Біздің чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондар
Ия, Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас имейтін қазақ жоқ шығар. Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады. Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильяның отансүйгіштігіне тәнтімін. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналған болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда. Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
Құрметті алматылықтар, құрметті достар, ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай! Алтын көбейсін!
Әрі қарай

Алтыншы алтын!

Өскемендік Ольга Рыпакова Қазақстанға алтыншы алтын медалін сыйлады! Құтты болсын ағайын.



Бүгін Лондондағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден жарысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,98 метр көрсеткішпен Олимпиада чемпионы атанды.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден үшінші мүмкіндігінде 14,79 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын салды.
Әрі қарай

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Әрі қарай

Ұлы арман, ұлы міндет, ұлы жеңіс. Олимпиададан не күтеміз?

Қазір, үлкен спорттың бәрі саясат пен ақша табу көзіне айналды деушілер көп. Сөз жоқ, Олимпиаданың төңірегінде де топан ақша жүр. Біреулер байып жатыр, біреулер саяси салмақ жинап жатыр. Бірақ мойындаңызшы, нағыз спорттың саясатыңа да, ақшаңа да, әлемдегі экономикалық немесе табиғи күйзелістер пен дағдарыстарға да түкіргені бар. Ұлы жеңістер бәрібір бола бермек.
Әрі қарай

Олимпиада костюмы таныстырылды


Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.
Әрі қарай

Лондон Олимпиадасына болжам

USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.
Сонымен, кiм қай орыннан көрiнедi?
Бұл жайында басылым былай дейдi:
Бүкiл қазақ жанкүйерлерi сенiм артып отырған Илья Ильин украиналық Артем Ивановқа есе жiбередi-мыс.
Әрі қарай

Есе қайтты, ағааааееенннн!

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан «Төртеудің турнирі» аяқталды. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция қатысқан. Басты мақсат — Олимпиада алдындағы дайындықты бір пысықтап алу. Бокс мен барсам басталып кетіпті. Аңдатпада бесте басталады деген. Қайта ертерек барғаным жақсы болыпты. Дәл, Серік Сәпиев пен Андрей Замковойдың жекпе жегіне тап болдым.
Әрі қарай

Бар қазақ бір Майклға жете алмай жүр

Жеті жасынан бастап суда жүзуді үйрене бастаған АҚШ атлеті Майкл Фелпс үш жылдың ішінде-ақ өз қатарластарының арасындағы әлем рекордын жаңартқанда, АҚШ бапкерлерінің көзіне бірден ілігеді. Кейін 15 жастағы Майкл Сидней (2000 жылы) олимпиадасына қатысады да, онда ол баттерфляй әдісі бойынша 5-орынға қол жеткізіп, өзіне үлкен тәжірибе жинақтады.

Осы сәттен бастап Майкл тек АҚШ жұртын емес, күллі әлемді таңғалдыра бастайды. Ол 2004 жылы өткен Афины олимпиадасында 6 алтын, 2 қола медальді қанжығасына байласа, Бейжің (2008 жылы) додасында жүзуден мүмкін болған 8 алтынның барлығын қоржынына салды. Сонымен, оның қоржынында, қазіргі таңда, олимпиаданың 14 алтыны мен 2 қола медалі бар. Бұл жетістікке Әлем чемпионатының 26 алтыны мен 6 күміс, 1 қола медалін қосыңыз.
Әрі қарай