Жаман болады

Қазақта «жаман болады» деген ырымдар көп қой. Бала кездеріңізде өздеріңізде талай естіген боларсыздар.
Үйге жүгіріп кіре бергенде әжең тоқтатады.«Балам,үйге жүгіріп кірме жаман болады».«Сонда не болады?»-деп сұрасаң «жаман боладыны» естисің тағы.
Бейіттерге қолыңды шошайтып"Әже, аналар немене"-дейсің. «Балам,қолыңды шошайтпа, жаман болады».Қолыңды шошайтқаның үшін саусағыңды тістетеді ғой оның үстіне.
«Күн батып бара жатқанда ұйықтама, жаман болады»
Таусылмайтын «Жаман боладылар». негізі осының бәрі тәрбие екені мәлім ғой. Бірақ не болады,ә?
Бөлісу:

42 пікір

qisyq
Жаман болады)))
asaubota
мынау Қисық ептінің алғашқы каменты
asaubota
жаңа ғана Құдайбергеннің ырымдар туралы монологын қойып едім Қисықтың блогына :)
urimtal
Кейбір тиымдарды түсінуге тырысқанмын. Біразы ислам дінімен сабақтасып жатыр екен. Мәселен, "үйді айналма!" дейді. «Неге?» «Жаман болады!». Асылында, мұсылман баласы айналатын жалғыз үй бар. Ол — Аллаһтың үйі, яғни қағба. Сондықтан үйді айналма дейді екен.

Үйге жүгіріп келме дейді. Неге? Әдетте суыт хабар естіртетін болса, жүгіріп келеді-мыс.

Тиымдардың көбі дінмен байланысты, бірақ атеизм оның мәнісін ұмыттырып, жаман боладысы ғана сақталды. Оған да шүкір!

Пысы. ырым мен наным тақырыбы қашан да болмасын даулы тақырыптың бірі. Сосын бір қызығы көп тиымдар үймен байланысты: босаға, есік, табалдырық т.с.с.
Abilakim
Үйге қуанышты хабарды да алып келуге болады ғой… Бірақ жаман ойлап қалмасын деп ондай хабарды алып келе жатқан шабарман «сүйіншілететін»болған
Zere
Ары қарайғы мақсат — басыңды іске қосып, неге жаман болатынын ойлау керек шығар. Логиканы жұмыс істету. ))
Zere
Күн батарда ұйықтасаң — түнде ұйқың келмей қояды. Сосын жүресің мазаң кетіп. Түнде тырнақ алма дейді. Мен ойлайм, бұрын үйде жарық болмайтын, сондықтан тырнақ асқа түсіп кететін қаупі болған. Ал қазір енді жарық бар. Сондықтан түнде ала берсе болады.
Abilakim
мен де солай ойлаймын
asaubota
жоқ, түнде тырнақ қатты болады екен. таңертең жұмсақ болады сондықтан түнде алуға болмайды. Дәруішөлген ғалымдары сондай тұжырымға келіп отыр…
gunner
Адам қайтыс болғанда көңіл айтып келген адамдар «бауырым-ау» деп жүгіреді үйге қарай, сондықтан уйге қарай жүгірме деп айтады.
zhanar-seitmat
Тізеңді құшақтама, табаныңды тартпа, ішегіңді тартпа, таңдайыңды қақпа «жаман болады».
sammita
Жанар, тізеңді құшақтама, жаман болады.
Abilakim
Отқа су құйма жаман болады.
zhanar-seitmat
))). Бетін аулақ қылсын жалғыздықтың. Алтын босағадан ба, оқып едім, анасы үнемі қызына «тізеңді құшақтама» деп айтса да тыңдамайды, кейін есейген шағында жалғыз өзі қалады, еш туған-туыссыз. Сол кезде айтқанын тыңдамағанына, байыбына бармағанына өкінеді екен.
Abilakim
«Ақ босаға» болар?
zhanar-seitmat
«Алтын босаға» да, «Ақ босаға» да бар. Бірақ қай газеттен оқығаным есімде жоқ.
satibaldi
Біріншісі — бай байға шыққандарға, екіншісі — жәй, байға шыққандарға арналса керек…
sammita
Алтын босаға деген газет бар.
sammita
далбаса газет.
Nurgisa
неткен қатыгездік :(((
sammita
плагиат тола, ресейлік бір газеттен аударып баса береді, 12 мақала тапқам ерігіп отырғанда. шын сөзім.
zhanar-seitmat
Ақ босаға ма, менде соны айтайын деп отыр едім. Ішінде оқитын дыыыым жоқ.
sammita
Алтын босағаны айтам.
zhanar-seitmat
Ааа, онысын білмеппін. Көшіреді осы сайттағы Қалдықыздың жазғандарын "Әйел құпиясы-ау" деймін.
Zilola
немене?
менде не бар еді көшіретін?
TERISKEI
Досым «Ақ босағада» істейтін еді, жақсы болды ғой құлағын қызартатын;)
satibaldi
12 мақала тапқам ерігіп отырғанда
Шешесс…
sammita
мақала деуге де келмес. Қарағандылық Ажар апайдың хатынан деп ұра береді әңгімені. Ол орыс газетінде Анна г.Киев деп тұрады мысалы. Адам аттарын қазақшалап, қаланы ҚР қаласына өзгертіп, общым сондай.
satibaldi
Бұттан кетті нақ )))))))))))))))))))
Nurgisa
ҚР демекші… Қапелімде «РК» дегенді ағылшын қарпімен теріп қойсаң, HR болады екен. Қазақша жазамын деп, орыс тілдік баптауда тұрса, 0Р болады екен…
alisha
Мына Әбілдің әнектер топтамасына қосып қою керек екен!
satibaldi
Әбіләкім, мынау сені Әбіл дейд!
alisha
Әбілдің… дедім ғой!
Onlasyn
Ұрымталдың айтқанымен қосыламын. Негізі ырымдардың біраз бөлігі осы исламмен байланысып жатыр.
satibaldi
Меніңше де, ырым-тиымды ата-бабаларымыз ермекке ойлап шығармаған сияқты. Сан ғасырлар бойғы тәжірибе ырым болып қалыптасқан. Қателесуім де мүмкін әрине, егер олай болса — ғафу өтінемін.
asaubota
иә, өздерінше сараптама жасаған болулары керек. мысалы жаман бір нәрсе болды делік, сосын отырып ойланады «мұның алдында не істеп едім» деп. сосын не істегенін есінде сақтап қояды, кейін келесіде сондай оқиға тағы қайталанады, ол кезде де оның алдындағы не істелгені туралы есіне алады. осылай қайталана береді, қайталана береді. кейін көршісінің басына сондай әрсе келген кезде одан барып сұрайды, алдында былай істеген шығарсың деп. ол иә дейді. сол кезде айтады олай істемеуің керек еді деп.
KILYZAMAN
Әбеке,
негізі осының бәрі тәрбие екені мәлім ғой. Бірақ не болады,ә?
— жаман болады…
KILYZAMAN
Осалдау болса да бір мысал: Қатты ұйықтап жатқан кезіңде, сырттан есі кірген балаң тасырлатып жүгіріп кірсін делік. Не ойлайсың? Әжең есіңе түспейме?
Үйге жүгіріп кіре бергенде әжең тоқтатады.«Балам,үйге жүгіріп кірме жаман болады»
Abilakim
Менің балам ауылда еді
araika
үйге жүгіріп кірме
асыққан сәттерде, бір затың қалып кетсе, тіпті алыстан(қаладан)сағынып келсең жүгіруге тура келеді ғой :) Мен «кешке қарай үйге жүгірме!» дегенді білемін, себебі жаман болады :)