Сиску дай!

Балаларының бірі үйленіп Жантөре ағамызда той қамына кіріспей ме. Ауданға бара жатқан соң қыздарының бірі “сосиска” алып келе салуды өтінсе керек. Аудандағы шаруаларын бітірген Жәкең бір магазинге кіріп сатушы орыс қатыннан “Сиску дай” деп сұрап, магазиннен әзер қашып шығыпты деген аңыздар әлі күнге ауылда айтылып жүр.
Бөлісу:

18 пікір

alisha
«У тебя есть сиски?» деп сұрағанда ваще көкесін танытатын еді))
Delhi
Павлодардың бір баласы Ақтөбеге келіпті, содан қарны ашып магазинге барып окорачка жегісі келеді, сатушы орыс апа тұр екен. қалай сұрарын білмей жан жағына қарап жұмыртқаны көреді. Содан сатушыға «где мама» депті жұмыртқаны көрсете салып :))
alisha
Бір кірпияз жігіт дүкенге келіп, алма сұрапты. «Апай, мынау алмаңыздан 1 келі беріңізші және әрқайсысын әдемілеп жылтырақ қағазға орап берсеңіз»,- дейді. Дүкенші айтқанындай етіп орап береді. Картоп алады, сәбіз, пияз… бәрін осылай оратып алады. Ең соңында мейіз алмақ боп: «Апай, мынадан 3 келі өлшеңіз» десе, дүкенші: «А, жо-жоқ, мейіз сатылмайды» ,- деп шошып кетіпті деседі… Аздап не в тему… аздап в тему…
Delhi
ува ха ха. Алиша жақсылап күліп алдым )) Мейізді ораса не болғаны…
alisha
әншейінде ақша десе жанын беретін алыпсатардың да «отказ» беретін күні боп тұр ғой)))
ken
Делфи, қала атауларының орнын ауыстырып жіберген жоқсың ба?)
Delhi
қайтем енді )) мүмкін. Бірақ мойныма алғым келмейд.
Abilakim
Бұл Жәкең өзі Қожанасырлау адам. Үйіміздің арасында үй жоқ. ағайындығы тағы бар. Асау атты үйретуге жаны құмар кісітін жасында. Жұрт асауларын бастықтыруға осы кісіге беретін.
alisha
Қайтсін енді, тілінің жеткені де.Бұрындары біздің ауылдың бір кісі қалаға келген екен қыдырып, көшеде кетіп бара жатса, орыс әйел тоқтатып, сағат сұрапты. Әлгі ойланып-ойланып, орысшаға тілі жетпеген соң: «Сагат бузук был» деп құтылыпты)))
alisha
Тағы бірі есіме түсіп кетті ғой. Өткен жолы мен тойға баратын Сағыз деген жерде тұратын бір апамыз пойыз келетін уақытта ыстық тамақтарын алып шығып, жол бойына шығады екен. Содан ыстық сорпа пісіріп әкеледі де, бір жолаушы сатып алып, оны басқа ыдысқа қотарып, ыдысын бостаып терезеден бермек болады. Сөйтіп тұрғанда пойыз қозғала бастайды. Әлгі жолаушы орыс екен. Апамыздың: «Котолек-котолек, иди сюда!» деп пойыздың артынан жүгіріп бара жатқанын көріп ел-жұрт қыран-топан бопты.
alisha
Тағы бір мысал котолектен туып кетіп жатыр. Біздің сыныпта сауаты мәз емес бір қыз оқыды. Анасы поштада жасайтын. Бір күні сабақта әлгі қыз сөмкесін қойнына қысып ап, тастамайды. Себебін сұрасақ: "ішінде котелок бар",-дейді. Кішкене сөмкеге котелокты қалай сыйғызды екен деп біз аң-таң. Көрсетпейді сұрасақ. Кейін білдік, сөмкесіндегі нәрсесі котелок емес, КАТАЛОГ екен)))
Abilakim
уахахахха
alisha
шын күліп жатсың ба, әлде ұялғаннан ба)))
salamat
шетелдің тілін «орыс» тілін меңгермегендерге күлмеңдер! жазғырмаңдар!
олар өз елінде өз жерінде АНА тілінде сөйлемегенде қай жерде сөйлейді?
Қазак елінде казақ тілін үйренуге мәжбүрлейтін кез жетті!
басқа тілдерді мемлекет қаржыландырғаны дұрыс емес
мемлекеттік тілден басқасын меңгеру жеке адамның ісі
MickThatsMyNick
Ал біреу жай «кухня» деген сөзге тілі келмей, хуйняні әктедіңдер ме депті ғо