Алып қашып кете жаздаған
«Айқын» газетінің 30 желтоқсанында шыққан нөміріндегі бір қызық оқиғаны көзім шалды. Авторы Айжан деген бір қыз екен. (мүмкін жай ғана ник шығар)
Сонымен былай делінген:
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, сағат 12-ге дейін үйде келер жылды қарсы алып, одан кейін достарыммен кездесуге шыққанмын. Жоспар бойынша, барлығымыз Медеуге барамыз деп шештік. Содан елдің бәрі жиналсын деп күтіп тұрған кезімізде, сөз салып жүрген жігітім телефон шалды.
"Қазір кездесейік, саған бір сыйлығым бар" деді. Сыйлық алғанды кім жек көрсін, достарымның барлығын тағы да бір сағат тостырып қойдым. Бір кезде қасында екі досы бар, жігітім келді. Далада өте суық болғандықтан, оның көлігіне отырдым. Сол кезде досы рульге отырып, машинаны айдап барады.
"Қайда бара жатырсыңдар?" деген сұрағыма «жәй әншейін, қыдырып» деп жауап берді. Ойымда ештеңе жоқ. Алаңсыз отыра бердім. Бір кез маған уәде еткен сыйлығы есіме түсіп:
— Жаңажылдық сыйлықтарың қайда?-десем, досы:
— Сені алып қашып барамыз, осы-біздің сыйлығымыз,-деп қарап отыр…
Қорыққаннан жүрегім аузыма тығылып, жалма-жан ұялы телефоныма жармасып едім, қасымда отырған екінші досы оны қолымнан жұлып алды. Содан «истерика» басталды дейсің… ауыздан түрлі «мәдениетті» сөздер де, көзден жас та кетіп жатыр. Аулалардың арасымен келе жатқанымызда, Құдай оңдап, алдымыздан ортақ таныстарымыз шыға келді. «Алып қашушы» жігіттің біреуі «жаңа жыл ғой, құттықтап келейін» деп есікті ашқанында, көліктен зып беріп шықтым да, алды-артыма қарамай зытып кеттім… Содан кейін әлгі «жігітімді» көрген емеспін. (еш өзгертусіз беріліп отыр)
Кейбіреулер шырқыратып жап-жақсы болып жүріп жүрген жігіттің қызын алып қашып кетеді. Онымен қоймай қыз көнсін деп, арсыз, ұятсыз, сондай бір сасық (“гнусный”) іс-әрекеттерге баратындары-да бар. Оны және алып қашқан неменің жеңгелері қолдап, түртпектеп отырады дейді. Ал қыздың күйеуге шығамын деп, сүйіп жүрген жігіті не болды? Абыройын айрандай төгіп, амалсыз іштей қан жылап қалған қыз не болды? Қолға салып, әлпештеп, қолдан ұзатамыз деп отырған қыздың әке-шешесі не болды?
Бәріне бірдей топырақ шашпаймын, егер бәрі екі жақтың келісімімен болса, онда ол қазақтың салт-дәстүрінің бір бөлігі деп түсінемін.
Алайда қыздың келісімінсіз, оның ертеңге қойған жоспар-үміттерін быт-шыт етіп таптап, жылатып алып кету ар тұрғысынан алып қарасаң да, заң тұрғысынан алып қарасаң да – қылмыс.
Әпкем казинода жұмыс жасап жүрген, ол кезде қалада казинолар бар еді, сол кезде рулеткалардың не екенін ешкім жоқ бір күні аралатып таныстырған.
Әп әдемі адамдар ед, бір жңгңт әпкемді алып қашты. Кейін көргенде жігіт не достойный екен((
Обидно.