Ар ма ағайыным, алқалы жұрт!

<h6>Интернет әлемінің әр бұрышын паналап жүріп, Керекинфоға да тұрақтауды жөн көрдім. Көрікті Керекинфотай, сен маған да керексің. Соны ұқтым. Мұнда көптеген жазбалар мен қызықты жандардың бас қосуы мені де қосылуға ынталандырды. Сондықтан, бірден төріңе шығармасаң да, өзіңде тұрақтауыма рұқсат бер, айналайын Керекинфо!
Әрі қарай

Студенттік өмір қызықтары

Сәлем бердім, уа «Керекинфо» жамағаты. Жайдары жаз келді, көңіл-күй керемет! Салғырттықтан гөрі, белсенділік басым.  Сабақ аяқталды, сессия ақырындап жүріп жатыр. Одан қалды 5 апталық практика бар. Содан кейін нағыз жазғы демалыс басталады. Сабақ, сессия демекші, студенттік өмірдің қызығы біткен бе?!

Әрі қарай

КерекИнфоМания

Бұл бір дерт! Тығылып қарайсың, жасырынып қарайсың. Әуелі басқы бетті түгендеп шығасың. Сосын қоғамдастық, сонсоң жекеге көшесің. Екі эксельдің арасында үш пост оқып үлгересің, төрт уорд документтің арасында бес пікір оқып үлгересің. Кабинетте адам жоқ кезде шанс пайдаланып осылай «во весь экран» ашып алып, «отдуши» оқисың. Әйтпесе… бірдеңе жетпей тұрады.

Әрі қарай

Мәзір: "Зебра" пирогы

Сәлем бердік «Керекинфо» қауымы.  Бүгін сіздермен бірге дайындайтын мәзіріміз: «Зебра» пирогы. Жылдам әрі дәмді пісетін тәтті пирогтың мен жасаған нұсқасын назарларыңызға ұсынайын. Онда, бастадық.  
Әрі қарай

Көктемді бір нүктесіз...


Көктем келді. Йо-йо! Қыздар, тондарымызды шешіп, қабат-қабат колготкіні де лақтырып, түрімізді жөнге келтірейік! Қыс бойы қомағайланып жей берген самсаларды азайту керек.  Бастысы, бет тегіс болу керек.
Көп қыздың, не то што қыз, ұлдардың да бетінде болатын қара нүкте ше?! Сол нүктелерден құтылудың жолын тауып алдым. Бөлісейін бе?! Әсері бар болған соң айтайын деп тұрмын. Көктем
Әрі қарай

Шақыру!

Құрметті керекинфолықтар! Осыдан 1 ай бұрын біздің «Екпін» атты мәдени-танымдық онлайн журналымыз дүниеге келді. Жобаны тек онлайнда емес, бүкіл елге таныстырудың сәті түсті деп ойлаймыз. Ендігі жоспарымыз — баспасөз мәслихаты. 22 ақпан күні сағат 11:00-де Саяси шешімдер институтының клубында өтетін баспасөз мәслихатына сіздерді қонақ ретінде шақырамыз

Блог - rakisheva: Шақыру!

Баспасөз мәслихатында:
— Қазнеттің бос сегменттері; Рунеттің lifestyle жобалар тәжірибесі.
— жобаны желіде жарнамалау әдістері. Жаңа шешімдер.
— контенттік жобалардың монетизациясы жайында талқылаймыз.

Спикерлер:
Бекежан Кембаев — Yvision.kz блог-тұғырнамасының коммерциялық директоры
Әлішер Елікбаев — “Мега” СОСО PR бөлімінің басшысы, Voxpopuli.kz жобасының басшысы
Амангелді Сейітхан — «Хабар» ұлттық агенттігінің журналисі

Шара кезінде журналымыздың командасы — мен, Айжан және Әлия жобаның пайда болуы жайында әңгімелеп, жоспарымызбен бөлісеміз.
Сіздерді төмендегі адрес бойынша күтеміз:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38 (Мақатаев көшесінен төмен), «Жетісу» БО, 3 қабат (жаңа қанаты), конференц-зал.

Блог - rakisheva: Шақыру!

Пы.Сы.: Егер қызығушылық танытсаңыз осы мақала астына пікір қалдырыңыз немесе 8701 201 99 83 телефоны арқылы келетіндігіңіз туралы хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл сізді блогшы немесе журналист ретінде аккредитациядан өткізу үшін қажет.
Әрі қарай