Капитан Байтасовтың жанұясына

Құрметті керекинфо қолданушылары!



Алдынада konvict пен balzaminka ның бастауымен Таразда орын алған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан капитан Байтасовтың жанұясына көмек көрсетеміз деген ұсыныстар болған еді. Мұнда. Кешегі Алматылықтырдың жиналысында осы мәселені тағы да талқыладық. Домбыра сыйлау туралы идеяны жарамсыз деп тапқан соң, Ғаламарт атынан келген Алмас тамаша бір ұсыныс айтты. Егер Капитан Байтасовтың балаларына ұмытылмас естелік сыйлағымыз келсе, оның портретін салдырып, әдемі багетке салып керекшілердің атынан Таразға беріп жіберуге болады. Әрине, портреттің сапасы бұл сыйлықтың мағынасын сездіріп тұратындай өте жоғары болуы керек. Алмастың рекомендациясымен суретті Нұрлан Қилыбай аға салып беруге келісімін берді. Алмас Нұрлан ағаның профессионализіміне күмән келтірмеуге болатындығына бізді сендірді.

Ендігі сұрақ сыйлықтың бағасында. Нұрлан Қилыбайдың салған суреттері 75 000 теңге көлемінен асады екен. Алмас өтінген соң, ол бізге портретті 50 000 теңгеге салып беруге келісімін берді.

Біз кешегі жиналыста ақша жинауды бастап та кеттік. Барлығы 11 қолданушыдан 11 500 теңге жиналды. Егер кімде-кім бізге қосылғысы келсе, менімен немесе Айконамен хабарлассын. Не болмаса, осында жазсын.

Астаналық керекші достар! 16 желтоқсан күні patick елордаға аттанғалы жатыр. Әрине, зорлық жоқ. Дегенмен, беретін ақшаларыңызды сол кезде жинап, Ернардан беріп жібере салсаңыздар жақсы болар еді.
Әрі қарай

Жаңа жылға не сыйлық алғыңыз келер еді?

40 күннің ары-берісінде өзіміз көптен күткен Жаңа жыл мейрамы келе жатыр.

Осы мезгілде қашанда бір ерекшелікті, сиқырды күтеміз ғой. Енді сиқыр болмасада ерекше сыйлық күтеміз. Өзгелерге қуаныш сыйлау үлкен бақыт қой. Қуаныштың ең үлкені жан жылуы екенін білеміз. Бірақ, қашанда өзіңіз сүйетін сүйіктіңіздің, туған-туыстарыңыздың ойында жүрген, ұнатып жүрген затын сыйлау үлкен қуанышқа алып келеді.

Біздің сіздермен ақылдасайық деген екі ойымыз бар. Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

1.Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Ұлуы бар әшекей бұйымдары сіздерге ұнар ма еді?
2. Сіз өзіңіз жаңа жылға қандай сыйлық силар едіңіз? Бағасы қандай болуы керек?

Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!
Әрі қарай

Қайырымдылық саласындағы ең шынайы сыйлық

Осымен бесінші жыл «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөзді ұран етіп, «Алтын Жүрек» сыйлығын ұйымдастырып келеді. Аталмыш сыйлық әртүрлі саладағы маман­­­дарды, әр жастағы адамдарды біріктіріп келеді. Оларды біріктіретін қасиет – қа­йырымдылық.

«Алтын Жүрек» Қазақстандағы қайырымдылық пен меценаттық дәстүрдің дамуына ық­пал етіп қана қоймай, сондай-ақ қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге бұрды, игі іс істеуге ынталандырды. «Бауыржан» қайырымдылық қорының мақсаты – осы жоба арқылы атымтай жомарттарға халықтың атынан алғыс айту. «Алтын жүрек» сыйлығының арқасында меценаттар мен қайырымды жандардың игі істері көлеңкеде қалмай, басқа­ларға үлгі болып келеді.

Соңғы жылдары елімізде үкіметтік емес ұйымдардың өткізіп жүрген қайырымдылық ша­раларын көптеп санауға болады, алайда ешқайсысы «Алтын Жүрек» сыйлығының деңгейіне жете алмады.

Биыл «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Алтын Жүрек» атты жобасы 5 жасқа толып отыр. Жылдан-жылға үміткерлер де артып келеді. Мәселен, алғашқы жылы 70 өтініш қабылданса, кейінгі жылдары олардың саны 90, 110, 150 болды. Өтініштер мен құжаттар 1-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында қабылданады. Марапаттау салтанатты кеші әдет­­тегідей 27-қазанда Абай атындағы опера және балет театрында өтеді.

«Алтын Жүрек» сыйлығы сатылмайды, сондықтан да барлығы шынайы. Өткен жылдар мысалы көрсеткендей, бизнес өкілдері тарапынан теріс пиғыл болғанмен, еш нәтиже болмады. Жоба ол қаражатты қайырымды істерге жұмсау керектігін ұқтырғандай.
Әрі қарай

@Altygradus Жанна ханымның сыйлығы

Керекте әр кезде әр түрлі тақырып мода болады Эстафеталар, балалық шақтағы суреттер немесе айтыс деген сияқты… Енді кезек қолөнер болып тұр
Мен өзімнің ешқандай дүниеммен мақтана алмаймын еді, қолдан келмеген соң сол ғой. За то маған Жанна күшті сыйлық дайындап қойыпты. Сыйлық болғанда қалай енді, өзім напросилась. Суретін сіздерге іліп жатырмын.


Міне, осындай шедеврлар жасайды құр қарап жүрмей біздің @Altygradus

P.S. Сыйлық өзіме жетпеді әлі, Жаннаны қатты күтіп жүрмін
P.S.S. Сыйлық алған керемет қой, әсіресе, ол саған арналып жасалған болса Осыдан біраз бұрын @Erkekyz спец. заказбен тоқымасын сыйлады. Оның суретін келесі серияда көресіздер
Әрі қарай

Жұмбақ шешкен адамға 8756 теңге сыйлық!

Өткен ғасырдың басында шығып тұрған қазақтың бір басылымында Байбатыр Ержан деген авторы мынандай жұмбақ жасырған екен:



Бала көтеріп тұрған бір қатынға біреу:

— Бұл көтеріп тұрған бала өзіңізге қай жағынан жақын болады? — деп сұрағанда, қатын:

— Баламның баласы, байымның інісі деп жауап береді. Бұл қалай?

Ал енді, Ахтунг: Осы жұмбақты бүгін шешкен адамға 8756 теңге сыйлық беріледі. Ертең шешсе, мың теңгесі кем, солай кеми береді күн өткен сайын.

sekentai.wordpress.com
Сурет: oyu.kz
Әрі қарай

Аршат астаналық блоггерлерге сыйлық үлестірді

Бүгін, 25 наурызда, Астана шаһарының «Тағам» дәмханасында Аршаттың ұйытқы болуымен қазақ блоггерлері бас қосты. Астаналық блоггерлердің басы қосылмайды деген ойдың быт-шытын шығаратын жақсы бір кездесу болды.

Осы кездесуде Аршат бауырымыз Алматыға Блог-құрылтайға бармаған астаналық блоггерлерге сыйлық үлестірді. Кездесуден көріністер:



Жалғасын мына жерден қарасаңыз болады
Әрі қарай

“Менің Наурызым” байқауы!

Байқау кезеңі 22.03 – 30.03
“Менің Наурызым” атты фото байқауына ON.kz сайты барша қазақ елін қатысуға шақырады.
Барша қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлайғаны жайлы фото-пост жазып, байқауға қатысуыңызға болады.
Белсенділік танытып, ұтысқа жет!

Әрі қарай