Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Көк аспан сол жылы көктемде
Шуағын өзіңе төгеді.
Ал қазір мен саған жыр жазам
Белгісіз боп келген дерегі.
…Кейде шын тиеді көмегі
Жазылмай қалса ақын өлеңі.
«Сөздер көп, асықпа,
Себебі,
Оны айтпау еш мүмкін емес боп
Тұрғанда ғана сен айтқайсың»
Высоцкий осылай деп еді.
Ал ол бос сөйлемес ер еді.
Ой мейлі, артығы, не кемі,
Қолымнан жыр жазу келеді.
Ал сенің келеді қолыңнан
Сол жырдың бола алу себебі.
Менімен, болмаса не менсіз,
Бәрібір көктемің келеді. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Мен білем, көктемің келеді
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

Көктем келді жән біздің ПИК

Кеше бейсенбі 18 сәуір күні «бес қонақ» ресми түрде қош айтысып, көктем өз күшіне енді. Қалада табиғатты тамашалай алмағанымызбен, сіздің назарыңызға табиғаттың кішкене бөліктері және ауламыздың (БҚО, Ақсай қаласы) тазалығын, көрікті күйін сақтап отырған ПИК жұмысы туралы фоторепортажды ұсынамын.
Әрі қарай

Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.

Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады.
Әрі қарай

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайында ән айтып қалған әртіс апамыз.
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
Әрі қарай

КӨКТЕМ келді



Бүгін көктемнің бірінші күні және инетте жүр, Дүниежүзілік мысықтар күні деп.
Келген көктеміміз әдемі болсын, бақыт пен шаттыққа, махаббатқа толы болсын!

P.S.Керекшілер, белсенділік қайда кеткен? Анда-санда көрініп жүрсеңіздерші.
Әрі қарай

Сідік пен жұмыртқа немесе жұмыртқа мен сідік

Іш пысқан соң палатадағы үйіліп жатқан газеттерді ақтардым. Қорлау.Зорлау. Етіміз бен бетіміз үйренген тақырыптар. Бір газеттен мынандай қызыққа тап болдым. Қытайдың бір қаласында мектеп жасындағы ұл балалардың сідігіне піскен жұмыртқа өте үлкен сұранысқа ие екен. Газетте көбіне жеті жасқа дейінгі балалардың сідігі пайдаланылады делінген екен. Содан кейін Гугілдетіп тапқаным мынау:Көктем туа Донгьянг қаласының асханаларының көбінде осынау тамаша тамақтың (жергілікті тұрғындардың айтуынша) исі бұрқырайды екен. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әлі жыныстық қатынасқа түспеген ұл балалардың кіші дәретіне пісірілген жұмыртқалардың емдік қасиеті жоғары-мыс.
Әрі қарай