Көңілдестерім. Интернет арқылы танысқан Ерболат
Жақсы ма сол ал енді?Әуелі Маралбек Сағынғанов зина туралы сыр шертедіЖоқ, қиялдамаңдар, Зина деген көңілдесі болмапты, өкінішке орай. Нина, Валентина, тіпті Күлайна деген бұтсеріктері де болсашы! Ноу, найн, нема.Эльвира Ерғалина ұл-қыздардың сексуалды толғаныстарын 16+ оқырманға ұсынадыЕуропа плюстің әуенімен «Он алты плююююс» деп созып барып, бастап оқиын жазбаңызды. Әйгерім Кеулімжайдің акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынованың пікіріне сүйене отырып, вумбилдингтің денесінен
тірі организм шығарып көрген әйелдерге панацея екенін дәлелдейді.Жазба тілі… Мына тақырып аясында тіл жайлы айту да біртүрлі екен. Жазба стилі жинақы, артық-кемі жоқ.
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз. Асқар Базарбай секс туралы біз сенетін 6 өтіріктің (+18) құйрығы бір-ақ тұтам екенін жазады. Құйрығы бір-ақ тұтам. Құйрығы. Уахаха, онша секси емес, жыпырылған бірдеңе десейші.
