болат Әбілов