Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі
Уордпрестің құрсаулануына байланысты блоггер-келіншегім «өз алдына отау» етіп шығаруды өтінген. Жұрттың ісі дегенде жанып түсетін мен айналамдағылардың шаруасы дегенде саябырсып қалатын жаман әдетім бар. Содан әне-міне деп жүргенде Жалғас інім хабарласып, бір блогтұғыр жөнінде сұрады. Оның алдында жарты жылдай бұрын да менің timurrr.co.cc блогым туралы, домен-хостинг туралы ара-тұра сұрап жүрген. Еріншектікке келгенде алдыма жан салмайтын мен ертең айтам, арғы күні айтаммен бірнеше айларды да сырғытып жіберіппін
