Алматы. Керекшілер. Демалыс.

Сәлем бердік, «Керекинфо»-ның тұрғылықты жамағаты! Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс. Жағдайларыңыз жақсы, мал-жан аман ба? Студенттер қауымы оқу жылының жартысын артқа тастап, қысқы демалысқа да шыққан болатын. Мен де сабақтарымнан емтиханымды сәтті тапсырып, демалысымды Алматы қаласында өткізбек болдым. 4-5 күнге жоспарланған демалыс, бір апта, жо-жоқ, 10 күнге ұласты. Сонымен не керек, қаңтар айының 17-ші жұлдызында батыс пойызына билет алып, жолға шықтым.
Әрі қарай

Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар!

Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз
Әрі қарай

"Ө" значит өтпіскі

Дүйсенбі, яғни тамыз айының 8-інші жұлдызынан бастап менде кезекті еңбек демалысы. Сіздер "Әбіләкім кетіп барады" деп қатты қуанбай-ақ қойыңыздар, себебі мен қатты қайғырып отырғаным жоқ. "Қалайша, біздің сектадан қайғырмай кету мүмкін бе?«деп ойлауларыңыз мүмкін. Әрине,»Керекинфоны" уақытша болса да тастап кету оңай емес.
Әрі қарай

Бір күн осылай өтті...

Таң ертең ертемен үйге келген қонақтарды шығарып салдым. Ұйқыны аңсаған басып сынып барады. Көзімді жұмған күйі есікті ілдім де төсекке қайта жата кеттім. Бір кезде телефон шырылдайды… Тұрып алғанға еріндім де жата бердім. Сәлден кейін сотка басталды. Автоматты түрде қолдарым батерейкасын шығарып тастады. Маужыраған менің көздерім жұмылып, армандағы әлемге ене бастадым…
Әрі қарай

Аман болыңдар!

1 айға еңбек демалысына кетіп барамын. Кем дегенде 3 апта бойына Интернетке мүмкіндік те, уақыт та болмайтын шығар. Аман болыңдар, ептібайымайыдтар. Ауылға барып, бұттан кетірген пікірлерің еске түсіп кеткенде, ақылы кем адамша ыржалақтап қоямын ғой (сендердің құрметтеріңе).

Тамызда кездескенше!
Әрі қарай

Бес Интернет-драйв

«Оқитын дым жоқ» © @Akzere

Епті, алдыңғы күні біреу атылып өлмекке дүкеннен патрон алып тұр екен. «Ипотека шаршатты ма?» десем, «жоқ, жәй, іш пысты: оқитын дым жоқ» дейд! Оның айтуынша, Инетте қызық таусылыпты, жаңа идеялар, сервистер жоқ; күнде сол баяғы жұлдыздардың дамбалдары мен жаңалықтар. «Саған да екі патрон алайын ба?» дейд! «Кет-ей нақ!» дедім мен оған. Лібә, Инетте қызық жоқ болса — оны өзің ойлап табу керек емес пе? Сөйтіп онымен, Инетті қалайша ермек қылуға болатынымен бөлістім.

1. @KILYZAMAN -ның құйысқанына жабысып алып — бәдіктену:

2. Жұрт пір тұтатын адамның таланты мен денсаулығына күмән келтіріп, бет жыртысу:
Әрі қарай

Көлсайға барамын десеңіз

Құрметті Алматылықтар және Алматы маңында қыдырып жүрген қонақтар!
Сіздерді осы сенбі-жексенбі күндері Көлсайды көріп келуге шақырамын. Барамын дегендер болса, жекеге хат жазсын.
Ешбір турфирмасыз барсақ арзанға түседі бару-қайту 3000 тг. тамақ пен жатын жерді бара көрерміз.
(1454 Kb, 3072x2304)
сурет жеке өзімнің иелігім, еш жерден көшірмедім
Әрі қарай