Бұл тек қана бастамасы - surak-zhauap.kz !

Қазақ тілінде халыққа пайдасы тисін деген мақсатпен құрылған сайттардың бірі — szh.kz. Уақыт өте келе сіз білмеген талай сұрақтарға жауап алатын, қазақ тілді контентке бай үлкен сайт болады деген үміттеміз. Сайт 10.10.2010ж ашылды. Осы уақытқа дейін біз неге қол жеткіздік: Қысқаша жазып шығайын! Осы уақытқа дейін 1228-сұрақ, 3315-жауап, 1302-пікір алынған екен. Тіркелген қолданушылардың саны 360-қа жетіпті. Осымен тоқтап қалады деген сөз емес, бастамасы ғана. Жақында орысша нұсқасын қостық. Әзірге ол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, кіріп көремін деген қолданушылар немесе орыс достары болса мекені http://szh.kz/rus/. Қосымша сайтқа тез кіру үшін szh.kz мекені де жұмыс істеп тұр. Уақытша қаржаттың жоқтығына байланысты, сайт келбетін қолдан келгенше өзіміз өзгертіп жатырмыз. Болашақта сайт дизайны істелсе де, қазіргі ақ-қара түсті келбеті өзгермейді деп отырмыз. Қазіргі уақытта Termin.kz сайтының мүмкіншілігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмын.
Бөлісу:

19 пікір

sozak
Казнетте Бір жерді жарып шығатыныңызға сенімдімін.
alisha
Мен де оған шүбә келтірмеймін!
Malimetter
Күш-қуатыңыз сарқылмасын! Отырып алып аузымен Интернетті дамытып жібергіштердің фантазияларының жанында Сұрақ-жауап жобасының іс жүзінде орындалуы әрекеттің жемісі. Басқа мыңдаған «белсенділерге» үлгі болсын! Ары қарай дами берсін!
ardakkatarbayev
Жарайсың Ербол! Уақыт сенің қалағаныңды көрсетсін.
Қазақ тілді тұтынушылар сенімен бірге көбейсін. АЛҒА!)))))))
timurrr
Жарайсың, бауырым! Жігерің мұалып, тауың шағылмасын!
Qojeke
Айтуға тұрарлық сайт. Жасап болып айтқаның дұрыс болды. А то, бос мақтану болып қалар ме еді tor.kz, beu.kz сайттары сияқты.
Gastarbaiter
Айтпақшы, Beu.Kz- тің админін жұмыстан шығарып жібердім сол үшін))))))
Ал контент-мастеріне қатаң сөгіс жарияладым.
Onlasyn
и доменді өткізіп жібердім деп қойсай ))
Adiletshu
жақсы сайт. Соны қайта қолға алса болмай ма
Gastarbaiter
Қызығушылық жоқ қазір, уақыт та жоқ, қуаныш әкелмейтін жобаны через нехочу сүйрей алмаймын.
Мүмкін қайта қызығушылық оянар. Сол кезде жалғастыра салам, көреміз енді.
blackbeard
Мен білетін Ербол Серікбай — қазақ интернетінің тасын өрге домалатып жүрген жас және қайталанбас тұлғалардың бірі. Жасаған әрбір проекттері тек қана мақтауға тұрарлық. Болашақта тек қана Шымқаланың ғана емес, Бүкіл Қазақ деген елдің кім екенін әлемге танытатын жігіттердің бірі деп ойлаймын. Футбол ойнай алмасақ та АТ жағынан осал емес екенімізді көрсет Ереке! Тілеулесің боламыз)))
yerbol89
Аха Құдай қаласа. Тек қаға алға ))) Сәл жалқаулығым бар, содан арылсақ дұрыс болар еді ))))
alisha
«Сұрақ — жауапта» күні бойы отыратын күндерім болған-ды… Белсенділігімді ескеріп Модератор мәртебесін де беріп қойдың. Енді міне, Дабайдан қол тимей жатқаны… кеде тіпті негізгі жұмыстарымды былай ысырып қоятын кезім болады. Сұрақ-Жауап деген жазуды көрсем ұялам, сенімді ақтамағаннан жаман нәрсе жоқ еді мен үшін.
yerbol89
Ұялатын ештенкесі жоқ. Дабайда жүргеніңіз, бірге жүргеніміз ғой. Дабай да менің екінші үйім секілді. )))
konvict
Ербол Серікбай деген мына жігіт пе?
Gastarbaiter
Сұрақ -жауап "ә" деп ашылғанынан бақылап жүрмін.
Жақсы жақтары:
-Интерфейс ұнады
— Функционалкасы жақсы
— Жылдамдығы (қазір таңсық емес шығар бірақ)
— Администрацияның үнемі қолданушысымен байланыс сақтауға тырысуы.
— Тірілігі.

Жетілдіруге болатын жақтары:
— Пиар акциялар жүргізу (мүмкіндігіңе байланысты енді).
— "ҚазНет-те сапалы контентпен толықтырылған, орыс тілді сайттарға бәсекеге тұра алатын сапалы, пайдалы сайт ету. " — Мақсатты нақтырақ қою. Қалай, қашан және қандай критерийлерге сүйеніп «міне, бәсекеге тұра алады, пайдалы» екенін білесіздер? Соны анықтап жылдың соңына дейін, пәленбай «бірегей айпилы» қолданушы жинау деген сияқты көзбен көріп, қолмен өлшеуге келетін мақсат қоюға болады.

Жалпы өміршең жоба. Энтузиазм сарқылмаса ұзаққа шабасыздар.
JAKO
Қазір «СЖ» мүлдем өзгеріп кетті ғой.