Қасым Олжас қайдасың?

Ойбайаай Қасым Олжааас қайдасың?
Тезірек кел Керекке
Өкпе-назды ұмыт та
Өзіңе-өзің вперед де
Керекке қарай дедекте
Икемдеп әлде жатсың ба
Анаржанды сенекке
Тасты құрсын тез жеткін
Керек болдың керекке
Тағы бір ақын қосылды
Табиғат деген желөкпе
Өлеңі толған енекке
Сені іздеп жатқаным
Не ғой
Екеуіңді айтыстырсақ деп ек те
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапар соңында Ноко аралы



Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады.
Әрі қарай

Іле Алатауына саяхат

Бүгінгі күн әдеттегіден өзгеше болды. Тілшілер қауымы болып ертемен Іле Алатауына қарай жолға шықтық.Мақсатымыз мақала қылып жазатын дүиелерді суретке түсіру. Бұрын соңды бұл тауды жақыннан көрмеген екенмін.

Әркім өзі жақсы білетін өсімдіктері жайлы жарыса айтып келе жатқанда бірталай жерге келіп қалыппыз…

Бір кезде бәріміздің назарымыз бір жаққа қарай бұрылды…
Әрі қарай

Біреудің әйелі

Сүйірі – сиректеу, бұрыштар – доғал тым.
Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын.
Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп,
Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым.
...құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің,
О, менің көкзеңгір неліктен көгім – мұң?
Өмірім – Өмірден жалығып бір сәтке,
Қойнында жатыр ол – Көңілдес –
Өлімнің!..
Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны.
Манағы сөзімнің барлығы жай еді…
Өлікке айналып кетермін мен де ертең –
Себебі Өлімім – Біреудің әйелі!
Әрі қарай

Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Әрі қарай

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БАРША АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Қадірлі әріптестер!
Сіздерді алда келе жатқан 5-маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің иықтарыңыздағы жүктің ауырлығын, атқарып жатқан міндеттеріңіздің жауапкершілігінің шекара таңдамайтыны ақиқат.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Kujukushima аралдарына сапар

1 сағат жүріп, Сасебо қаласына келдік. Ол енді Huis Ten Bosch қалаcынан да әрі орналасқан. Нагасакиге кері барып, Сасебоға арнайы шығуға уақытты құртатын болғандықтан, осы маршрут ең қолайлы болған сияқты.
Әрі қарай

Есік көлінің кереметі



Ерекең (@azanbekov) «Көлсай» туралы әдемі әңгіме айтқанда сол жаққа кетіп қалғым келген. Ақыры қауіпсіздік мақсатында жоспарды кейінгі ысыра тұруға тура келді. Есесіне, ойламаған жерден жұма күні Ақбұлақ шипажайындағы екі күндік семинарға қатысып
Әрі қарай