Есе қайтты, ағааааееенннн!

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан «Төртеудің турнирі» аяқталды. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция қатысқан. Басты мақсат — Олимпиада алдындағы дайындықты бір пысықтап алу. Бокс мен барсам басталып кетіпті. Аңдатпада бесте басталады деген. Қайта ертерек барғаным жақсы болыпты. Дәл, Серік Сәпиев пен Андрей Замковойдың жекпе жегіне тап болдым.
Әрі қарай

Бар қазақ бір Майклға жете алмай жүр

Жеті жасынан бастап суда жүзуді үйрене бастаған АҚШ атлеті Майкл Фелпс үш жылдың ішінде-ақ өз қатарластарының арасындағы әлем рекордын жаңартқанда, АҚШ бапкерлерінің көзіне бірден ілігеді. Кейін 15 жастағы Майкл Сидней (2000 жылы) олимпиадасына қатысады да, онда ол баттерфляй әдісі бойынша 5-орынға қол жеткізіп, өзіне үлкен тәжірибе жинақтады.

Осы сәттен бастап Майкл тек АҚШ жұртын емес, күллі әлемді таңғалдыра бастайды. Ол 2004 жылы өткен Афины олимпиадасында 6 алтын, 2 қола медальді қанжығасына байласа, Бейжің (2008 жылы) додасында жүзуден мүмкін болған 8 алтынның барлығын қоржынына салды. Сонымен, оның қоржынында, қазіргі таңда, олимпиаданың 14 алтыны мен 2 қола медалі бар. Бұл жетістікке Әлем чемпионатының 26 алтыны мен 6 күміс, 1 қола медалін қосыңыз.
Әрі қарай

Қазақ-түрік лицейінде оқып, Олимпиада жүлдегері атанғандар



Қазақ-Түрік Білім Қорының (KATEV) сайтында бүгінге дейін Республикалық, облыстық білім олимпиадаларында орын алғандардың тізімі бар екен. Өзімді тауып алдым :) КерекИнфошылардан @Nurgisa да ағылшыннан 1-ші орын алған екен.
Таныстарыңызды іздеп
Әрі қарай