Бізде жақсы жаңалық бар!
Бізді енді, жақында ашылған «Алмалы» жер асты сауда үйінен таба аласыздар! Ол жерде: біздің ұлттық муызкалық аспаптармен қатар Н.Қилыбаевтың суреттері мен Б. Манасовтың керамикадан күйдіріп жасаған сувенирлері мен ұлы адамдардың кішкентай бюсттары бар. Зергерлік заттарымызды өте жақын арада апарамыз . Уже, апарып қойдым
Мынау біздің бутиктің жалпы көрінісі:
Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп . Көрме туралы қысқаша:
Кеше кешкісін дүкен аралау мақсатында Хан Шатырға барған едік. Қыздар, жақсы скидкалар болып жатыр. Викусь, сен была права)))) Тағы бір заход жасау керек боп тұр))) Ақша бітіп қалды кеше)))
Шамамен 3 күндей «Керекинфоның» есігін ашпаппын, ашсамда жәй сығалап қана үлгерген болармын.Әйтеуір, құмардан қанғанша оқи алмағаным анық. Себебі де жоқ емес. Себебін мына ұзын сонар жазбамнан оқып алыңыздар.
Алдыңғы постта біздің шеберханамызбен таныстырған едік. Міне, бүгін сол кішкене ғана шеберханамызда біз қандай ұлттық аспаптар жасайтынымыз және неге сіздер тапсырыс бере алатындарыңызды жазғымыз келіп отыр.
Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың қобыз аспабы бізге еш өзгеріссіз аман-сау жетті. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Осы қобызымыз келер ұрпаққа аман-сау жете ме? Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады.
Біздің бала кезімізде ұмытпасам "Қазақстан" арнасынан «Музей звуков» деген бағдарламаны беретін. Орыс тілінде, жүргізушісі де орыс. Қазақ музыкасының қамын жеген Юрий көкеміздің қаншама жастың өнерге деген құлшынысын оятқаны рас. ол бағдарламаны біздің отбасымыз қаншалықты деңгейде тамашалайтыны есімде жоқ, тек «мына орыстың біздің өнеріміз жайлы айтып отырғанын қараш» деп атамның сүйсініп отыратыны есімде. Кезінде арғы аталары жер ауып келген екен деген сөз бар.Әкесі Құрманғазы консерваториясында дәріс берген профессор болған, кейін өзі де «Русская музыкадан» сабақ беріпті. Қазақтың мәдениеті мен өнеріне қала берді тіліне қазақтың жаны ашымай жатқан осынау күндері бұл ағамыз қайда жүр екен?!