ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР

Футбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАРФутбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР
(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған)
Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.
Өзінің ырымымен футбол тарихы жайлы әдебиетке ең алғаш енген аяқдопшы Уругвайдың ұлттық құрамасының жұлдызы Адемар Ганавесии.1928 жылғы Олимпиада ойындарында өзінің барлығы командасына сәтсіздік әкеледі деп Аргентинаға қарсы ойналатын матчқа шығудан бас тартады. Өйткені қашан Аргентинамен ойнамасын, таразы басы сол жаққа ауып кететін көрінеді. Ал Амстердамда ол ойнамаған матчта не болды? Әрине, Уругвай жеңіске жетті.
Енді бір мистикалық оқиға Бразилияның аңызға айналған футбол алыбы «Васко да Гамаға» қатысты. 1937 жылы «Васко да Гама» «Андараи» клубымен ойнаған ойында 12-0мен қақырата жеңеді. Бұған кәдімгідей қамыққан «Андараидың» бір жанкүйері аузы тігілген өлі құрбақаны «Көкте Тәңірінің бар екені бар болса, Васко да Гама бізге қанша гол салса, сонша жыл жеңіске жете алмасын» бейдуасымен «Васко да Гаманың» стадионына көмеді. Бұл оқиғадан хабардар болғаннан кейін клуб жетекшілері құрбақаны іздеп алаңды шұрқ-тесік етеді. Алайда нәтиже өзгере қоймайды. Тек он бір жыл өткен соң ғана аталмыш клуб чемпиондыққа қол жеткізеді. Дуаның «күші жойылуға» тура бір жыл қалғанда чемпиондық тәжін киген клубтың басшысы болса, «Тәңірі бір жыл жазамызды кешірді» деген көрінеді.
Келелім 1953-ке. Оқиға тағы Бразилияда. Алайда бұл жолы Фламенго 9 жыл чемпиондыққа зар болады. Бұған қатты дағдарған жанкүйері Педер Гоес жаратушы бізге оң көзімен қарасын десеңдер шіркеуге барып, тәспих тартыңдар деп кеңес береді. Осыдан соң-ақ Фламенго үш жыл қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізеді де, төртінші жылы қайтадан уыстарынан шығарып алады. Педер Гоес Фламенгода болса, Флуминенсенің де бір пірадар Педері, Peder Romualdo Папаның айрықша рұхсатымен клубтың рухани істер жөніндегі жауаптысы тағайындалады. Алғашқыда бұдан қолайсыздықтар туып, аяқдопшылар шағым айта бастағанымен, кейіннен үсті-үстіне келген жеңістен кейін олар әрбір голдан соң Педердің шапанынан сүйіп, шүкірлерін айтатын болыпты.
Футбол дуасы тек Латын Америкасын ғана шайқалтты десек, өтірік болар еді. Сиқыр кәрі құрлыққа да өз дегенін жасатты. Реал 50-жылдарда стадионы мен футбл алаңын кеңейтуге шығарады да оның артынан чемпиондықтың жүзін көре алмай, арманда қалады. Бұл сәтсіздіктің себебі алаңның ортасына көмілген оқылған сарымсақ екені кейіннен ашылады.
Футбол алаңының тысындағы дуа оқиғаларының көп ұшырасатын жері де Әлем чемпионаты екен. 1986 және 1990 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина командасының техникалық директоры «Тауық жесе сәтсіздікке ұшырайды» деп өз аяқдопшыларына тыйым салып, сиыр етін жеуге шешім шығарған екен. 86-да кубокты иеленеді, бірақ 90-да жеңіліске ұшырайды… Бұл тауық етінің кесірі ме, әлде Марадонаның үстіндегі дуа ма, ол жағы белгісіз…
Әлем кубогында сиқыршылықты шырқау шыңына жеткізгендер, әлбетте қара құрлық командалары. Африкалықтар үшін қара магия дегеніңіз әдеттегі, күнделікті іс сияқты, ондап емес, жүздеп жасалатын көрінеді. Солардың бірі- гол соғылмасы үшін қақпаның тіреулеріне хайуан өлігін көму. Сондай-ақ, Камерунмен ойында 3-0 есебімен жеңілген Мали жеңілісінің себебін қарсылас команда жаттықтырушысы Нкононың сиқыршы болуынан деп санап, сотқа дейін барғаны көп оқиғаның бірі ғана.
2002-де медияны, әсіресе француз медиясын абдыратқан voodoo сиқыры Франция мен ескі отары Сенегалдың арасындағы матчта жасалды. Сенегалдық дуашылар федерация тарапынан Кореяға жөнелтіледі. Бір сенегалдық сиқыршы экранның алдында бір тауықтың аяғын сындырады, онан соң біраз дұғалар оқиды. Нәтижесінде матчтан бір күн бұрын Зидан сол аяғынан жараланады және Сенегал жеңіске жетеді. Сенегалдың футболда жұлдызы Түркиямен ойнағанға дейін жарқырайды. Алайда түріктердің «сүбханалласы» мен тәспихы дуадан күштірек шығып, «өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығадының» керін келтіреді.
Зимбавенің «Мидландс Портлэнд Цемент» командасының жаттықтырушысы аяқдопшылары жағымсыз рухтан арылсын деп, оларды қолтырауын толы Замбези өзеніне шомылдырады. Өзенге кіргенде футболшылардың саны он жеті болса, шыққанда біреуге кемиді. Алайда өкініштісі сол, матчта да жеңіліс табады, түрікшеден сөзбе-сөз аударсақ, «матчты жоғалтады». Һәм матчты, һәм бір футболшысын жоғалтқан «Мидландс Портлэнд Цементке» бұл үлкен сабақ болған болар, мұнан соң ол ырымның қайталанғаны жайлы ақпарат тіркелмепті. Ал қолтырауынға жем болған аяқдопшы «футбол шейіті» саналар бәлки…
Футболдағы мистиканы осымен доғарып, жекелеген футболшылардың ырымдарына келелік. Фенербаченің жұлдызы Роберто Карлос формасын астынан кесуді әдетке айналдырған көрінеді. Реал Мадрид пен Бразилиядан кейін өз формасының кесілгеніне Фенербахченің де әкімшілігі қазір таң қалуды қойды. Дәл осы команданың дәл сол мемлекеттен келген жұлдыздары Алекс және Дэвид алаңға шыққанда үш мәрте секірсе, Хаджидің гетрының астын кесетіні бар көрінеді. Галатасарайдың ұмытылмайтындарының бірі Хакан Шүкір капитан кезінде мәжбүрлікпен алаңға бірінші шыққанымен, былайғы кездерде ең соң шығуды қалайды екен. Джек Чарльтон киім ауыстыртын бөлмеден ең соң шығуды әдетке айналдырса, Пол Инс формасын бәрінен кеш киеді екен. Ливерпуль королі Кевин Киган секілді.
Фрэнк Лэмпард алаңға оң аяқпен шығуды және шыққаннан бұрын үнемі бір музыканы тыңдауды сәттілік әкеледі деп сенеді. Манчестер Юнайтедтің беломыртқасы Рио Фердинанд киім ауыстыратын жерден алаңға шығарда табыс үшін деп үстіне бір стакан су құяды екен. Адриан Муту болса, атлетін теріс киеді. Крисс Уоддл 1983-те Нъюкаслдің премъер лигага шыққан сезонында үнемі бір ішкиіммен шыққан. Әлбетте, әр матчында жуып…
Аргентина қақпашысы Гойкочеа кезінде тіпті кіші қажеттілігін футбол алаңында өтейтін болған. Бұл да ырым. Қасыластың добына тойтарыс үшін дейтін көрінеді өзі. Ал Ливерпульдік Девид Фейклаб матчтан бұрын қолдарын төрт мәрте жуса, Франция аяқдопшысы Лорен Блан Фабъен Бартездің таз басын бір рет сүйеді екен. Эйдур Гудьонсен ойын алдында дәретханаға кіріп, қарсылас қақпасына қанша гол соғуды жоспарласа, сонша рет футболкасын сүйеді екен.
Біз бір істі бастарда оң аяқ немес оң қолмен бастасақ, солтүстіктегі көршіміздң аяқдопшылары сол аяқпен бастағанды қолай көреді екен. Соның жарқын дәлелі, Константин Зырянов аяқимін тек сол аяғынан бастап кисе, Игорь Семшов, сондай-ақ Егор Титов та алаңға ылғи сол аяғымен кіретін көрінеді.
Роман Павлюченко алаңға кірерде баспас бұрын газонды бір рет сипап, сосын шоқынады екен. Әрбір голдан кейін неке сақинасы тұратын саусағын сүйеді. Базбір ойыншылар мен жаттықтырушылар матчқа дейін біреуге қарыз беруді және алуды жаман ырым санайды. Соның бірі Василий Березуцкий.
Қақпашыға қатысты ырым дегенде ең алдымен Ринат Дасаевтың аты ауызға алынады. Ол неміс голкипер сыйлаған қолғабын ылғи қақпаға қояды, осылайша «қақпаны екі қолдап емес, төрт қолдап қорғайды-мыс».
Ойын күні киім ауыстыратын бөлмеде ысқырмау аядопшаылардың жазылмаған заңы.
Дмитрий Сычев пен Сергей Семак ойыннан бұрын сақал мұртын алмайды екен.
Сәттілік әкелген формасы мен аяқкиімін ауыстырмай кию де аяқдопшылрдың әрбір бесіншісінде кездесетін ырым десек қателеспейміз. Сондай-ақ жаңа форма киіп шығу табыссыздық әкеледі, ол форма ең құрығанда бір мәрте жаттығуға болса да киілген болуы керек. Дәл осы ырымға қырын қарап, сан соғып қалған да бар көрінеді. «Динамо» қақпашысы Александр Шовковский матчқа жаңа қолғаппен шығып (қолғап болғанда да Sasho фирмасының қолғабы, оның аты мен сойатының басқы буындарынан құралған), қақпаға екі жауапсыз гол жіберген.
Мұндай ырымдардан біздің елдің футболшылары мен бапкерлері де кемде емес. Мәселен, Қазақ футболында ерекше орын алатын бапкер Ваит Талғаев бірінші таймның арасында шешінетін бөлмеге бару үшін жасыл алаңды баспай, айналып өтеді. Белгілі жаттықтырушы бұл ырымын киелі футбол алаңына бапкер аяқ баспайды деген қағидадан алса керек. Сонымен бірге кезінде Нальчиктің «Спартагынан» «Жеңіске» ауысып келген Владимир Гуртуев әрбір гол ұрғаннан кейін, үш айналып сальто жасайтын. Астаналық жанкүйерлерді өзінің керемет өнерімен тәнті қылған шабуылшы, сальто жасамаса өзін келер жолы гол ұрмайтындай сезінеді екен.
Қалай десек те, дінге топақ келгенімен психологтар футболдағы ырымдардың пайдалы екенін, аяқдопшылардың стресстен қорғанып, өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасайтындығын айтады.
Бөлісу:

13 пікір

admin
мақала жақсы, тек авторын неге жазбағансың? түрік жазған сияқты. өйткені мақаланың көп жерінде қате бар, түрікше оймен жазылғаны көрініп тұр. бірақ, әрине басқа ұлттардың біздің тілімізді үйреніп, осындай мақала жазғанына тек қуануымыз керек.
aktobe88
Аптыры мына менмін ғой, Админ ағай. Жақсы деген пікіріңіз жаныма майдай жағып қалды. Ал қателерге келсек… нетеміз… жөндейміз әлі де. «Жас Қазаққа» бергем, мұртын баспай шығарғанына қарағанда «пойдет» деп ойлаған ем ғо тілі.
Түріктер біздің тілімізді үйренер-ау, бірақ дәл осылай төгілтіп мақала жаза қоятынына күмәнім бар.
Аударғам, рас, түрікшеден, орысшадан.
admin
ерінбей бір рет оқып шығуыңды өтнемін. ТӨМЕРде бір жыл оқығаннан тіл осылай сына қала ма екен? біз жеті жыл сол елде жүрсек те тілімізді сындырмай кішкентайымыздан сөйлеп өскен қазақшамызбен жазушы едік. егер Түркиядағы қазақтар үшін жазған болсаң жарайды түсінемін, ал егер жалпы қазақтарға арнап жазған болсаң мынауың жазу емес порнография, мен түрік шығар деп жақсы деп мақтап едім, бірақ авторы сен болсаң мынауың ұят. тілімізді мазақ қылма.
aktobe88
Түркиядағы қазақтардың дабай.кизетті оқи қоятынына тағы күмәнім бар. Сосын, тілді мазақ қылатындай өрескел не жаздым, түсінбедім, админ ағай.
admin
өзінің барлығы командасына сәтсіздік әкеледі деп Аргентинаға қарсы ойналатын матчқа шығудан бас тартады.

сөйлем түсініксіз

бейдуа

түрікше beddua сөзіне қазақша аударма қосқаның ба?

Келелім 1953-ке

типа Gelelim? :)

Педер Гоес Фламенгода болса, Флуминенсенің де бір пірадар Педері, Peder Romualdo Папаның айрықша рұхсатымен клубтың рухани істер жөніндегі жауаптысы тағайындалады.

түсінбедім, ана жерде педер біреудің аты ма әлде түрікшедегі peder — яғни әке ме? (христиандарда дін қызметкерлеріне әке (peder) дейді ғой)

техникалық директоры

бізде teknik direktör'ді бас бапкер, бас жаттықтырушы дейді

бәлки…

бәлкім…

формасын астынан кесуді

қазақ тілінде киімді кеспейді, қияды

ең соң шығуды

ең соңғы

атлетін теріс киеді

түріктер футболка, майканы атлет десе, қазақтар атлет деп спортшыны атайды. мақаланың қазақ тілінде екенін ұмытпаған жөн.

аты мен сойатының

шедевр аударма! Терминком, жазып алыңдар!

гол ұрғаннан кейін

мдааа…
aktobe88
1.Ozının barlygy degen kendının o takımda bulunması degen, Arshat agai.
2.Bedduany kazaktar endi baskash ne deidi.
3.Bul endi, ya, jansak ketipti, jane eshkimnin lam demegeni kyzyk, kansha korrektordyn suzgisinen otse de.
4. Ya, bul ekeui de adam aty. Birinshisi, Peder Goes, ekinshisi Peder Romualdo.
5.Bunynyz endi...ras. Moiyndaymyn, kate jazganmyn. Man bermei.
6. Kazaktar balki dep te, balkim dep te koldanady.
7. Kazaltardyn bari kespegenimen, Ontustik shygystagylar ''kesedi'', ''kiyatyn'' ol bizdin Aktobe jak ko.
8. Son men songydan palendey aiyrma kormedim. Dese de, siz aytkanday bolsyn.
9. Bul endi ras. Bul ushin ulkeeeeen keshirim suraymyn, patsha konil dabai.kz okyrmandary.
9. Soiesimdi men turikterden almadym. Kazakta bar soz. Kaisybir jyrau(alde Mahambet pe): Men keskekti erdin soiymyn, keskilespei basylman deidi. Sonday-ak Muhtar Magauin agamyzdyn ''Kuyrshak'' deytugyn angimesinde bas keiipker: Kyzmymnyn aty esimde bolganymen soiyn umytyppyn deidi. Jurt soy etistigimen shatastyrmasyn dep at esimin tirkegenmin. Birak turiksheden aldyn degeniniz baryp turgan jala endi bul sozdi.
9. Bul da olaktau kurylypty. Keleshekte tuzeimin.
Nurgisa
Автордың түрлі мағлұматқа бізді қанықтырғанына тәнтімін. Сөз саптаудағы қайсыбір іркіліс пен саңылаулар бертін келе азаяр. Аударарда сол мәтініңізді қабы алатын аудиторияның спецификасын, лексикадағы қарапайым заңдылықтардан ауытқымауды бірінші орынға қойыңыз. Ізденісіңізге қалың бес!
TERISKEI
Аршат ағасы-ау! Қарындасыңызға тас кенедей жабысқаныңыз болмады че! Не болады екен, бәрінен де алғашында мұндай қателіктер кетеді емес пе? Бұл қыз маладес! талпынысы бар, дегенмен өзге тілден аударған сәтте қасына әдеби сөздікті немесе аударма сөздіктерін де алып алғаны жөн. Ана жазғандарыңыз дұрыс қой, бірақ, «бәлки…», (қазақ тілінің маманы ретінде айтайын, бұл қазақ тілінде бар сөз), киімді неге кеспейді, кеседі(себебі ол да мата ғой), сойаты (қазақ тілінде сойаты деп қолданылмаса да сойы деп қолданылады, оған Ғалияның өз дәлелдері-ақ жетеді.), «гол ұрғаннан кейін» бұл сөзді түріктер «gоl atmak» демейтін бе еді, ағасы… яғни, «gol attıktan sonra» деп айтылады емес пе? Нұрекең айтпақшы, Ғалекеңнің ізденісіне қалың бес қоюға болады, дән ризамын! ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЛІК, АДМИН АҒА!
admin
сын айтылмай мін түзелмейді деген қазақ, бірақ қазақ сол сынға ренжиді айтылған кезде. біз де сондай болдық, бізге де айтылды сын. ренжитін түгі жоқ, қайта түзету керек айтылған ескертпелерді.

менің жыным келетіні, түрікше білетіндер қазақ тіліне түрікшеден көп сөз қосып жібереді де спокойно айта береді қазақта ондай сөз бар деп. жоғарыда қазақ тілінде бар деген сөздеріңе дәлел сұраймын, сілтеме болмаса скан.

онсыз да тіліміз «супер» аудармашылардың «көмегімен» бұзылып бара жатыр, енді бұған «түріктер» «ат салыспаса» екен деген ой ғой менікі.
Nurgisa
Негізі бұл зіл батпан болса да дұрыс сын енді. Сынға сына салу жоқ ілкі баста. Шұбарланып кетпесі үшін шет-жағасын осылай қоримыз біріміз қалмай. Нәсіп боп жатса, кішкентайыңыздан бойға сіңіріп өскен фольклор мен сөзжасам нормаларын басшылыққа алсаңыз, сол дұрыс компас болатын сияқты. Аршат бұртия қап, бүк түсіп жатып алардай шымшыма айтып жатқан жоқ, әрине. Қайта, ендігідегі ізденіс пен толғаныстарыңызға бұл да бір мотивация, ынталандырғыш драйвер.

Негізі, қыз баланың доптебіс жайында сыр шертуі ерекше болады екен! Футболды осылайша сүйіп, осындай көлемді де тартымды мақаламен бөлісу ерен ерлік!!!
aktobe88
Аршат аға, сіз «нағыз» аудармаларды көрмей жүр екенсіз де. Көрсеңіз менікімен жылап көрісер едіңіз…
Жоғарыда айталған сөздер қазақ тілінде бар екеніне екі филолог бірдей уәж айтқанда күмән келтірген болсаңыз, дәлел келтіруден біз де қашпаймыз:
1. бәлки сөзі. Бұл сөз бізді қойыңызшы, Абайдың өзінде кездеседі. Үшінші қарасөзінде мынадай жолдар бар: Уа және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді.http://abai.kz/node/3
Бұл аз десеңіз және бір мысал келтірелік, бұны да Абайдың айналасынан алдық бірақ. Ана тілі газетіндегі «Данышпан дараланды» дейтұғын мақалада да мынадай жолдар бар: Мүмкін ұлылығы, даналығы,бәлки данышпандығы болар, бірақ, Абайдың орыс тіліндегі аудармасын да әлі күнге дейін дұрыстап жаза алмай жүрміз.http://anatili.kz/?p=1572 Айтпақшы, бұл мақаланың авторы Абылайхан Қалназар да филолог. Бәлки ол бірнәрсені білетін шығар, біз білмесек те.
Тағы бір мысал: Бәлки ғадаләт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят – бұл ғадаләттен шығады. ..(Абайдың отыз сегізінші қарасөзі)…
Абайдың айналасынан алыстау бір мысал: «Сен жақсы білесің ғой, бөкен жарықтық бір жағына қарай бұрылса, сөзсіз жолыңды кесіп өтеді. Ол да өзіне тән қасиет-дағы… Бәлки соры, бәлки бағы… Бірақ тап осы жолы бұл оған сор болып жабысты».Жолтай Әлмашұлы → Аңшы ата ізіменhttp://adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1548&Itemid=23&limit=1&limitstart=5
2. Ал енді сой дегенге ғаламтордан ештеңе таппадық. Бірақ Қазақстанда Мұхтар ағамыздың шығармалар кітабын табу қиынға түспесе керек. "Қуыршақ" әңгімесін оқуға.
Қысқасы, мен бұл материалымды кемшіліксіз деген жоқпын. Ағат кеткен жерлерімді мойындағам.Қателерді келешекте түзететінімді де айттым. «Сын шын болсын» дегенді басшылыққа алар болсақ, менің де бұртиятын жөнім бар сияқты, Нұрғиса аға.Өйткені, «тілімізді өйтіп мазақ қылма» дейтіндей мен тіліміздің басын жарып, көзін шығарған жоқ секілдімін. Кемшіліктерді тізе келіп, болашақта осыларды назарда ұста десеңіз де жетелі адам үшін ұялуға жеткілікті еді, Аршат аға. Әйтпесе, тілімізді мазақ қылма десеңіз аудармашылыққа енді енді ғана тәуекел етіп келе жатқан кез-келген жас қаламын тастап ой емес, қой бағып кетуі мүмкін-ау.