Чуркестан...

Әбіләкімнің  ауылы: Чуркестан...
Иә, біздің елді кім мазақ қылмай жатыр. Іші пысқан, қолы бос адам маңайындағыларды мазақ қылмайтын ба еді? Тура сол секілді болдық. Туымызды мазақ қылды. “Бораттың” борандатқаны бар, енді міне біздің елді Чуркестан деп атап жатыр! Мәселе былай болған.
Приозерск қаласының(КСРО министрлер кеңесінің қаулысымен 1956 жылы құрылған қала, яғни Сарышаған полигоны) тұрғыны Ирина Бардаченконың “Субару” маркалы көлігін дүкеннің алдында әскери нөмірі бар “Уазик” машинасы сүйкеп кеткен екен. Әскери көліктің нөмері ресейлік нөмір екен. Біздің Ира келіншек бұл нөмірді сырттай таниды екен. Бұл машина №03080 әскери бөлімінің командиріне тиесілі болатын.Оқиға орнына күйеуін және МАИ инспекторларын шақырмақшы болған Ираның қас қылғанда бірліктері жоқ болып шығады.Әскери билетін көрсеткен жүргізушісі қатардағы жауынгер Илья Урванцев өзінің “разборкаға”уақыты жоқтығын айтып және “Мені мына Чуркестанда ешкім таба алмайды және де ештеңе істей алмайды” деген. Қалта телефонына бірлік салып, куйеуін шақырып келген Ира Ильяның орнын сипап қалған. Абырой болғанда сол маңайдағы таксисттер мен жаяу жүргіншілерден куәгерлер табылған.Келіншегіне көмекке келген күйеуі де әскери адам екен, аталған әскери бөлімнің командиріне телефон шалады.Ол болса өзінің демалысқа кетіп бара жатқанын, келген соң жүргізушісін жөнге салатындығын және шығынды өтеп беретіндіктерін айтқан.Осылайша МАИ инспекторлары шақырылмай қалған. Осы екі аралықта Ирина Ильядан “шығынды өтейтіндігі” жайлы қолхат алып алған және Алматыдағы “Субару орталығында” көлігін 83 мың теңгеге жөндеткен. Әскери бөлімнің командирі демалысынан келген соң жүргізушісін жазалаған жазаламағаны өзіне аян бірақ, “біздің әскери бөлімде Урванцев Илья Сергеевич деген жауынгер жоқ” деген сипаттағы хат алынған. Осыдан соң барып Ира сотқа 2 шағым тастаған. 1-шісі көлік оқиғасы жөнінде,2-шісі арына тиетін сөз айтқандығы үшін.1-ші шағым бойынша іс оңға баспаған. МАИ қызметкерлері шақырылмағандықтан болар, ал екінші іс кішкене болсада созылыңқыраған.Куәгерлердің сөздерінен артқа қарай шегінген (алға шегінбейді негізі) “Уазиктің” “Субаруды” соққандығын және жүргізушінің қазақ жерін ” Чуркестан ” деп атағандығын байқаймыз. Расы керек әр куәгер әр түрлі қылып түрлендіргенмен “Чуркестан” сөзін бәрі естіген.Астаналық маман Шолпан Сейсембаеваның пікірінше бұл сөз соншалықты намысқа тиетін сөз емес екен.Заң мамандығы және тіл мамандығы бойынша екі дипломы бар бұл азаматшаның ойынша бұл әдеби теңеу. Ал Иринаның айтары басқа, орыстардағы “Чурка” сөзі бізше- ақымақ, санасыз адамдарға қарата айтылатын болса, екінші мағынада “Кавказдық және Орталық Азия тұрғындарына”қаратыла айтылатын сөз.
Мүмкін, Ираның мақсаты қалай да олай өз шығынын алу болар?әлде шын намысына тиді ме екен? Қалай болғанда да бұл сөзге деген сіздің көзқарасыңыз қалай, қымбатты Чуркестандық досым?
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
тіл, ел, ту, гербті мазақ қылғандарды орнында жазалау керек деп ойлаймын.
Abilakim
Орнында жазалап алып, орнымызды тауып алып жүрмесек темір тордың ар жағындағы…
Бізде солай ғой, оның саған не айтқаны, намысыңа тигені түк емес. Бастысы сен оған қол көтердің я болмаса сен оны кемсіттің.
Gastarbaiter
жазалау керек деп ойлаймын.
Ойлағанда заң бар ғой
ken
ал кейбір ваххабиттік бағытты ұстанатын араб елдерінде бізді Ширкистан деп атайды деп естідім