Блогкэмп: Виртуалдан реалға



Виртуалдан реалға!
Бірінші күні таңертең Қожақанова Мақпал бәрінің блогкэмп туралы бір ауыз сөз айтуын сұрап, жазып алып жүрді. Сол кезде ойыма тек осы сөз түсті. Иә, виртуалдан реалға. Құрылтайдың ең басты мақсаты да осы сияқты: интернетте жүрген адамдардың реал өмірде бір бірімен кездесулері, дауыстарын естіп көруі, олармен бірге жүріп, бірге тамақ ішуі, бірге уақыт өткізуі, жалпы бір жерде бірге болулары. Яғни, құрылтай өзінің негізгі мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз басым көп адамдармен таныстым, көп нәрсе үйрендім, білгеніммен бөлістім.
Әрі қарай

Блогқұрылтай -2011. Менің көзіммен-менің сөзіммен...

Блогкэмп болады деп Қарағандыдан үшеу шықтық(Әлия Сембай бізден бұрын кеткентін), бір пойызбен. Диана(Журналисттер саябағы), Дана (дефектологкз)және мен(Әбіләкімнің ауылы). Жолда пойызымыздың дөңгелегі жарылып( ұзын-ақ пәле екен жарық дөңгелекті әрең тауып жамадым) бір сағат кеш жеттік бірінші Алматыға. Бізді Қисық-Димаш күтіп алды. Бұған дейін көрмеген адамым ғой. Қисаятын жері қалмаған Қисықты көргенімде өзімді жеңіл атлетикада жүрген спортшы қатарында сезіндім)))).Сөйтіп «Адидас»(балалығымен қоштаса алмай жүрген Димаштың бас киіміндегі жазу) киген Димашқа еріп тарттық қонақ үйге. Орналастық.
Әрі қарай

Блогшыға ескерткіш!

Блоггерлерге ескерткіш бар екенін блогкэмпта алғаш естідім))Оның бірі Қостанайда екен.Ғаламтордан іздеп тапқандарым мына суреттер:
Қостанайдағы блогшы қыз))

IT маманына арналған

Бәрімізге таныс орын

Енді баршаңызға бір сұрақ! Алматыға осындай ескерткіш керек пе? Керек болса қандай болғаны дұрыс??
Әрі қарай

Керек, керек...


1. Сағын Германиядан келді. Алматыда жүр. Павлодардан Өмірбек пен Айжан қазір пойыз ішінде болуы керек. Бірін бірі танымайды :) Ертең таңертең Қостанайдан екі блогшы және Париж бен Стокгольмнан блогшылар келеді. Күтіп алуымыз керек.
Әрі қарай

Блоггерлерді күтіп алу

Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, БлогКэмпке 5 күн ғана қалды ағайын. Бір-екі күн айналасында алыста ағайындар пойызға отыра бастайды.
Ұйымдастырушылар түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған шығар иа? Қанша дегенмен, алғаш рет ұйымдастырып отырғаннан кейін көп уайымдайды ғой. Дегенмен, бәрі жақсы өтеді деп сенемін!
Әрі қарай

Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу



Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!

Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Әрі қарай

"Көк базарды" қалай көгертеміз?

2011 жылдың 25-ақпанында сағат 11.00-де Алматы қаласының ресми веб-сайтында www.almaty.kz «Көк базар аймағын абаттандыру» тақырыбында интернет конференция өтеді.
Қала тұрғындарымен On-line желісі жүйесі бойынша өтетін жүздесуге Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, СЭС, ІІД, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, Көк базардың әкімшілігі қатысады.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: «Алматы ақшамы» газеті.
Әрі қарай

Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Әрі қарай