Себепсіз гүлдер.. (личное)

Көп гүлдің ішінде, көп сыйлықтың арасында ең қымбаты себепсіз гүлдер. Ойламаған жерден, тосын сый боп, күтпеген адамнан келген бір шоқ сәлемдеме ерекше ыстық сияқты. Міндетті түрде романтикалық астары болуы қажетті емес, әрине. Кей уақыт,құр, қараптан қарап біреу ықыласын білдірсе, достық сезімін айқындаса, тіпті кезінде тұтанған, бірақ лап етіп жанбай қалған сезімннің белгісі ретінде сыйға гүл жіберсе есте де, жүректе де қалады екен.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
Әрі қарай

Қыспен қоштасып қалайын, естелік айтып)))

Қайран балдәурен!!! Бала кезімде қысты қатты ұнататын ем. Өйткені үй шаруасы қорада, күніне бір мезгіл ғана, ал ойынның түр-түрі болатын. Қар атыс, окоп қазу, аққала жасау, шаңғы, коньки, шана тебу, хоккей… керемет уақыт еді. Әсіресе қыстың басында, және аяғында қар атыс ойнаған ерекше ұнайтын. топ-топ болып таудың екі жағына тұрып ап, алақанға қар түйгіштеп, тасыр-тұсыр соғыстың соңғы тұяғы басталып кететін. Естелік-елес-цитата:
Таудың аржағынан: Ей тиід саған!!! Аяғыңа тиді өз көзіммен көөрдім. Е давай сен ранен болдың, бір аяқпен атысасыңңңң!!! ЕЕЕ арамы ойнау жоқ нақ…
Әрі қарай

Қайран...

Бала кезімде әрнеге бас қатырушы едім. Үлкендерден «плюс»,«минус» дегенді естіп алып, егер розеткаға шнурды былай тықсам телебзір жанып кетер ме екен.Бұның плюсі қай жағы екен деп ойланған да кездерім болған.
Балалығым саман кірпіштен қаланған ескі үйде өтті. Қонақ бөлмеміз енсіздеу ұзын болатын. Ана шетінде бір ләмпішке, мына шетінде бір ләмпішке сол бөлмемізге жарық түсіріп тұратын. Мен «включателді» қосып қалып, қайсысы бірінші жанады екен деп қарайтынмын.Осындай әрекеттеріңіз болса бөлісе отырыңыздар
Әрі қарай

Сүйісіп болды

Ауылдан әжем келді. Осы кісілердің қолында өскендіктен «Мама» деп атап кеткенмін ғой бала кезден. «Осы күні телебзірден түк көрсетпейді?» дей отырып үйдегі көпшіліктің шешімімен «Денизбен» тоқтаттық канал айналдыруды. Шәй үстінде әр нені айтысып отырдық. Бір кезде кинодағы қыз бен жігіт сүйісті. Мамам «Баяғыда, 3-4 жасыңда кино көріп отырғанда сүйісетін көріністерде көзіңді жұма қалып, үйдегілерге көздеріңді жұмыңдар, сүйісіп жатыр»,- деп айқайлайтынсың.«Көздеріңді ашыңдар, сүйісіп болды»-деп шамалыдан кейін көзіңді ашатынсың" деп күліп еске алып жатыр.Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.
Бала кезімде сүйісіп жатқандарды көргенде бөлмеден шығып кетсем де соның соншалықты жаман нәрсе емес екенін түйсінетін ем. Кейін үйленгенсін сүйісуден де жақсы нәрселер бар екенін білдік қой)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Көк шаңғы мен көк шана

Коньки туралы жазба балалық шағыма саяхатқа тағы бір жіберіп алды мені. Әйтеуір бір туған күніме аудан орталығында жұмыс істейтін әкемнің інісі шаңғы алып кеп берді.Әлі есімде, бас жағында аққаланың суреті бар болатын. Кішкене ғана шаңғы.Кішкене таяқшалары бар. Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
көк шанам болып еді. Жаны берік өзінің.Үстіне екі «фләк» қойып алып су да тасимын. Таудан да сырғанаймыз. Ақыры бір күні бұты талтайып кетті.Сырғанасаң бір жағына қарай қисая беруші еді.
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Әскерге жана келген кезіміз болатын.Бізді алғаш әскери тәртіпке үйретіп жүретін Артықбаев деген сержан күнде жатарда
«Тағы да бір күн өтті»- дейді сонда бәріміз айғайлап «Ну и пуст» деуіміз керек.Ол «Завтра новый день» дегенде бәріміз бірден айғайлап «А нам похи» деуіміз керек.Осылайша күндер өтіп жатты.Бәріміз орысшаға тіліміз келетініміз бар келмейтініміз бар әлгі сөздерді жаттап алдық.Кешке сержант Артықбаев кезекшілікте болған кезде үнемі осы сөздерді қайталап айтып жүрдік.Бір күні кешке бәріміз ұйқыға жаңадан жатқан кезіміз болатын.Ротаның командирі журнал толтырып жүріп«сегодня какой день»деді.Сонда арамызда орысшаны мүлдем қақпайтын Досжан деген досым сержан Артықбаевтың үйретіп жүргенімен шатастырып «А нам похи» демесі бар ма."Қандай күн болсада сендерге похи ма не?" деп ашуланған командиріміз «сендерге похиды көрсетейін»- деп түнімен ОЗК кигізіп плацта жүгіртіп қойған еді.
Әрі қарай

Бексұлтан Нұржекеев: Бір өкініш, бір үміт...

Бексұлтан Нұржекеевтің кім екенін, қашан туғанын жазып уақыт алмай-ақ қояйын. Білетінім Бекең «махаббат жаршысы». Бала кезімде (3-ші класс бітірген жылы) жазушының «Бір өкініш, бір үмітін» оқимын деп, таяқ жеп, сөз естіген ем. Менің жасым да, басым да жетпепті сол кезде ол шығарманы оқуға шын мәнінде.
Бұл шығарма өзінің әйелін сүйе тұрса да басқа әйелдерді ұмыта алмай жүргенін түсіндірмек болған Шеген аты кейіпкердің естеліктерінен тұрады. Күйеуін, жігітін басқалардан қызғанатын қыз-келіншектерге, келіншектеріне басқаны неге ұмыта алмай жүргенін түсіндіре алмай жүрген жігіттерге оқуға кеңес беремін.
Әрі қарай

Бір саусағы шолақ (молақ) қыз

Ауылда нанды табаға жауып, қидың қызуымен пісіреді. Біздің ауылда солай әйтеуір. Нан таусылып қалу деген мәселе болады кейде. Сол кезде көрші үйден бір таба нан сұрап аласың. Бір күні біздің үйде нан таусылып қалды, қырсыққанда қантта бітуге таяпты(мыналар жарымаған сорлылар екен демеңіздер, бұл сонау 90-шы жылдар, әйтеуір 90-91ші жылдың біреуі).
Әрі қарай

Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды.
Әрі қарай