Абылайхан: "Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру"

«Осындай талантты студенттер кімде бар екен?» деп масаттанып қоямын кейде.

Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіруИә, иә, мен бүгін тағы кураторлық тобымның кезекті дарыны туралы сөз қозғағалы отырмын. Олар туралы мен айтпасам кім айтады? Өткенде «ән» тақырыбында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс студенті Нұржан Оразалинмен таныс болсаңыздар, бұл аптадағы «кино» тақырыбының кейіпкері – Абылайхан Қайыржанов.

Абылайхан – менің топтағы ең белсенді көмекшім. Мен ұйымдастыратын тәрбиелік шаралардың фото түсірілімі соның мойнында. Ал оның операторлық қабілетіне екеуміз кафедра бейнеролигін жасаған кезде біржола көзім жетті. Жә, тақырыптан ауытқымайын.

Абылайхан сабақтан тыс уақытта қосымша «Studio24 Media Production» компаниясында операторлық қызмет атқарады. Ол масштабты жарнамалық роликтер, музыкалық клиптер түсіреді. Дегенмен оның басты арманы — киноиндустрия.


Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіруАл осы мақсатқа жетудегі алғашқы қадамын ол өткен жылы «Infomatrix» байқауында жасап көрген екен. Және ол қадам жетістіксіз болмады.

Infomatrix — Румынияда 2003 жылдан бері мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілетін халықаралық IT-олимпиада. «IT-олимпиадасы несі?» деп таң қалмаңыздар, байқауда «программалау», «аппараттық басқару», «робототехника», «компьютерлік графикадан» бөлек "қысқаметражды фильм" категориясы бар. Байқау туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Абылайхан байқауға осы қысқаметражды фильмдер категориясы бойынша қатысты. Фильм сценарийін Якудин атты досымен бірігіп жазып, өзі әрі режиссер, әрі оператор міндетін атқарды. Тіпті керек десеңіз монтажын да өзі жасады. Ал рольдерді кластас достары сомдады. Нәтижесінде Якудин екеуі Қаскелеңдегі іріктеуде бас жүлдені алып, Румынияда өткен финалда күміс медальге ие болды.



Debutfilms командасы байқауға ұсынған «Мүмкіндік» (Chance) қысқаметражды фильмі мектеп қабырғасындағы оқушының ең басты міндеті – білім алу екендігін үндеп, жасөспірімдерді балаң сезімге бой алдырмауға шақырады.
Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру
«Фильм бозбаланы кездестірген күннен бастап өзгеріп сала берген үлгілі оқушы қыз туралы. Сабақты жайына қалдырып, бар уақытын арнап жүргенде жігіті оның жүрегін жаралап, көңілін қалдырды. Дегенмен соңында қызға тағы бір мүмкіндік беріледі.
Білім – біздің өміріміздегі ең басты нәрсе. Білімсіз мансап пен жетістікке жету мүмкін емес, ал кейбіреулер оны кеш түсінеді. Сондықтан мүмкіндік барда оқыңыздар және дұрыс таңдау жасаңыздар!» дейді фильм авторлары.



— «Chance»-ты түсіру барысында қандай қиындықтар болды?
— Басында актерларды таңдау қиын болды, бірақ кейін бәрі өз орнына келді. Қатты қиындық көрген жоқпын.

— Өзің оператор, өзің режиссер болыпсың, екі бірдей міндетті қалай атқардың?
— Мен ең алдымен актерлерге «раскадровканы» көрсетем, кейін оларға жалпы сюжетті түсіндірем. Содан соң барып түсіру процесін бастаймын.
Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру

— Жаныңа фестивальдік кино жақын ба, әлде бұқаралық па?
— Бұқаралық кино жақын. Себебі оны көпшілік көреді.

— Қазақ жастары түсіріп жүрген туындыларды ешкім біле бермейді, неге соларды танытатын алаң ашпасқа, мысалы киноклуб, кинобағдарлама немесе қандай да бір сайт ашып деген сияқты?
— Ол туралы ештеңе айта алмайды екенмін. Жалпы өз-өзіммен жүрген адаммын. Дегенмен ойланып көретін зат екен.

Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру

— Өзіңдей кино түсіруге қызығатын жастарға қандай кеңес берер едің?
— Оларға айтарым: қазіргі XXI ғасырда бәрін де ғаламтордан тауып алуға болады, ізденіп көп нәрсе үйренуге болады. Айтпақшы, МЕГА-да 14 жасқа дейінгі балаларға арналған кино мектебі бар, онда балаларға кино түсірудің негіздерін үйретеді. Ең бастысы – өздеріңе ұнаған тақырыпты ғана түсіріңдер!

Сүйікті студентіме сәттілік тілеп қойдым. Тек биіктерден көріне берсін!

Суреттер Абылайханның жеке мұрағатынан алынды
Әрі қарай

МЕН көрген 5 КИНО

Блог - abzalsariyev: МЕН көрген 5 КИНОБлог - abzalsariyev: МЕН көрген 5 КИНОЖалпылай алғанда аса бір киноман емеспін.
Ақшаны оңды-солды шаша да бермеймін.
Алайда, аптаның күніне қарамай, алдын ала ниеттеніп ап, достарыммен жақсы кино көруден бас тартқан емеспін.
Әрі қарай

Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма?

Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне аударады. Арнайы дистрибьюторлық компанияларға алдын ала тапсырыс беріледі де, салыстырмалы түрде рейтингі жоғары, халыққа қызық болады-ау деген киноларды таңдайды. Мысалы, аптасына 2 фильм көрсетілу керек болса, шамамен, жылына 104 фильм сатып алады. Ол фильмдерді жыл бойына 2-ақ рет көрсетуге рұқсат бар. Тіпті, Хоббит сияқты жаңа, эксклюзив фильмдерді алғаш боп қай канал сатып алады, 2 жыл ішінде сол арнадан ғана көрсетіледі. Бұл — көрсетілімге эксклюзивті құқық деп аталады.
«Ал, өзіміздің… Қазақфильмнің...» деп күбірлегелі жатырсыз ғой, иә? Қазақфильмде эксклюзивті құқық деген жоқ екен, яғни бір фильмді бірнеше арна бір мезетте көрсете алады. Бұл шартына бағасы да сай келмейтін ұқсайды. Бейресми дерек көздерінің көрсетуінше, шетелдік фильмдер 2 000-20 000$ арасында алынса, отандық өнімдердің ескісі 100 мыңнан, 2000 жылдан бергісі 150 мың мен миллион теңгенің арасында сатылады. Ескі фильмдеріміздің қайта-қайта көрсетілетін себебі де осында шығар: жүз мың теңгенің бетіне қарамай, ала беретін болып тұр ғой  Негізі шетелдік фильмдердің орташа құны 6000-6500$ құрайды-мыс.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?
Сатып алынған киноның қай тілге аударылатынын арнаның бас директоры бекітіп, оны дубляждауға жібереді. Қазақша дубляждалған фильмдерге қарағанда қазақша телебағдарламалардың рейтингі жоғары болғандықтан көбіне фильмдерді орыс тіліне аударады. Сондықтан қазақша аз, оған сұраныс та аз. Рас қой, қазақша дубляждалған фильм көргенше, қазақша бағдарлама көрген қызығырақ сияқты. Әлі қазақша аудармаларға сенбегендіктен бе, білмеймін…

Фильм сатып алынды. Енді ол қалай дубляждалады? Көрерменге ұсынылғанша қандай еңбектер атқарылады?
7 арнаның дубляждау бөліміне келіп, бәрін тәптіштеп сұрап алуға тырыстым. Дубляж жасау бөліміне келіп түскен фильм алдымен аудармашыларға бөліп беріледі. Бұл жерде он шақты аудармашы қызмет етеді. Мәтіннің күрделілігіне қарай аударманың қиындығы да арта түседі. Бір аудармаға орташа үш күн беріледі.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Аударылған мәтінді редактор бір күндей тексереді. Сөздерді ауыз қимылына келтіріп, емеурінін жөндеп, көркемдік стилистика жағынан түзеп, дыбыс режиссеріне тапсырады. Дыбыс режиссері фильмнің дұрыс дыбысталуын, қимылдан сөздің қалып кетпеуін қадағалайды. 7 арнада осы саламен екі жас қыз айналысады. Әйнектің мына бетінде бәрін бақылап отырады.
Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Мынау — дауыс жазылатын кабинет. Барлық рөлді дұрыс дыбыстап болмайынша актерлар осы кабинеттен шықпайды. Қолынан мүлде ештеңе келмей жатқан актерлар басқасымен алмастырылады.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Актер мәтінді үйіне алып кетеді, киноны көреді, мәтінді оқиды, кейіпкердің мінезін сіңіреді, әбден дайындалады. Мұнда 1 фильмді дыбыстауға 2-3, көп дегенде 4 актер ғана қатысады. Баяғы «мұрнын кір қыстырғышпен қысып алып» сөйлейтін ағай жоқ сіздерге  

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Әрине, дубляждалып жатқан фильм актерлардың көз алдында тұру қажет.
Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Міне, бізге бір фильмді көрсету үшін осынша еңбек етеді. Ал, біз өзімізше телеарнадан кино көрмейміз. Солай ғой, мойындаңызшы?

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?Кенжемұрат Көшеров, дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі
— Бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мыңнан аса фильмді қазақ тіліне аудардық. Аудармамыз сапалы деп айта аламыз. Сөздің тігісін жатқызып, қисынын келтіруге тырысамыз. Орыстар боқтап сөйлейді екен деп, солай аудара салуға болмайды. Бірақ, уытты сөзді қажет етіп тұратын жерде қолданамыз, рөлді ашу керек. Стилистикасы да баса назар аударуды қажет етеді: жас жігіттің аузына шалдың сөзін салып қоя алмайсың, көрермен қабылдай алмайды.
Басқа арналардың аудармаларын міндетті түрде көріп, мониторинг жасап отырамын. Ол маңызды. Негізі барлық арнада бірдей аударма дегенмен, кем-кетіктер боп жатады. Кейбір сөздерді тура мағынасында аударып жіберіп жатады. Мысалы, «Жаужүрек мың бала» фильмінде«Сайтан алғыр» деген сөз жүр. Қазақта ондай сөз ешқашан болмаған, ол — орыстың «черт побери»-інің аудармасы. Актерлар да театрдағы пафостан түсе алмай, тым әсірелеп дыбыстайды, көрерменнің құлағына түрпідей тиеді. Қарапайым тұрмыстағы әңгімені көркемсөзге айналдырып жібермесе екен. Қазір қазақи сөз саптауды меңгерген мамандар аз, бірақ, бәрі түзелетініне сенем.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?Елшібаева Саида, аудармашы
— Мен ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударамын. Қытай тіліндегі фильмдерде міндетті түрде ағылшынша титр болады, оны аудару да қиын емес.
Бізде аудармашылар штатан тыс жұмыс істейтіндіктен еңбекақымызды аударманың көлеміне қарай аламыз. Ол фильмнің хронометражына тікелей байланысты. Мысалы, 40 минуттық фильмді аудару бағасы — 20 мың теңге. 40 минуттан асып жатса, бағасы да 50-60 мыңға дейін баруы мүмкін.
Сөзбе сөз аудармай, мағынасын беруге тырысамыз. Өйткені, ағылшын тілінен аударатын фильмді алайықшы, олардың сөйлесу мәдениеті басқа, менталитеті басқа, тіпті, мақал-мәтел, тұрақты тіркестері басқа. Сондықтан сөзбе-сөз аудару мүмкін емес.
Боқтайтын жерлерінде «сұмырай», «жексұрын», сүмелек" дегеннен артық сөздер қолданылмайды. Өйткені, дубляждың көркемдік жетекшісі сондай талап қояды.
Фильмді аударғанда түпнұсқадағы мағынаның 30 пайызы өзгереді. Онымен барлық аудармашы келіседі деп ойлаймын.

Кино дубляждалып, халыққа ұсынылады. «Оны халық қалай қабылдайды екен» деген оймен көрермендер арасында кішігірім сауалнама жүргізіп көрдім.
Телеарналардағы қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің аудармасы ұнай ма?
Қуат: — Шынымды айтсам, өзіміздің телеканалдардан кино көрмеймін.
Бота: — Сауатты аудармалар бар. Бірақ, ең сорақысы — әйелдің дауысын еркек оқитын аудармалар.
Әлімбек: — Отандық телеарналарда фильмдерді қазақша дыбыстауды орташа деңгейде деп айтуға болатын шығар. Кемшілігі — бірнеше кейіпкерді бір ғана актердің дыбыстауы.
Самат: — Әдепке сай емес, боқтайтын жерлерін аудармай, өткізіп жібереді. Ол қызық емес.
Жаннетта: — Бір арнаның дубляж бөлімінде 3 жыл жұмыс істедім. Сол ұжым ең креатив деп ойлаймын.
Қазына: — Аударманың болғаны жақсы. Бірақ, жасанды емес, кейіпкердің түр-сипатына сай дауыстармен аударса екен. Шетелдік 1-1,5 сағаттық фильмді қазақ тілінде көрген қызық емес.
Гүлнұр: — «Аударма жақсы. Бірақ, біздікілер тым әсірелеп, әдебилендіріп жібереді, ол сөздерді халық есітпеген болуы да мүмкін. Тұрмыстық қарапайым сөздермен аударса, бәрі көретін еді ол фильмдерді.

Ал, сіз ше? Телеарналардағы қазақша дубляждалған фильмдерді көресіз бе?
Әрі қарай

Ұлы сапар

Сіз өзіңізше алдағы аптаңызға немесе демалыс күніңізге тамаша жоспар құрдыңыз делік. Сол жоспарыңызды әкеңіз « Төрт күннен соң жолға шығамыз. Дайындал.» деп, сізбен келіспестен сыртыңыздан шешім шығарып бұзса не істер едіңіз? Әрине, бұлқан-талқан болып ашуланарыңыз кәдік. Қанша жерден ер-тоқымыңызды бауырыңызға алып тулағанмен әкеңіздің сөзі сіз үшін заң. Түптің-түбі келісесіз. Әкеңізбен сапарға аттанасыз. Бірақ, жолдың біраз бөлігінде томаға-тұйық отырып, әкеңізге қыр көрсетуіңіз де мүмкін. Бәлкім ол әрекетіңіз заңды да болар?
Міне, біздің кейіпкеріміз дәл осындай оқиғаға тап болады. Бірақ, ол жоспарын тек ойнап-күлуге ғана емес, оқуға құжат тапсырып, емтихан тапсыратын күнін күтіп жүрген болатын. Лицейді аяқтап, енді одан әрі білім алсам деген ниетпен оқуға бір мәрте түсе алмай қалған 20 жасар жас жігіт, өзінің емтихан тапсырып, оқуға түскен сәтін талай мәрте ойша қиялдаған да болар? Ұлының осындай ұлы арманын күл-парша еткен қандай әке, ол неткен сапар деп отырған боларсыз? Бұл ұлы сапар әкенің де о бастағы арманы болса ше? Бұл өтініш әлде бұйрық бір аяғы жерде, бір аяғы төрде тұрған қарт әкенің соңғы тілегі, өзін алдыға жетелеген арманына деген соңғы ұмтылыс болса ше? Онда, көрер қызығы алда деп саналатын жас жігіттің өз арманын әкесінің арманынан жоғары қоюға қақысы бар ма?
Реданың басына түскен сәтсіздіктің барлығы ағасының ішіп алып көлік айдау куәлігінен айрылып қалуынан басталғандай ма қалай өзі? Әйтпесе, әкесі баласының буынсыз жеріне пышақ салмауы тиіс еді. Енді міне, Францияның оңтүстігіндегі шағын қалашықта өмір сүріп жатқан Реда әкесін Меккеге ағасының ескі «Пежосымен» апаруы керек. Түскелі тұрған оқуын, сүйген қызын тастап Реда байғұс қыңыр шалдың айдауымен кетеді. Өз айтқанын орындататын осынау тік мінезді шал маған қазақ шалдарының, далалықтардың әкелік образының жиынтығы болып көрінді.
Әбіләкімнің  ауылы: Ұлы сапарФранцуздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз.
Әр мұсылманның асыл арманы Меккеге бару, сол жаққа қажылық сапарға аттану әрине ұлы сапар болып есептеледі. Бірақ, бұл фильмнен одан бөлек екі заман адамының, екі буын өкілінің бір-бірініңі әлеміне, ішкі жан-дүниесіне сапарды аңғаруға болады. Ұзақ сапар баланың әкені ұғуына, оның өмір салтын түсінуіне, өзінің қателіктерінен сабақ алуға үйретеді. Өзін бір адамдай білгішпін деген жас жігіт хат танымайтын әкесінің сұңғылалығына бара-бара тәнті бола бастайды. Өмір атты ұлы сапарда ақ пен қараның қатар жүретініне, жақсы ададар мен жаман адамдардың барлық ұлтқа тән екеніне осы кино арқылы тағы бір көз жеткізтуге болады.
1962 жылы дүниеге келген, сценарист, режиссер Исмаил (Исмаэль) Феррухидің шығармашылығымен мүлдем таныс емес екенмін. Мен, жалпы «Ана режиссер жаңа туынды шығарыпты» деп шарқ ұрып, іздеп жүріп сол киноны көретін жандардан емеспін. Омарбраттың жолымен торрентке шыққанын, онлайнға іліккенін көріп жүре беретін жанмын. Бірақ, осынау киноны мен осыдан екі-үш жыл бұрын еліміздің бір телеарналарынан көріп қалған болатынмын. Көрілген соң ұмытылып қалатын фильм бұл емес. Бірақ, дәл сол кезде мен бұл фильмнің режиссеріне мән бермеген едім. Блогиада аясындағы осынау тақырып бұл киноны тағы бір шолып өтуіме мұрындық болды. Сондай-ақ, режиссердің қолынан шыққан басқа да дүниелер көруге тұрарлық секілді. Секілді деймін-ау, уақыт тауып, көретініме бек сенімдімін.
Айтпақшы, керемет кинотуынды түсіріп шығу үшін көп дүние қажет емес секілді. Жақсы сценарий, рөлдерді сомдайтын екі-үш адам, бір оператор камерасымен және 1990-91 жылғы универсал «Пежо» не болмасса «Пассат» та жарай береді.
Әрі қарай

Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Екінші. Екінші қадам, екінші өмір, екінші бақ.

Ылғида бірінші болуды қалайтын жандар үшін «Екінші» болу етек жеңін жиған адам үшін өрескел көрінеді. Бағзыдан «екінші сыңар» болу қалыпты дәстүр болса, бертін келе бұл әдіс өзіміздің қоғамда теріс пікірге ие болған еді. Дегенмен, бұрыңғының баянды өмірі қоғамға қайта енді. Екінші әйелді заңдастыру керек деп, талай ер азамат қолқа салса, өз сыңарын басқамен бөлісе алмаймыз деп тағы бір топ атой салды. Олардың біреуі шариғатты шатастырды, бірі исламды итермеледі. Алайда, жеңілген топ пен жеңген топтың басымдылығын көре алмадық. Қазақ қоғамында құлақтың құрышын қандыратын қазақша пәлсапалық ойлар айтылса, бірі қате пікір етіп қалыптастырып үлгерді. Жоғарыдағы жалпақ тілді жұртшылық үшін арнай сауалнама жүргізу арқылы «Екінші әйел заңдастырылу керек пе?» деген сауал тастаған едік. «Иә» деген жауап 127 дауыспен алға шықты. Сонымен, олар кімдер?

Сұрақ қою әдісі мен уақыты: сауалнама 23 маусым мен 3 шілде аралығында әлеуметтік желі арқылы, анонимді түрде жүргізілді.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Екі аптаға жуық жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 55 пайызы «иә» деп жауап берсе, 45 пайызы «жоқ» деп жауап берген.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Олардың 55 пайызы ер, 45 пайызы әйел адам.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Соның ішінде 51 пайызы — 26-35, 36 пайызы – 18-25, 11 пайызы – 36-45 және 1 пайызы 46-55 жаста.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Отбасын құрмағандар саны 54 пайыз болса, отбасылылардың саны 46 пайызды құрады.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Респонденттердің 55 пайызы баласы жоқ екендігін көрсетсе, 41 пайызының 1-3 баласы, 4 пайызының 4-6 баласы бар.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Сауалнамаға 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының тұрғындары қатысты.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?


САУАЛНАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ПІКІРЛЕРІ
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Еркектер — «ИӘ»:

— Көшеде зина жасап, ұрпақ сүйе алмаған ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткендерінен гөрі екінші әйел алғанды дұрыс санаймын. Өз басым үйленгенмін, келіншегімнің жасы 21-де, ал өзім 26 жастамын. Келіншегім екінші әйел алуыма қарсы емес! Керісінше өзім атап өткен жағдайларды түсініп, келісім берді. Қазақтын санын көбейтуіміз керек!

— Некесіз балалар, бойдақ әйелдердің азаюы үшін заңдастылырғанын қалар едім.

— Бұл Алланың даналығы.

— Екі әйел заман талабы.

— Болмағаннан болғаны жақсы ғой.

— Қанша ақылдысымақ болса да, сыртта жүретініміз айдан анық. Ол аз десеңіз көкелерден бастап бәрі саунада.

— Екі әйел алуды заңдастыруға болады, тек мынадай жағдайлар орындалғанда ғана:
1) Екінші әйел алғанға дейін бірінші әйелмен кем дегенде 10 жыл бірге тұрып шығу.
2) Бірінші әйелдің рұқсаты.
3) Екі әйелдің бөлек үйлерде тұруы қамтамасыз етілген жағдайда.
4) Екі әйелдің де күйеуі тарапынан көрсетілетін көңілге, ықыласқа, сондай-ақ, тұрмыс жағдайына разы екендігін растауы.

— Жасым жиырма алтыда, менің ойымша екінші әйел алу заңдастырылып, әр адамның өз еркіне қалдырылу керек. Өйткені қазақтың демографиясы дамуы керек. Шетел жігітіне тұрмысқа шығып жатқан қыздарды қолда алып қалу керек. Бойдақ қыздарды алып тудыру керек. Секеңдетіп жүргізбей. Қазақтар көбеюі керек. Екінші әйелден шошынудың қажеті жоқ. Әр кімнің астында жатқанша 1 адаммен болсын. Еркек әр әйелге барғанша өз әйеліне барсын.

— Аруларымыз өзге ұлт өкілдеріне тиіп, қор болып бара жатыр. Ер адамның жағдайы жар берсе тоқал алуына қарсы емеспін.

— Жағдайы көтерсе ала берсін, оның несі айып? Біздің қоғамда бір ер адамға шаққанда 6-7 әйелден келетіні өтірік емес қой.

— Қос қолдап қолдаймын.Бала саны да көбейер еді.

— Қолдаймын 2 әйел алуды. Бірақ, мынандай шарт болуы тиіс. Ол еркектің жағдайы жақсы болуы керек, бірінші әйелінен кемі 5 баласы болуы тиіс. Екінші әйелді алған соң ол да кемі 5 бала тууы керек. Сонда ғана рұқсат. Айтпақшы, екіншінің де жағдайы жақсы болуы керек. Карточкасына кемінде 10 млн теңге салып беруі тиіс, һәм үй жайын жасап беруі керек.

— «Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?» деген сұраққа иә деп жауап бергеніммен, екінші әйел алуға қарсымын, тек ашына ретінде пайдаланып кетпесін деп заңдастырылсын дедім.

— Иә. Керек. Тоқалдан туса да бала. Оған да әке заңды болса керекті.
Мен алам екіншісін.

— Бірден екі әйелмен тұру дегенді көріп білген соң дауыс бердім.

— Егер ата жолымен, әмеңгерлік жолымен жесірін жатқа жалтақтатпау, жетімін жылатпау мақсатында болса дұрыс, ал тоқал алу жарысы жөнінен болса қолдамаймын.

Еркектер — «ЖОҚ»:

— Қазіргі қоғамға түк пайдасы жоқ діни салттың үлгісі. Әкелеріміз бір әйелмен бақытты өмір сүріп келе жатыр. Бізге ары қарай ешқандай жорық жоқ. Мына жағдайда мүмкін болатын шығар. Егер бәйбішемен келіскен күйде, жесір қалған яки кәрі қызға үйленуге болатын шығар. Бірақ, ни в коем случай жас қызға емес. Жас қыздың өз бағы бар деп ойлаймын.

— Екі немесе одан да көп әйел алған еркектің отбасы ешқашан толық, кемелді отбасы болады деп ойламаймын. Себебі, біріншіден «жаным» деп алған жарыңның жанына жара түседі. Арадағы сезім бұдан кейін ешқашан қайтып қалпына келмейді. Бірібір бұрыңғыдай болмайды. Екіншіден, бұл балаларға ауыр тиеді. Мысалы мен өз әкемнің басқа бір әйелмен әуей болғанын елестете алмайтын. Менің балаларымда да сондай сезім бар деп ойлаймын. Балаларымның, жарымның жанын жаралап тұрып, одан кейін ұрпағыма адалдық, достық, тазалық туралы қалай әңгіме айтуға болады.

— Қиын сұрақ! Әйел заты көп деп «иә» дейін десең өз қызыңды екінші әйелдікке берерме едік?
Жауап жазбас бұрын ойланайық.
Дегенмен жасырын ашыналар көп, бірақ өз әйелдері біледі солар үшін жасырын жүргенше 2 әйел алғаны да жөн шығар.

Әйелдер — «ИӘ»:
— Ажырасып 2-әйел алғаннан жақсы.

— Екінші әйел алуды заңдастырса, қыздар өзін тастап кетеді деп қорықпай «тоқал» бола алады. Ал бұл жағдай, еліміздегі «кәрі қызддардың» санын азайтар еді.

— Екінші әйел болып өмір сүргісі келетін келіншектер ең құрмағанда оны заңдастырып, баласын жетімсіретпей өсірсін.

Әйелдер — «ЖОҚ»:
— Заңдастырмай-ақ алуға қарсы емеспін, некесин қиып мұсылмандық жолмен болса болады. Екінші үй қылып отырғызып қойса дұрыс-ақ.

— Асыра пайдаланушылық белең алып кетеді! Меніңше әр баланың бір ғана ата-анасы болғаны дұрыс. Бала психологиясын да бұзады: жеккөрушілік, араздық, бәсекелестік пайда болады.

— Неге екінші әйел алуды қолдауымыз қажет? Ата-аналар осы уақытқа дейін қыздарын біреудің тоқалы болсын деп өсірмеген шығар.

— Көпәйелділікті қолдайтындардың қатарынан емеспін. Қолдайтын жамағатымыз санаққа сүйеніп сандырақтап жүргені, жеті әйелге бір еркек деп. Негізінен мансап қуған қыздар, етек алған еркектердің бедеулігі, оң босағада отырып бала табатын қыз-қырқындар, ашыналық өмірді қалыпты жағдайға айналдырған отбасылы адамдар, т.с.с қоғамдағы көріністер ойлантарлығы анық. Алайда көпәйелділік бұған жол емес. Екі жарты бір бүтін болып әдемі қартайғанға не жетсін!!!

— Өзі тып-тыныш тұрған Қазақстанда әйелдер соғысы көбейіп кетуі мүмкін. Оның арты жақсы болмайды. Мен бұл пікірге мүлде қарсымын. Шағын мемлекеттер арасындағы соғыс өте қауіпті. Қызғаныш деген өлімге дейін апаратынын ұмытпайық. «Айтуға оңай», әрине Берік ағамыз айтқандай.

— Қазақтың еркектері одан сайын құтырады онда.

— Күйеуімді өзге біреумен бөлісе алмайды екенмін.

— Заңдастырмай-ақ алатындар алып жатыр. Заңдастыру деген міндеттеу деген сөз емес. Заңда рұқсат берілген екен деп, әйелдер күйеуінің тоқал алуына келісе бермейді, бәрібір отбасының шырқы бұзылады. Адам сезімдерін заңмен реттеймін деген далбаса.



Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Инфографика easel.ly сервисінде жасалды.



Сауалнаманы қорыта келе, Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру қажет деп есептейтін адамдардың бейнесі:
Алматы қаласында тұратын, орта шамамен 26-35 жастағы, үйленген, балалары жоқ, қаржы мамандығы бойынша қызмет ететін ер азамат.
Әрі қарай

Той дегенде қу бас та домалайды

Бұл турда көшеден наурызкөже сұхбат жасап, ұпай жинау ойда болды. Ел жаққа барып, қора-қопсы, үй-жайдың бұзатын жерін бұзып, қосатын жерін қосып жатқандықтан көшеден өткен ауылдастарыма әңгіме арасында сауал тастай отырып жасаған сауалнамамды қабыл алуларыңызды сұраймын.
Жаз мезгілі қазақтың той-томалағының көбейетін шағы. Сауалнамам осы төңіректе өрбіді. Бұған қуанышпен қатар жүретін, кезектесіп отыратын, өлік-тірікті де қоса алдым.
Сауалнамаға жауап берушілердің 59 пайызы 5-6 мәрте жұрттың қуаныш-қайғысын бөлісіп қайтады екен. Сондай-ақ, бұл топ барған жеріне кемінде 5-10 мың теңге (кейде қомақты сомма беретін жөні келеді) көлемінде ақша тастап кетіп отырады.
Келесі 21 пайыз ауылдастарым бұндай жиынға 2-3 рет бас сұғып, 5 мың теңгеге дейінгі қаражатты қажетті жандарға тастап кетеді.
Әбіләкімнің  ауылы: Той дегенде қу бас та домалайдыАйына бір рет ұялғаннан не болмаса реті солай келгендіктен той-томалақ, өлік-тірікке бас сұғатын 12 пайыз жерлестеріме де бір мәрте шапалақ ұрып қоюларыңызды сұрағым келіп тұр. Бұл кісілер қолтығына бір шапанын қыса жүргенді ұнатады екен.
Бұл сауалнаға «Бармаймын» деп жауап берген көбіне 16-20 жс аралығындағы жастар. Ондай жерлерге ата-аналарымыз барса немесе ақша жазылса жеткілікті деп есептейді.

Айтпақшы, Бразилияда өтіп жатқан футбол бәсекесін жатпай-тұрмай қадағалап жүрген ауылдастарымның санын білгім келген. Ойлағанымдай бұған бас қатырып жүргендер шамалы екен. Оның да себебі бар. Қазір ел жақта шөп шабу науқаны, егін оруға дайындық және бар. Егер менің қолымда 4 саусақ қана бар болар болса, футбол жанкүйерлерін санағанымда оның бірі артық қалар еді.
Әрі қарай

Мейрамхана, шығын, себеп

Жұрттың баласы пысық осы, жүрген-тұрғанын есептеп, әр шығынан қағазға тізіп жүреді. Сондай өте ұқыпты құрбымның әңгімесін естіп, ұялып кетсем керек — үйге келе сала, соңғы айда жұмсаған ақшаларымды есептедім. Дәл сол айда қыдырыс көбейіп кетті ме, қонағым көбейіп кетті ме, кафе-ресторанға жұмсаған ақшам 40 мыңнан асып жығылыпты. Сонша ақшаны ішіп-жеп қойғаным үшін ал кеп өзімді сөгейін.
Маңдай теріммен алған еңбекақымды ысырап қылғаныма қанша өкінсем де, жалғыз өзім «жаман атты» болғым келмейді әйтеуір. «Мүмкін ақшаны бей-берекетсіз жұмсайтын мен ғана емес шығар» дейді ішкі ойым. Бар екен. Көп емес. Айттым ғой, жұрттың баласы өте пысық: айына 5-10 мыңын ғана жаратады мейрамханаларға. 200 адам жауап берген онлайн-сауалнама соны көрсетті.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


Сонымен не керек, бұл айда өз-өзімді жазаладым: киім алмаймын, ешқайда бармаймын, ешкіммен кездеспеймін, тек үй-жұмыс-үй. Қайдағы? Аптасына 3-4 рет кездесуді әдетке айналдырған достарым мені іздемейді деймісіз? Телефоныма қиқулап хат келіп еді, көңілім алабұртып, өзіме берген уәде бұзылайын деп жатқанына өзім ұялып…
Байқасам, кафе-ресторан дегенге тек достарыммен кездесу үшін ғана барады екенмін. Біреу «барайық» демесе, іскерлік кездесу не арнайы ас ішу үшін ол жақтарға бас сұғуым өте сирек. Сауалнамаға жауап берген 200 адамның 88 пайызы да достары болмаса, мейрамханаға сирек баратындардың қатарында :d.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


«Достарым шақырып қоймаған соң барып едім» деген сылтауларды көбейте бермей, неге үйде тұрақты түрде тамақ пісірмеске деп ойладым. Жо-жоқ, үйде тамақ істеледі, тіпті күніне 2 рет істеледі. Әрі пісірген тамақтарым өте дәмді:dx_x. Кейде енді тамақ істейін деп жатқанда телефоныңа қоңырау түседі де, бәрін тастай сала, көшеден тамақ ішуге кетесің. Сонда деймін де, неге екі адамның басы қосылса, тек тамақ ішу керек? Неге шайтанарба теуіп, кино көріп, далада серуендеп, үйге қайтып кетпеске? Әлде кафе-ресторанның тамағында ерекше бірдеңе бар ма екен? Әрине, ерінгенге үйдің тамағы қанша дәмді болса да, қазанды салдырлатып жатқаннан 1000-1500 жарым теңгеге фаст-фуд жей салған тыныштау. Демек, мен де ерінемін. Мейрамханаларға пингвин еті, жылан сорпасы сияқты экзотикалық тамақтарды жеуге бармасаң, күнделікті үйде пісіріп жүрген спагетти, палауларға тапсырыс беру шынында біртүрлілеу екен. Төмендегі статистиканы көргеннен кейін үйде тамақ пісіруге ерінбейтін болдым.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


Айына достарымен кездесу үшін жиі жиналып, 10-15 мың теңгесін мейрамханаға тастап кететін қарапайым адамдарды қойыңызшы, өнердегі жұлдыздарымыз ше? Кішігірім статистикаға сүйенсек, жұлдыздарымыз мейрамханаларға көбіне тамақ ішу үшін барып, ай сайын 100-200 мың теңгесін қиналмастан төлеп жүре береді екен. Сенбесеңіз, төмендегі блиц-сауалнаманы қараңыз.


Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Айына кететін шығындарды түртіп жүрген жақсы. Шығынның цифрлары көз алдыңда жазылып тұрса, ақша ақылмен жұмсала бастайды. Тіпті, қойындәптеріңіз бір жақта, жазуыңыз бір жақта қалады деп қорықсаңыз, мейрамханаға төлеген шоттың чегін жинап жүріңіз. Айдың аяғында бәрін есептеп, әмияныңызды тазартып отыратын боласыз.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп

Достармен кездесу үшін тек мейрамханаға не қандай да бір орынға жиналу шарт емес. Өмір салтын өзгертіңіз. Достарыңызды шаңғы тебуге, шайтанарба тебуге, шахмат ойнауға, гитарамен ән налуға, атқа мінуге, боулинг ойнауға, сурет салуға шақырыңыз. Денсаулық та, көңіл-күй де жақсара түседі. Бірте-бірте достардың кездесу орны мейрамхана емес, спортзал болуы да мүмкін.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Тек қана үйден тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, суреттегі тағамдардан «Кірпі» деп аталатын дәмді тамақті пісіруге болады. Оған кететін шығын: фарш — 570 тг, сәбіз — 100 тг, аскөк — 100 тг, қаймақ — 380 тг, пияз — 100 тг, Магги қоспасы — 200 тг, барлығы (шамамен) — 1450 теңге. 1450 теңгеге үйде 4 адамды әбден тойдыруға болады, ал, мейрамханаларда бір адамды тойдыру қиындау.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себепДәмді әрі жылдам пісетін, оңай дайындалатын «Кірпі» туралы айтқан екенмін, рецептімен де бөлісе кетейін. Бұл тағамды Магги дәмдеуішінсіз дайындау мүмкін емес, меніңше.
Жоғарыда көрсетілген 1450 теңгенің азық-түлігін аламыз да, алдымен күрішті жуып, үстінен ыстық су құйып, 10 минутқа бұқтырып қоямыз. Пиязды майдалап тураймыз, сәбізді үккіштен өткіземіз.
Сәбіз, пияз, фарш, Магги қоспасының «фаршқа» деген бөлігін, күрішті суымен бірге, бәрін бір ыдысқа салып, араластырамыз.
Енді соусын дайындап алу керекпіз. 400 грамм мұздай суға 3 ас қасық қаймақты салып, әбден араластырамыз. Одан кейін Магги қоспасының «соусқа» арналған бөлігін қосып, араластырамыз. Соус дайын.
Фаршты дөңгелектеп алып, майланған қазанға не табаға саламыз. Соусты ақырындап құямыз, дөңгеленген фарштар батып тұру керек.
Баяу отта 30 минут пісірсеңіз, дәмді тамақ дап-дайын болады :-@d
Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Ас болсын!
Әрі қарай

Қайран менің өз үйім

Кең сарайдай лашығында көсіліп жатқан Жиреншенің айтқан сөзі ХХІ ғасыр қазағы үшін де аса өзекті болатынын кім білген. Мүмкін, шешеннің іші сезген де шығар. Қалай десек те, Жиреншенің жағдайы қазіргі көп қазақтан артық болғанына дау жоқ. Оның боз үйі, ең бастысы, өз үйі бар еді.
Әрі қарай

Магистратура: қанша және не үшін?

1 шілдеден бастап Қазақстан жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау басталып, үміткерлер апыр-топыр құжат жинауға кірісіп кеткен болатын. Алдын-ала қам жасап қойған пысықтар алғашқы аптада-ақ құжаттарын тапсырып та үлгеріп, емтиханға дайындалып жүр. Жастардың көбі магистр атануға құштар. Мемлекет те білім алам деушілерге жағдайды жақсы-ақ жасап отыр — жылдан-жылға бұл білім бағдарламасына бөлінетін грант саны өсіп келеді. Мысалы 2010 жылы магистрлерді дайындауға бөлінген орын саны 2739 болса, 2013 жылы ол сан 6959-ға жеткен. Биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі әзірге белгісіз, дегенмен былтырғыдан аз болмасы анық. Ал осы бөлінген орын қалай меңгеріліп жатыр? Қабылдау әділетті жүріп жатыр ма? Өзіміздің кезінде магистратураға дайындығымыз зая кетпеген еді, ешкім ренжітпеген.


Сонымен сауалнамаға қатысқан 78 адамның 43-і магистратурада оқыған/оқитын болып шықты. Бұл жалпы санның 55 пайызын құрайды. Жаман емес.



Магистратура оқымаған 45 пайыз не дейді екен? Олардың оқуға ынтасы бар ма екен? Жауап төмендегідей:

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Респонденттердің 14-і «Неғылам оны? Құр қағаз» депті. Оқуға құлшынысы болмаса «елдің бәрі оқып жатыр екен» деп жармаса кетпей, позицияларын айқындап алғандары да дұрыс бір жағынан.

Расында да, неғылады екен? Бұл сұраққа жауапты биылғы құжат тапсырушылардан іздедім.


ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясы қызу жұмыс істеп жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Сонымен үміткерлер не дейді?
ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Әсет, «Ақпараттық жүйелер» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Осы ЕҰУ-да жұмыс істегім келеді, оқытушылық ұнайды. Сол үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Азель, «Математика» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Астанадан кеткім келмейді. Магистратура менің Астанада қалуымның бірден-бір мүмкіндігі.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Зәмзәгүл, «Халықаралық құқық» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Магистратура жұмыста өсуіме керек. Қазір көп жерлерде магистрлік диплом талап етіліп жатыр.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Жәнібек, «Археология және этнология» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Студент кезден қазба жұмыстарына қатысып жүрмін, келесі апта тағы экспедицияға кетіп барам. Магистратура маған осындай зерттеу жұмыстарымды жалғастыру үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Қымбат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2012 жылғы түлек):
— Қазір көп жерде магистратура дипломы талап етіледі. Тіпті мектептерде де. Сол үшін керек.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Раушан, «Химия» мамандығына құжат тапсырушы (2013 жылғы түлек):
— Өзім ғылыми орталықта жұмыс жасаймын, ғылыммен айланысқан ұнайды. Сол үшін магистратура оқып, ары қарай жалғастырғым келеді.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Инабат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Жоғары оқу орнында жұмыс істегім келеді. Ал мен болсам балабақшада жұмыс жасап жүрмін :d


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?


Алина мен Гүлнұр, «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Толық жоғары білім алғымыз келеді. Біздер «Көлік және байланыс» министрлігінде өндірістік практикадан өткенде ол жақтағылар магистратура дипломының болғаны жөн деп айтқан.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Досжан мен Бағлан, «Заңтану» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Просты біздің жұмыс істегіміз келмейді :d Қалжың, мүмкіндік барда оқып алсақ дейміз.



Сауалнаманы қорыта келе және өз ойымды қосып магистратурада оқудың 5 себебін тізейін:

1. Жоғары оқу орнында жұмыс істеу мүмкіндігі
Өздеріңіз білесіздер қазір ЖОО-ға магистратурасыз жұмысқа қабылдамайды. Айлығы жақсы интеллектуалдық мектептерде де магистр дипломын талап етеді.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысу мүмкіндігі
Ғылым қызықтыратын болса магистратура оған сізді бір табан жақындата түседі. Оның үстіне әрі қарай PhD-ге түсіп, сүйікті ісіңізді жалғастыруға мүмкіндік беретін бірден-бір баспалдақ — магистратура.

3. Қызметте өсу мүмкіндігі
Магистрлік диплом қызметтік сатыда жоғарылауға септігін тигізеді. Бірақ жатыпішер кер жалқаудың өзі болсаңыз, әлбетте, сізге бұл қағаз көмек бола қоймас.

4. Жағдай орныққанша мұрсат алу мүмкіндігі
Бұл енді дипломын қолға ұстап жатақханадан шығып, мәңгіріп қалған жас түлектерге қатысты. Жұмыс өтілінсіз әлдеқандай қызметке тұрып кету оңай емес, оның үстіне қазіргі дағдарыс кезінде. Магистратура сізге екі жыл жан-жағыңызға қарап, лайықты қызмет табылғанша «отсрочкаға» жағдай жасайды. Жұмыс істеуге рұқсат жоқ делінсе де, ол екі жылда өзіңізді түрлі қызметте байқап көре аласыз және аш қалам деп қорықпайсыз. Стипендия бар ғой.

5. Ел, жер көру мүмкіндігі
Құдай оңдап бір бағдарламамен шетелге грант жеңіп алсаңыз, өзге елде кемінде 1 жыл тұрып, салт-дәстүрімен танысасыз, жақсы білім алып келесіз. Тіліңіз де жақсарып қалады.
Қазақстандық ЖОО-ға түссеңіз де қайғырмаңыз, қазір магистратура білім бағдарламасында шетелге міндетті 10 күндік тағылымдама қарастырылған. Алғашқы сапар үшін бұл да жаман емес.


Солай, достар. Оқыңыздар, білім алыңыздар, тіл үйреніңіздер! Адал еңбекпен жүрсек кем болмаймыз.
Биылғы үміткерлерге сәттілік!
Әрі қарай

Жүйкеңіз қалай? Жүрегіңіз аман ба?

Блог - abzalsariyev: Жүйкеңіз қалай? Жүрегіңіз аман ба?
Мен де жұрт қатарлы бойында абыройы мен кемшілігі қаз қатар өрілген қарапайым пендемін.

Басқалар секілді күнделікті әртүрлі категориядағы стресс туғызатын жағдайларға душар боламын, сосын ашуланамын… уайымдаймын…
Әрі қарай