Жаңа жыл. Отшашу. Мүгедектік

Қазекем даңғазаланып түпкі идеологиясы христиандардың Рождествосына барып тірелетін «жаңа жылды» да өткізіп тастады. Әрине, әлемдік үрдіс бойынша өткен 2010 жылдың қорытындыларын шығарған дұрыс.

Бірақ біздің Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнін көлеңкесінде қалдырып, тұмшалап тастайтын «жаңа жылды» тойлау не береді? Аста-төк дастархан жасалады, адамдар жиналып кейбір жерлерде ішімдік ішіледі.

Бәрінен де қорқыныштысы, түнгі сағат 12-нің аржақ-бержағында тарсылдаған-гүрсілдеген отшашулар болады. Осындай жағдайлардан соң бір Алматыда ғана бір адам қаза тауып, 9 адам жараланған. Кейбіреуі мүгедек те болып қалған.

Негізінде адамдар фейерверктетіп отшашу жасағанда ібіліс қуанады екен деп оқыған едім. Сол шынында келіп тұр!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше