Өзбектер "Кенгуруға" қарсы



Бүгін Катарда өтіп жатқан Азия Чемпионатының жартылай финал ойындары болады. Өзбекстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға шықты, финалға шығуға 1 адым қалып тұр. Бүгінгі қарсыластары Австралия құрамасы. Тәжірибелі «Кенгуруларды» ұту оңай болмасы анық. Қызық ойын болады. Астана уақытымен 22-25те Еуроспорт-2 арнасынан қараңыздар.
Бөлісу:

15 пікір

Abilakim
Қараймыз, бірақ менде «еуроспорт 1 ме ,2 ме?» қайсы екенін білмейм біреуі бар әйтеуір
Nurgisa
Өзбектер қазір футболдарын мықтап алды. Меніңше, көзбояушылық емес, нағыз мықтауға ден қоюдан. Кәріс, жапондармен теңесуге шақ та қалды-ау. Ойынын көрмесем де, нәтижелері қомақты.
Abilakim
Біздікілар осы Азияда-ақ допты тебе керуі керек пе еді?!
Nurgisa
Азиядағы ортанқолдардан жеңіліс, қарабет болғанша, еуропалықша фиаскоға ұшырауды жөн көрдік емес пе. Арно Пайперстердің сарабдал саясатының арқасында қазір әлемдік рейтингте он төртінші ондықтамыз. Ал күл, ал жыла.
blackbeard
Баяғы дәуірлеген ПАХТАКОРДЫҢ ізбасарлары футболшы болмай кім болсын?! Жарайсыңдар өзбек ағайындар!
blackbeard
Ұтылып қалды ғой! Өкінішті-ақ
TERISKEI
blackbeard, olar kimnen utilip kaldi? Bugin keshke boladi demedi me?
blackbeard
Olar australiadan utylyp kaldy dep jazylgan goi inette! 24 kuni 11:30da bolypty!
blackbeard
Olar australiadan utylyp kaldy dep jazylgan goi inette! 24 kuni 11:30da bolypty! 0:1
Nurgisa
Мына жазба кеше жазылған ғой демек әдмин тарапынан. Қалай байқамай қалғанбыз.
asaubota
jazgan jurnalistin ulty kazakh pa edi? 1-taim bitti. azirshe 0-2
chimaq
Australia 6:0 uzbekistan!!! :):)
Nurgisa
Ұяттан өөөөөл, ұяттан өөллл,
Австралия Өзбекістан, алты нөл!
asaubota
Қарасақал қай сайттан оқығанын білмеймін, бірақ мен кеше жазған ойын кеше болды.
Өзбектерді мазақ қылатын ештеңе жоқ. Өз мүмкіндіктерімен ойнады, турнирдің фавориттері ретінде Жапония мен Австралия аталды басында, екеуі де финалға шықты. Басқаларға қарағанда осы екі ел Азияда өте жылдам футбол ойнайды, өзбектер кеше ілесе алмады мысалы. Тактика жағынан да ұтылды. Жартылай финал өте жақсы нәтиже. Бірнеше ойыншылары өздерін жақсы көрсетті, осы жылы жақсы командаларға өтетін шығар. Кешегі ойында Ахметов деген қорғаушы ұнады, сауатты ойнайды екен.

Nurgisa
Біріншісін жартысын қарап боп, жатып қап ем. Иә, өзбектер үшін Азия төрттігінде болу да жаман жетістік болмаса керек. Өздері бұнысын не санарын кім білсін, бірақ. Әйтпесе бұрында тұрақты түрдегі Азия квартетін аңсаушы ма еді. БАӘ бар, Сауд Арабиясы бар… Солардан айла асыруы жақсы көрсеткіш сияқты. Азияда өзбектер қатарлы біз мұндай жетістікке жете алмас ек. Еуропадағы оңбай ұтылыстарымыз не рух берсін… Оны ел футболының жаңа сатыға шығуы деп бергілері келетінін қайтерсің…