Азиада: трамплин, мұз айдыны және стадион

Өткен жұмада GSM Қазақстан (Kcell, Activ тауар белгілері) компаниясының ұйымдастыруымен, бір топ журналистер және блогшылар Азиада өтетін Алматыдағы спорт кешендеріне барып, көріп, көргенін ойға түйіп қайттық. Пресс-турдың мақсаты — сол жерлерді қамтыған 3G-дің жай-күйін, дайындығын білу, байқау болды.

Ұйымдастырушыларға рахмет, мобилді интернет, 2 G, EDGE, 3 G секілді бұрын маған "қытай жазуы" болып көрінетін терминдерді танып қалдым. Ұялы телефондардың бір-бірімен қалай байланысатынын техникалық тұрғыдан түсіндіріп берген Kcell инженеріне алғыс.

Алдымен Айжан айтпақшы, Әл-Фараби-Шашкинде орналасқан трамплинге бардық. А, иә, айтпақшы, саяхатта блогшылардан мен, Айжан, Қалдықыз, Мақпал болды. Cосын ювижндіктер жүрді.

Трамплиннің өзіне қарап, қызықтасақ, кешеннің айналасындағы қаңқасы ғана бар, бітпеген ғимараттарды көріп "қиналып" кеттік. Қалдықыз инженерлігіне басып, "Қонақтар келген кезде, аyа бітпей қалған құрылысты тенд пе, бірдеңемен жауып қоятын шығар" деп болжам жасап жатты.

Мынау трамплинннің стадионы.



Ортада тұрған ақсақал трамплин жайлы, жалпы осы трамплиннен секіру бойынша рекордтар жайлы көп әңгіме айтып берді.



Ол кісінің айтуы бойынша, спортшы секірген кезде міндетті түрде тегіс жерге емес, көлбеу беткейге түсуі керек екен. Әйтпеген жағдайда, сүйектерін сындырып алады. Сондықтан, спортшының мықтылығына, деңгейіне байланысты трамплинның сырғанап келіп, қалықтай кететін көлбеуін арнайы құрылғылардың арқасында төмендетіп, жоғарылатуға болады.



Сосын Медеуге бардық.



Бір қарасам, Қалдықыз өзінің конькиді қалай жынды тебетінін айтып, мақтанып тұр екен.



Мына ережені жаман бұзғым келіп кетті.



Бұдан кейін, Алматы облысы, Талғар ауданындағы Солдат шатқалына бардық. Биатлон, шаңғы және шаңғымен бағдарлаудан жарыстар өтетін кешеннің шатырында тұрып, Азиаданың байланыспен қаншалықты қамтамасыз етілгені жайында техникалық «лекция» тыңдадық. Кэйселл инженері бір нысанда орналасқан құрал-жабдықтың бір мезетте 10 000 мыңға адамға дейін қиналмай қызмет көрсете алатынын айтты.

Сосын қайттық. Түскі аста Қалдықыз 90-жылдары болған, өзі көзімен көрген қиындықтар жайлы бізге әңгімелеп берді…
Бөлісу:

35 пікір

asaubota
саған қытай жазуы неге "қытай жазуы" сияқты болып көрінеді?

90-жылдары болған

мдааа… бір 40-50ші жылдар дегендей естіледі екен :))
qisyq
муахаха)))))
«китайская грамота» деген бе тұрақты сөз тіркесі бар еді ғой, түсінбеген дүниеге байланысты. Соны айтқаным ғой. А так, парадокс:)

40-50 жылдар болмаса да, болғандай әңгімеледі ғой Ханымым...:)
Zilola
alisha
мен сізді басқаша елестетіппін))) К
alisha
Мына құрып кеткір К қайдан ғана ілігіп кеткенін білмеймін… Басқаша ойлап қалмаңдар!
Zilola
қайдан қылып?
alisha
Біртүрлі сіздің жазбаларыңызды оқып отырып, көз алдыма қысық көзді ұзын қыз келетін))) Қызық!
Zilola
:))) Көз деген баршылық, ал бойға келсем, менің бойыммен любой жерге сыйып кетуге болады, миниатюрная-компактнаямын :)
alisha
Бәріміз де...Үшінші сыныпта түскен суретіме қарасам, қыздардан ең ұзыны мен екем. Қазір сол кезде саптың соңында тұрғандар менен екі есе биік)) Не айтып кеттік? Сүйкімді көрінесіз!!!
Zilola
рахмет, жігіт болғаныңызда сынып отрм деп жазар ем :)))
alisha
Осындай сөздерді керемет бір жігіттің аузынан естіртуге Әулие Валентиннің аруағы тілеулес болсын)))
qisyq
Қалдықыз, мен сүйтіп айтайыншы.
AKY
Қалдықыздың қалының суреті бар менде)))
alisha
қай жерде?
AKY
Әлде ілейін бе ;)
qisyq
Ілсеңізші… Мен бір өлең шығарып қояйын:)
AKY
Интригаааа, хе-хе)) Рұқсатсыз болмайды)))
Zilola
ілмеееееееееееееееееееееееее
qisyq
К деген намек шығар бірдеңеге…
alisha
Жоға, саяси сенімсіз саусақтарым ғой…
qisyq
Сәйкестік пе, әлде тағдыр К деп әлденеге ым жасап тұр ма?
qisyq
Ілемін деп айттым ғой:)
Zere
Мына трамплиннен секіру үшін қандай «отчаянный» адам болу керек? )
Altygradus
есесіне адреналин:))
кім биатлон қарауға барады ааа???
Егер баратындар болса мен ертерек 4 күні келемін:)))
Zilola
мен барат шығарм, ең темасы сол сияқты
Altygradus
ооо егер барам десен, онда бидетті ертерек күнгі 4-не алам Инш.
токо давай точно:))) ато кеп ап облом болмайын:) Үйдегілерден ешкім қызықпайт та пыросто:(
Zilola
менің үймнің қасында орналасқан соң барам деп отрм :)))
Бірәқ 5 или 6-на, әйтпесе жұмыстан сұрана алмаймын
Altygradus
өзі де сол:))) мен келсем 4 келем Инш
Altygradus
айтақщы трамплин биіктіктері қандай? 90 мен 120 болушы еді ғой әдетте:)