Жаңа жылды Жезқазғандықтарша тойлау



Әңгімемнің әлқиссасы жаңа жыл һәм Жезқазған. (Достарым мен және жұбайыммен барғанымды ескерте отырып әңгімені өз тарапмынан айтсам деймін) Сонымен "Қарағанды-Жезқазған" автобусынан 30-ы күні кешкі ондар шамасында (22.00)түстім. Жолда байқағанымдай бұл жақта қар атымен жоқ.Таксиге отырып, группаласымның үйіне тарттым.Жол құны 300 теңге. Бұндай ақшамен біздің қалада екі аялдаманың арасында ғана жүресіз.Су тегін көрінгені соншалық вокзалға екі рет барып келгім келіп кетті.Көптен көрмеген группаласымның үйінен былқытып асылған етті жеп алып көшеге шықтық.Таксидің ішінде келе жатқанда да жаяу аралағанда да «жаңа жылдарыңызбен» деген құттықтаулар мен баннерлердің аздығына көзім жетті.
31-желтоқсан күні күндізден шықтық көшеге.Көшеде үш сағат жүріп 4 масты әрең көрдім.оның өзінде құлап жатқан жоқ.Жәй мас.Түс ауа Сәтпаев қаласындағы кластасымызға тарттық. Бұл жақтағы алаңға мұздан қала орнатып қойыпты. Кешкілік сол қалашықтағы алаңда мерекелік концерт болды.Бір байқағаным әндердің 90 пайызы қазақ тіліндегі әндер.Орысша әндерді жәй поппури ретінде кіргізіп отырды.Ырза болғаным соншалық әншілердің сахнасына шығып, бір-екі өлеңге қосылып билеп,ән айттым.
Қар жоқ деиесеңіз бәрі жақсы.Тек "қара суық қара нарды да құлатады"-деп атам қазақ тегін айтпаса керек.Жел өңменіңнен өтеді.
Жезқазғандықтардың айтуынша бұндағылар «Наурыз мейрамын» қатты тойлайды-мыс… Көрмеген соң айта алмаймын. Сөйтіп Жезқазғандықтарға жаңа жылда жаңа қар тілеп қайттым Қарағандыға.
Бөлісу:

5 пікір

Nurgisa
4 масты әрең көрдім дегеніңізден… түсінбей абдырап қалдым: көру қабілетінің сыр беруіне байланысты ма… әлде арнайы іздедіңіз бе көше кезіп? :)

Наурыз тойлауына барып жатсаңыз осындай шағын репортаж күтейік. Ол кезде де ет жеуге жазсын :)
Abilakim
3 күнде 3 ет,3 манты жеп келдік.атақ-абырой бар-деп қуып отырсаң,ә)))
Меркеке қарсаңында масы жоқ қаладан жәй күні мас таба аламыз ба екен деп ойладым негізі.Наурызға қарсы ол жақ жоспарда жоқ.
admin
Жезқазған маған орысша сияқты болып көрінетін еді… барып көру керек екен.
Abilakim
қазақы жер. Маңайынан жиылған қазақтар ғой.адамдары да киген киімдері де қарапайым.
Bekjan
Мдаа, шынымен де қызық екен… :) Жезқазғаннан берген кішкене суреттемеңізге рахмет… Пазлдың бір бөлшегіне қол жеткізіп отырған жайым бар… басқаларын іздеу керек енді… :)