"Түркістанның Шыңғысханы"
                
                                            "Қызыл жебе" ат үсті қараған адамға белгілі қоғам қайраткерінің өміріне арналған ғұмырнамалық, тарихи-деректі бес томдық роман-эпопея болып көрінуі мүмкін, бірақ мұнда қазақтың ертеден келе жатқан тектілік, ата тәрбиесі, рух мәселесі сынды қасиетті ұғымдарының мән-мазмұны ашылған. Жазушы көзге көрінбей жалғасын тауып жататын тек – тәрбие – рух үштігін Рысқұл – Тұрар – Ескендір арқылы айқындап береді.
«Тұрар, жағаңды кірлетпе!» Бір ауыз сөз. Болыс озбырлығымен, әділетсіздікпен күресіп күн кешкен, итжеккенге айдалған Рысқұл ұлына тек сыртқы тазалықты ғана өсиет етіп пе?.. Осы бір ауыз сөз бала Тұрардың болашақ өмірін, ондағы мақсатын, ұлы арман жолындағы күресін, бәрі-бәрін шешіп бергендей. Ол тіпті түрмеде азап шеккен күндерінде де екі түрлі мағынаға ие осы бір ауыз сөздің аясынан алыстамай өмірден озды.
Әкенің келесі бір айтқаны: «Аузың қанаса, бүлдірген жедім де!» — еді. Тұрар да, оның қорлық пен азапты көп көріп, өмірмен тым жас күйінде қош айтысқан жалғыз ұлы Ескендір де ата өсиетіне адал болып өтті. Аумалы-төкпелі кезеңде өмір есігін ашып, балалықпен достығы ұзаққа бармай, соқпасы көп өмірдің ауырлығын ерте көрген әкесіндей Ескендір де ұйытқып соққан желді, адам адастырар боранды һәм тұманды өмірмен айқасқа ерте араласты.
Отыз жетіден кейінгі қырық-елуінші жылдардағы қудалаудың екінші толқынына ілінген кейбір қоғам қайраткерлері мен әдебиетші, тарихшы ағалардың естеліктерінде түрмедегі, тергеудегі адам жаны төзбес ауыр азаптар айтылады. Ал жасы жиырмаға жетпеген Ескендір отыз жетінің зұлматында қандай қорлық көрмеді, қандай азап шекпеді?.. Бірақ әкесіне: «Мен үшін өзің жасамаған істерді мойыныңа алма!» — деп өтінбеп пе еді… Текті атаның рухы биік тәрбиесін көріп өскен ер жігіттің жауабы осындай болған-ды.
Ескендір күні атпаған қараңғы түнектей аз ғана өмірінің өзінде бір адамның басына артығымен жетерлік қорлық пен зорлықты көрсе де, Миша Гавриловтай бойындағы ағып жатқан қанын сатпады. Кекті ата, намысты әкеден туған арлы ұлдың тәні күлге айналып кете барды.
Құдайсыз қоғамда ұлының сүндеттелгені үшін де ұлтшыл деп айыпталған «халық жауының» жастық жігерін сарп етіп, алғашқы махаббатынан ажырап, ұлын анасынан айырып жүріп орнатқан мемлекетіндегі көрер күні басқаша болса керек-ті…
«Жұлдыз көпірде» Түркістанда кеңес үкіметін орнатқан халқының аяулы перзенті Тұрар қаһарлы отызыншы жылдар тақап қалған кезде Мәскеуде ұлт мәселесі жөніндегі Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары болса, қазақ басына үйірілген қара бұлтқа жайбарақат қарай алмаған ол "Қыл көпірде" азуы алты қарыс арыстандай Сталинге қарсы шығып, елі үшін отқа түсіп шыр-пыр болып, жай-күйі шарасыз боп жаны күйзелген еді.
Алты алашқа ортақ туған азамат заманының сұрқия шындығын ашуға талпынып, «Тамұқта» да ұлт үшін күресті.
Тұрарлардың күресі өмірін ат үстінде жүріп ел мен жер үшін күрескен батыр бабалардан еш кем емес!
Тұрар, Тұрар сынды талай азаматтарымыз дәуір үніне өз үндерін қосып, өздері өмір сүрген кезеңінің жоқтаушысы һәм жоғының жамаушысы бола білді. Олар өз заманына сенді. Бірақ артқан сенім ақталмады.
Тұр тұлғасы келіскен, нұрлы көзі көзәйнектің арғы жағынан да от шашып талай мүйізі қарағайдай мықтыларыңды қаймықтырған өжет, батыл Т. Рысқұловқа Қазақстанның халық жазушысы Ш. Мұртаза отыз жыл ғұмырын арнап, іңкәр көңілі мен ыстық махаббатынан кесек те қабырғалы, оқырманын бей-жай қалдырмайтын, тек тарихтан ғана сыр шертіп қоймай, адамгершілік пен азаттықты, ұлттық рух пен ұлттық сана, ұлттық мүддені дәріптейтін, мұқалмайтын, кетілмейтін, тасқа қашалған асыл сөзден ескерткіш ортантты.
            
                            Әрі қарай

             1928 жылы Ф.И.Голощекин бастаған «Кіші Қазан» реформасының салдарынан Республикадағы мал басы саны 45 миллионнан 4,5 миллионға азайып кетті. «Асыра сілтеу болмасын! Аша тұяқ қалмасын!» ұранын бетке ұстаған шолақ белсенділер қазақ шаруаларының қолындағы малдың бәрін етке өткізген болатын. Оларды орталыққа тасымалдайтын көлік болмағандықтан, үйілген етті өртеп отырған. Бұл біріншіден адамдардың ашығуына алып келсе, екіншіден, мал басы санының азаюуына соқтырды. 1928-1932 жылдары Қазақстанда адам мен мал ресурстары адам сенгісіз дәрежеде азайып кеткен. Оның орнын толтыруға ұзақ жылдар қажет болды. Тек соғыстан кейінгі жылымық дәуірінде ғана республика бойынша мал шаруашылығында өсім байқалған болатын. Бірақ, ол ұзаққа бармады. 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылды. Оны да шолақ белсенділер көтеріп әкетіп, мал шауашылығына пайдаланылып келген шабындық және жайылымдық жерлерді жыртып, егін салды. Көптеген агрономдардың қарсы болған пікірлері ескерілмеді. Нәтижесінде мал азығына қажетті жер ресурсының болмауынан бұл сала кенжелеп қалды.
1928 жылы Ф.И.Голощекин бастаған «Кіші Қазан» реформасының салдарынан Республикадағы мал басы саны 45 миллионнан 4,5 миллионға азайып кетті. «Асыра сілтеу болмасын! Аша тұяқ қалмасын!» ұранын бетке ұстаған шолақ белсенділер қазақ шаруаларының қолындағы малдың бәрін етке өткізген болатын. Оларды орталыққа тасымалдайтын көлік болмағандықтан, үйілген етті өртеп отырған. Бұл біріншіден адамдардың ашығуына алып келсе, екіншіден, мал басы санының азаюуына соқтырды. 1928-1932 жылдары Қазақстанда адам мен мал ресурстары адам сенгісіз дәрежеде азайып кеткен. Оның орнын толтыруға ұзақ жылдар қажет болды. Тек соғыстан кейінгі жылымық дәуірінде ғана республика бойынша мал шаруашылығында өсім байқалған болатын. Бірақ, ол ұзаққа бармады. 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылды. Оны да шолақ белсенділер көтеріп әкетіп, мал шауашылығына пайдаланылып келген шабындық және жайылымдық жерлерді жыртып, егін салды. Көптеген агрономдардың қарсы болған пікірлері ескерілмеді. Нәтижесінде мал азығына қажетті жер ресурсының болмауынан бұл сала кенжелеп қалды.  Расында бұл бағдарлама дер кезінде қабылданған болатын. Сонау тың игеру басталған жылдары дүрмекке ілесіп, егін салумен айналысып кеткен совхоздар біртіндеп мал шаруашылығына қайта бет бұра бастады. Неге? Себебі агроном мырзалардың болжағаны келіп, бей-берекет жыртылған жерлер бір-екі жылдан соң түсім беруді қойды.
Расында бұл бағдарлама дер кезінде қабылданған болатын. Сонау тың игеру басталған жылдары дүрмекке ілесіп, егін салумен айналысып кеткен совхоздар біртіндеп мал шаруашылығына қайта бет бұра бастады. Неге? Себебі агроном мырзалардың болжағаны келіп, бей-берекет жыртылған жерлер бір-екі жылдан соң түсім беруді қойды.  «Ел тілегі — елу миллион» ұраны шын мәнінде шопандар арасында бәскененің басты нысанына айналды. Жақсы нәтиже көрсетіп, төлді көп алғандары мақтау мен мадақтаудың астында қалған. Кейбір кісілерге «Социалистік еңбек ері» атақтары беріледі. Бұдан бөлек озат шопандар үнемі түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отыратын. Төл алуда жақсы нәтиже көрсеткені үшін менің атам екі рет мәшине алған.
«Ел тілегі — елу миллион» ұраны шын мәнінде шопандар арасында бәскененің басты нысанына айналды. Жақсы нәтиже көрсетіп, төлді көп алғандары мақтау мен мадақтаудың астында қалған. Кейбір кісілерге «Социалистік еңбек ері» атақтары беріледі. Бұдан бөлек озат шопандар үнемі түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отыратын. Төл алуда жақсы нәтиже көрсеткені үшін менің атам екі рет мәшине алған.  Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден маманданған саласы болатын әрі жеріміз де қой өсіруге оңтайлы еді. Алайда жобаның жетпей жатып желкесі үзілді. Одақтың шаңырағы шайқалып, Горбочевтің басынан бақ таяған соң нұсқаумен жүріп үйренген софхоздар әрі қарай не істерін білмей дағдарысқа түсті. «Бармақ түгіл бас қайғы» болған тұса, оларға нұсқау беріп жөн сілтеген жан болмады. Совхоз мүлкін әркім өз ыңғайына қарай талан-таражыға салған. Пысықай шопандардың бір бөлігі малдың бәрін басып қалып, өз алдына жеке шаруашылық құрып алады. Ал енді бір бөлігі үкіметтің қаржыландыруынсыз қалған совхоз қажеттілігін өтеу (жанар-жағар май, техника бөлшектері, айлық) мақсатында арзан бағаға сатылымға қойылады. Бұдан аман қалғанын кезінде комсомолдық жолдамамен қойға қуылған жастар араққа айырбастап құртады. Сол малды өсіріп-өнідірген шопандардың кеудесінде салдыраған темір мен қолдарында жарамсыз алғыс хаттан өңге дым қалмаған. Бұған наразы болған қариялар біраз жерге шапқылап, малды аман алып қалуды сұрап басшылыққа жалбарынады. Бірақ, олардың сөзін елеп-ескерген жан болмаған. Айтар ақылын тыңдар құлақ таппай сабылған ақсақалдардың жайы күйі туралы "Қой мен гүл" әңгімесінен оқысаңыз болады. Біздің ауылдағы қариялардың да күйініші сол, миллионға жетеміз деп жиған малдың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі.
Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден маманданған саласы болатын әрі жеріміз де қой өсіруге оңтайлы еді. Алайда жобаның жетпей жатып желкесі үзілді. Одақтың шаңырағы шайқалып, Горбочевтің басынан бақ таяған соң нұсқаумен жүріп үйренген софхоздар әрі қарай не істерін білмей дағдарысқа түсті. «Бармақ түгіл бас қайғы» болған тұса, оларға нұсқау беріп жөн сілтеген жан болмады. Совхоз мүлкін әркім өз ыңғайына қарай талан-таражыға салған. Пысықай шопандардың бір бөлігі малдың бәрін басып қалып, өз алдына жеке шаруашылық құрып алады. Ал енді бір бөлігі үкіметтің қаржыландыруынсыз қалған совхоз қажеттілігін өтеу (жанар-жағар май, техника бөлшектері, айлық) мақсатында арзан бағаға сатылымға қойылады. Бұдан аман қалғанын кезінде комсомолдық жолдамамен қойға қуылған жастар араққа айырбастап құртады. Сол малды өсіріп-өнідірген шопандардың кеудесінде салдыраған темір мен қолдарында жарамсыз алғыс хаттан өңге дым қалмаған. Бұған наразы болған қариялар біраз жерге шапқылап, малды аман алып қалуды сұрап басшылыққа жалбарынады. Бірақ, олардың сөзін елеп-ескерген жан болмаған. Айтар ақылын тыңдар құлақ таппай сабылған ақсақалдардың жайы күйі туралы "Қой мен гүл" әңгімесінен оқысаңыз болады. Біздің ауылдағы қариялардың да күйініші сол, миллионға жетеміз деп жиған малдың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі.  
             
 Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
 Қола дәуірінің ең басты ерекшелігі — түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі. Көшпелі мал шаруашылығы өркендеп, әке билігі орнады.
Қола дәуірінің ең басты ерекшелігі — түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі. Көшпелі мал шаруашылығы өркендеп, әке билігі орнады.  Осы кездегі таутеке, жылқы суреттері ерекше компазицияға ие болды. Және бір ерекшелігі шошақ бөрікті адам суретінің болуы. Адам бейнесінің осы суреті тиграхауда сақтарын еске түсіреді. Сақтардың негізгі үш тобы ( парадарайы, тихрахауда, хаумаварга) мектеп бағдарламасынан белгілі және жиі қоныстанған жері, яғни өзіндік территориясы болды.
Осы кездегі таутеке, жылқы суреттері ерекше компазицияға ие болды. Және бір ерекшелігі шошақ бөрікті адам суретінің болуы. Адам бейнесінің осы суреті тиграхауда сақтарын еске түсіреді. Сақтардың негізгі үш тобы ( парадарайы, тихрахауда, хаумаварга) мектеп бағдарламасынан белгілі және жиі қоныстанған жері, яғни өзіндік территориясы болды. 
            
             Қала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады:

 Алғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен.
Алғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен. Жо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор
Жо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор 

 Сынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.
Сынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.
 Телеметрические датчики. Артемизайос деген шешесі өзбек грек жігіті Төретамның базарында қасапшы ғой. Сол жігіт телеметрияны "қашықтықты өлшеймін" деп жүр. Телеметрия телемеханиканың әдіс-тәсілдері арқылы бақылаудағы нысанның параметр өлшемі (кернеу, тоқ, қысым, температура т.б.) бойынша ақпарат алу болып табылады.

 Жапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.
Жапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.
 Ал бұл Байқоңырда
Ал бұл Байқоңырда  Ғарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.
Ғарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.

 Ғарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.
Ғарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.
 Ал мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.
Ал мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.
 Көзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:
Көзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:

 Мұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.
Мұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.

 Ал мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.
Ал мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.

 Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»
Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»