Қыздың күйі...

Иә, бір күнгідей болмады блогкемпте өте шықты. Құйрықты жұлдыздай жалт еттік… Бірақ, қоштасу бар жерде кездесу бар. Бұйыртса әлі талай басымыз қосылар. Менің қазіргі күйім… менің емес-ау барлығымыздың десем де шатаса қоймаспын жігіті алдап кеткен, қыз- ғұмырын күз ғұмырға айналдырған қыздың күйіндей… Жаным жадау тартып отырғандай… Мынау поштама келген суреттер. Әйгерімге рахмет салып жіберген!
Әрі қарай

Асыл ұстазымнан естелік……

Жымиясың сен неге?

Жолымыз болып оқуға түстік. Кеше мектеп партасында отырған біз бүгін университет студентіміз. Кеудені қуаныш кернейді. Алып ұшқан көңіл атқақтап уақыттың сыйына мәзбіз. Аудиторияға келген оқытушыларды мектептегі ұстаздарымызбен салыстырамыз. Ұқсастық көреміз. Деңгей алшақтығын аңдаймыз. Алғашқы күн болған соң бәрі дерлік танысу, ақыл-кеңес айтумен шектеліп жатыр. Бірін шығарып салып келесісін тағатсыздана күтеміз. Бірінен-бірі өтеді. Осалы жоқ сияқты. Кезекті сабаққа кіретін қоңырау соғылғанда аудиторияға оқытушының өзінен бұрын дақпырты жетті. «Өте жақсы ағай екен», «бұрын республикалық телевизияда, радиода жұмыс істепті». «Сатирик көрінеді». Құрбыларым бір-біріне ол кісі жайлы естіп білгендерін жарыса айтып жатыр. Сол сәтте жұрт мақтаған адамды тезірек көруге құмарттым. Көп кешікпей есік айқара ашылды да орта бойлыдан жоғары, жазық маңдай, қыр мұрын ақ-сары жігіт жымиып кіріп келе жатты. Орнымызда үдере тұрып ізет көрсеттік. Басын изеп отырыңдар дегенді қабағымен ұқтырды да сөйлей берді. Қоңыр даусы әуезді, құлаққа жағымды екен. «Қадамдарың құтты болсын! Әуелі жақсылап танысып алайық»,-деп әрқайсымызың ныспымызды сұрады. Ал өзін «Мартбек Тоқмырза деген болам. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдағам, үйленгем, бір әйелім екі балам бар»,-деп қысқа ғана таныстырды. Сәлден кейін «қане, кімнің журналист болғысы келеді қолдарыңды көтеріңдер»,-деді. Жапатармағай жарыса қол көтеріп жатырмыз. Ағай жымиып қарап тұрды да: «Енді сендер журналист болғым келеді дегенді ұмытыңдар.
Әрі қарай