Құлаққап сыртындағы әуен...

Кеше аттуызда кетіп бара жатып осы жайлы жазбасам ба деп ойлаған ем… Бүгін жұмысқа келсем Аршат мырза осы сарындағы мақаланы «Керекке» бұрқ еткізіп үлгеріпті.
Иә, қазақтың қыздарының ішкі әдемілігі жоғала бастағандай.Ол жоғалса сыртқы әдеміліктің қоса жоғалатыны сөзсіз. Кеше мен мынандай жайттың куәсі болдым. Аттуыстың артқы жағында отырдым. Жанымдағы бос орынға құлағына құлаққап киген әдеміше қыз жайғасты.Жанындағы құрбысына орын берейін дедім де сағыз шайнасына жыным ұстап сазарып отыра бердім. Әлгі екі қыз айналасындағылармен істері жоқ.Музыкалары құлаққапты жарып жібере жаздап, біздерге де естіледі. Құдай-ау даң-дұң әуен.Бірде бір сөзі жоқ.Ұрып тұрған музыка. Жұмыстан ептеп шаршаңқырап қайтып келе жатқан соң "Қарындас жайырақ қойыңызшы андағы музыкаңды" дедім. Ол маған бағжиып,«Бұл қоғамдық көлік, ұнамаса таксимен жүр» деді, сөйтті де құрбысына «Мына кісіге ерегіскенде соңына дейін барайық, біздің музыка ұнамай отыр» демесі бар ма? Қызға тән қылық қалмапты. Менен басқалардыңда алакөздеп отырғандарында шаруасы жоқ. Папкамда «Халық сөзі» газеті бар еді. Соңғы нөмерін үйде оқырмын деп алған ем. Соны шығардым. "Қарындас, мен газет оқиын сіз бір шетінен ұстап отырыңызшы" деп өтіндім әлгі қыздың бір құлағындағы пәлесін жұлып алып.
-Не үшін мен ұстауым керек, оқысаң өзің оқы…
-Олай болса мен не үшін сенің музыкаңды тыңдауым керек, тыңдасаң өзің тыңдасаңшы.
Құрбысы сағызын шарт еткізіп үріп жіберді. Менің сөзім ұнамай қалған болу керек…
Әрі қарай

Көңілді көтерген София & Бота

Мамыр айының басы тосын оқиғаларға көп болғандықтан біраз есеңгіреп қалғаным бар. Көптен бері армандап жүрген Сара Найманның концертіне баруға да мүмкіндік болмады. Бара алмағаныма ішім ашыды. Көңілім аш болып жүргеніне екі аптадан асып кеткен еді.
Әрі қарай

"Музей звуков" немесе Юрий Аравин қайда жүр?

Әбіләкімнің  ауылы: Музей звуков немесе Юрий Аравин қайда жүр?
Біздің бала кезімізде ұмытпасам "Қазақстан" арнасынан «Музей звуков» деген бағдарламаны беретін. Орыс тілінде, жүргізушісі де орыс. Қазақ музыкасының қамын жеген Юрий көкеміздің қаншама жастың өнерге деген құлшынысын оятқаны рас. ол бағдарламаны біздің отбасымыз қаншалықты деңгейде тамашалайтыны есімде жоқ, тек «мына орыстың біздің өнеріміз жайлы айтып отырғанын қараш» деп атамның сүйсініп отыратыны есімде. Кезінде арғы аталары жер ауып келген екен деген сөз бар.Әкесі Құрманғазы консерваториясында дәріс берген профессор болған, кейін өзі де «Русская музыкадан» сабақ беріпті. Қазақтың мәдениеті мен өнеріне қала берді тіліне қазақтың жаны ашымай жатқан осынау күндері бұл ағамыз қайда жүр екен?!

Суретті мына сайттан алдым.
Әрі қарай

Ауыл. Алпыс жыл бұрын айтылған ән


Ауыл
Жүріс-тұрысымыз ауырлап, бар болғаны 70 шақырым қашықтық болса да, көптен бері ауылға ат ізін салмай кетіп едік, осы демалыс “ бісміллә” деп барып қайттық. Атасы туылғалы немересін көрмей, бізге қолы жетпей, боқтап жүрген болатын, кеше түрі де, мінезі де бір-бірінен аумай қалған, бір жарым айлық біздің қыз бен жетпістің төртеуіне келген ақсақал табысып, қауышты:)
Әрі қарай

Хуснизан мен Суизан



… Ол “Музыканың барлық түрі харамға жатады. Ымырасыз!” деген пәтуамен жүретін. Менің сірә өзгелерде шаруам шамалы…

… Жұмысқа әдеттегідей жаяу келе жатқан бетім. Құлағымда наушник. Күртемнің бас жапқышын киіп алғам. Артымнан келіп амандасқанын қапелімде көрмедім де, естімедім. Үңілгеннен соң ғана құлағымдағын шешіп, амандастым. Алғашқы сөзі “Музыка тыңдап келемісің?” болды. Сасып қалдым да “Жоқ! Уағыз…” дедім. Одан әрі бір-екі ауыз тілдестік те, ол өз алдына мен өз жайыма кеттім. Әңгіме осымен аяқталды.
Әрі қарай