КВН. Финал 2010

Кешегі финалдан кейінгі ой:

финалда чемпиондыққа лайық ойын көрсетті деу қиын. тек СТЭМ шығар жақсы шыққан, музыкалка визуально әдемі шықты, бірақ айтып тұрған әндерінің дәмі болмады. сосын шығар жоғары балл ала алмады. разминка да әлсіз болды.

Енді Нұрландар орындарын жастарға беретін шығар.



Бөлісу:

4 пікір

urimtal
Алдыңғы ойнадарына қарап, бұлар бұл жолы бұдан да жақсы өнер көрсете алар еді дегенмен келісемін. Біртүрлі 100%-ға жұмыс істемеген сияқты болып көрінді.

Бірақ қалған ресейлік ойыншылардың көрсеткендерімен салыстырғанда біздікілерді жақсырақ болды. Соңғы айналымдағы әлгі ақ киімдегілердікі түкке тұрғысыз бірдеңе ғой. Әділетсіз бағалады деп санаймын. Осы КВН-дағы ойынды бағалағанда жюрилар белгілі бір критерийлерге сүйене ме екен?

Марапаттап жатқандағы Нұрланның жүзіндегі "қуанышты" байқаған шығарсың.
omarbirat
Ярослав пен Нұржан құшақтап, басу айтқандай боп жатқанына қарағанда, Нұрланға бірдеңе болған сияқты, опшым.
omarbirat
Шынымен де СТЭМге әңгіме жоқ. Бүкіл финалдағы барлық конкурстар бойынша барлық командардың ішіндегі ең қызық номер болды мен үшін. Тұрсынбек осы сезонда Гүлнардың көлеңкесінде қалып кететін болды деп ауымдап жүр едім, бұл жолы барын салды. Тұрсынбекке базар жоқ :)
Қалған бөліктерінде фишкалары ескі ойындардан қайталанып кеткен: (сәлемдесудегі «Я — Турсынбек, меня зовут официант», музыкалкадағы «Не думай о казахах свысока»). Жалпы, ойындары жаман болған жоқ, сәлемдесудегі кейбір приколдарды түсінбей қалғаным болмаса («Детектор лжи»).
Бірінші орынды қазақтарға бермеуін түсінуге болады. Бұдан жақсы ойнаған күннің өзінде күміспен алдарқатып шығарып салар еді, ИМХО.
omarbirat
… деп уайымдап жүр едім… :)