Шетелдіктер Хэтроу туралы немесе шынымен жезөкше кім

«Ақ Жайық» газетінде Лаура Сүлейменованың жазған осы бір мақаласын жіберіпті. Сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Әрине бұның бәрі баяғыдан-ақ белгілі нәрсе. Және тек бір қалада емес, еліміздің барлық жерлерінде бар нәрсе. Бірақ бәрінің де шегі бар секілді. Сол шекке жеткен де секілдіміз. Сонымен…

2012 жылдың 1 қарашасында Атырау облысында 6 419 шетел азаматы жұмыс жасаған, оның 90 пайызы Қашаған мен Теңіз жобаларында. Бір жыл бұрын трансұлттық компаниялар ҚР Президентінің жанындағы инвесторлар кеңесінің отырысында осы екі жобаға шетелдік мамандарды шектеусіз әкелу құқығына қол жеткізгенін еске сала кетейік.
Әрі қарай

Үрей мен үміт


Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 19 жасар Гүлсезім Бақытжанованың ата-анасы дәл осы сезімдерді кешіп жүрген күйі бар. Жоғалған қыздың соңғы хабары бойынша ол Атырау қаласында фотомодельдер байқауына қатысайын деп жатқан.
Әрі қарай

» 26-ШЫ ҚАЗАН – ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ

Ай тізбесі 29 немесе 30 күннен ғана тұрады. Құрбан айт – Зулхижжа айының 10-ы. Осы айдың алдындағы Зул-қағда айының 29 күнмен аяқталып немесе 30 күнге созылатындығы әдетте 29-шы күні күн батқаннан кейін айдың туғаны немесе тумағанына қарап анықталады.
Кеше 15 қазанда яғни, Зул-қағда айының 29-ы кешкісін Сауд Арабиясының «Уақыптар және дін істері министрлігі жаңа айдың тумағандығын, яғни зул-қағда айының 30 күн екенін анықтап, Зул-хижжа айының 10-шы жұлдызына сәйкес келетін 26-қазанды Құрбан айттың алғашқы күні деп белгіледі. Мұсылман елдерінің көпшілігі Сауд Арабиясының осы ресми дерегіне сүйеніп, 26-шы қазанды Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады.
16-ыншы қазан Зул-қағда айының соңғы күні, ал 17-ші қазан келесі Зул-Хижжа айының алғашқы күні болмақ. Сол себепті 25-ші қазан арафа күні, 26-сы Құрбан айттың бірінші күні.
Әрі қарай

Ты кто такой? Давай, до свидания!

Осы аптаның ортасында Атырау облысының әкімі ауысты. 45 жасар Бергейді 64 жасар Бақтықожа алмастырды. Өңірді алты жылдай басқарған Бергей әкімдікке қарапайым саудагерден көтерілсе, Бақтықожа бұған дейін энергетика министрі және БҚО әкімі (ол да бес жыл басқарған) болған.
Әрі қарай

Академияның суретшілері

Мен жұмыс істейтін жер — Атыраудағы дарынды оқушылардың бас қосқан өнер шаңырағы. Ең алғаш келген кезімде ондағы оқушылардың талантын көріп қатты таң қалғанмын. Еуропаның көптеген елдерінен құр қол келмейтін өнерлі өрендерді дайындап отырған мектепті осы кезге дейін білмейтін едім. Сондықтан оның әрбір жеткен жетістігіне таң қалумен ғана болдым. Тек мен ғана емес, өзге Атыраулықтарға айтсам да, «солай ма еді» деп таң тамаша болады. Себебі, қанша жерден жүлдемен оралса да, елге танымал бола алмай келеді. Сол үшін ғой Ал мына суреттер сол мектеп оқушыларының дипломдық жұмыстары.
Әрі қарай

Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)



Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Әрі қарай

Тренинг өткізу үшін ақыл беріңдер

Құрметті блогшылар, сіздерден үлкен көмек керек. Тренинг ұйымдастыру үшін нендей іс шаралар жасалуы керек? Мен Астанадан келе академиямның директорымен жолыққам. Сосын Тимушамен келіскенімізді сөз етіп, тренинг өткізгім келетінін айттым. Ол кісі академияның 210 орындық амфитеатрын беретінін, тағы басқа нәрселерді қарастыратынын, бірақ ақша жағын бөле алмайтынын ескертті. Себебі, жарысқа кеткен көптеген оқушыларған жаратылған екен. Енді Атыраудағы блогшыларды, интернет саласындағы адамдарды жинап, тренинг, болмаса миниқұрылтай өткізсем деймін. Соған өз ескертпелеріңді, ақылдарыңды ортаға салыңдар. Мүмкін біздің академияда өткесін, оның тұрақты демеушілері Аджип, Айрекс, Эхсонмобиль секілді компаниялар назар аударып қалар
Әрі қарай

Блогкемп 2012-ден Блогкемп 2013-ке



Бісмілләсі былтыр Алматыда айтылған құрылтай биыл Арқа төрінде арқасын кең жайды. Назарбаев Университет іргесін қалағалы блогшылардың осынау шоғырын қарсы алуы алғашқы рет шығар. Әдеттегідей, еріктілердің бейресми/ресми басқосуына ұйытқы болғандар аз болмады. Біріге көтерген жүк жеңілдің кезекті жарасымды мысалы болды бұл.

Былтырғы алматылық мақсаттастарымыздың пәрменіне қарап, елордадағы біздің бастапқыда аздап шайлыққанымыз рас. Дәл сондай деңгейде үйлестірушілік болады ма,
Әрі қарай

Жалынды салем:-)

Салем достар!
уф деп сиздерди де таптым-ау! даруишолгенди жабыларда бир рет козим шалып, осындай сайт барын билип тобем кокке бир ели жетип жатырганда оданда айырылп калып жур едим )) тапканыма куаныштымын! сол кезде сол сайтка фол ин лав болған едім.
Өзімді таныстыратын болсам өзім Жібектің мекеніненмін, қарапайым қазақтын ұлтжанды қызымын ;-) Мамандығым күніге әріптермен одан қалса сөздермен арпалысатын аудармашы болады.
Осындай қазақша сайттардын барына шыныменде ризамын. Жарасйыңдар! Танысып білісейк достар ;-)
Әрі қарай

"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты «шампанға тапсырыс бердіңіз бе» деп бөгде бөлмені қағып шулатқам жоқ, 1 қабатта күтіп тұрдым.  Жалпы, осы Керекинфодан Сигма «Алматы кетті, Астана кепті» деген тәрізді ақпараттарды көзім шалғаны болмаса, таныстығымыз жоқ-тұғын. «Кофеманға» барып, 2 шыныаяқ кофені ұрттап қойып, біраз әңгіменің басын шалдық. Бүгін Әлекең келген жұмыстарын реттеп жатқан болар. Күннің аяздығы болмаса, жалпы Семей жұрты — қонақжай халық. Кешенің өзінде Сигманың пікірі осы маңда болды. Ел – жер көргенге не жетсін! Досымызға келген мақсаттарындағы істері оңға бассын деп тілейік!!!
Әрі қарай