"Аға" деген қандай жағымсыз сөз еді?(жалғасы)

Блог - Pokemon: Аға деген қандай жағымсыз сөз еді?(жалғасы)
Уақыт менің жүрек жарамды емдегендей болып, өмір маған қайта күш қуат беріп сөз айтуға қайта оқталдым. Ответ келді:«Ағамдай көрем». Пфффф:/. Нəғп. Неге? Сүйетінімді айта бердім, айта бердім. Олда əлгі сөзді айта берді, айта берді. Как будто: «копировать» «вставит» қылып жатқан сияқты. "Қойш"- дедім қайтадан. Айта берсең де жексұрын болатын шығарсың. Содан бері ол қызбен əлі сөйлесем, арамыздағы бұрынғы сыйластыққа сызат түскен жоқ. Ол мені ағасындай көрсе де, жауындай көрсе де мен оған оған ендігі күнде қамқор болып өтемін. Барлық жерде оған қолдау көрсетемін. Мейлі ол менің кеудемнен итерсін, бірақ мен оны шын сүйемін. Бірақ «аға» дегені жаман екен. Құлаққа түрпідей тиеді. Үйдегілер аға десе көңіліме сені алып біртүрлі боп қалам. Бір жағынан жазғы каникулда сағынғаным болар. Енді сені мəңгі күтемін — көңілің жібігенше. Мəңгі бақи бақытты етермін-ақ. Енді сені күту ғана қалды.
Уақыт өтіп жатыр. Бір күні ойландым. Бұлай болмайды күтіп жата бергенім. Желі де хатты жаңбырша жаудырып басыңды ауыртып, уақытыңды алғанша бір күні конкретно қып романтикалық сөз салуға бекіндім. Күт мені. Жанымның емі.

Не болғанын, не деп жауап бергенін кейінірек айтып берермін.
Әрі қарай

Махаббат деген...

Әркім әрқалай қабылдайтын дүние ғой негізі. Бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, анықтауышпен тәпіштеп жазатын дүние емес. Кейбір адам өмірінің соңғы деміне дейін сезініп, кейбір бейбақ оның не екенін білмей өтеді екен…
Жақында демалуға теңіз жағасына бардық. Бір шағын аралда тұрақтап, үй жалдадық. Тұрақтағанда заттарымыз үйде, өзіміз таң атпай шағын моторлы қайыққа отырып алып аралдарды кеземіз. Кейде буырқанған толқындарға тап болып, кеменің ішінде отырып-ақ тұзды суға шомылып аламыз. Сапарға шыққан оншақты туристің ішінде алпыстан асқан шал мен кемпір бар (нақты жасын білмедім, еуропалықтар бізден жас көрінеді негізі). Жағажайы аппақ ұндай майда, суы Крис Хемсворттың көзіндей көгілдір әрі мөлдір аралда сәл аялдаймыз. Шомылып күнге қыздырынамыз. Ал әлгі жұп сөмкелерінен ас-суын алып, жағадан саялы жер тауып, бір-біріне сүйеніп отырады. Бір сағаттан соң жартасты аралға барып, тау-тасқа өрмелейміз. Әлгі жұп қайықта бір-бірімен шүйіркелесіп, мәз болып отырғаны. Ендігі қызық — сноркелинг. Маска мен түтігімізді тағып алып, су астын қызықтаймыз. Әлгі екеуі тағы қайықта. Апаның қызыл шляпасын киіп алып, суды тізесіне дейін кешіп жүргенін бір-ақ рет көрдім. Оның өзінде қайықтан алыс кетпей, шалына қолын бұлғады да жүрді. Әбден шаршап, үстіміз малмандай су болып, тоңып-дірдектеп, күнді теңізде батырып, қас қарая үйге оралдық. Апамыз бен атамыз бұл турдың мұндай екенін білмей қалған-ау деп ойладым. Біраз күн өткен соң таң ата ертелетіп жағажайға бардым. Бұл кезде су тап-таза, күн әлі шыға қоймаған. Жағада да ешкім жоқ. Тек аралдарға қыдыруға шыққан туристер ғана жиналуда. Қайыққа бара жатқан адамдардың арасынан сол баяғы қызыл шляпалы апа мен жолдорбасын арқасына асып алып, ілбіп басып кетіп бара жатқан атаны бірден таныдым. Тағы да асау толқынмен алысқан шағын моторлы қайыққа мініп кетіп барады…
Мен осы уақытқа дейін түрлі жұптарды көрдім. Бикеші сылқым сұлу, жігіті қалталы, сымбатты жұпты, келіншегі ерке мінезді, күйеуі сабырлы жұпты, бір-біріне құштарлығы асып-тасқан жұптарды да. Бірақ қызыққаным сол егде жұп екен…
Сонымен махаббат деген не? Иә, оның нақты анықтамасы жоқ. Тек белгілері бар. Бір-бірін сүйетін жұптар ешқашан ұрыспайды, бір-біріне өмір бойы құштар болады деген бос әңгіме, меніңше. Кейде басқаға көрсетпейті сасық мінезіңді тек оған паш етесің. Кейде құштарлық туыстық сезімге ұласып кете барады. Бірақ,…
Өміріңнің соңғы минуттарын сүріп жатсың десе, жаныңда оның болғанын қалар едің.
Таңертең терезеңнен теңіз сығалап жатқан бес жұлдызды отельде немесе жалға алған пәтердің ауасы жоқ, қапырық тар бөлмесінде ме маңызды емес, тек оның құшағында оянуды қалар едің.
Жұмыс жасайтын жалғыз ноутбугыңның жанып кеткен батареясынан аяған 200 долларға сатып алған Dior Addict-іңнің иісінен де артық көрер едің оның «бал қосылған сүт» иісін.
Өз мансап, бедел-абыройың, табыс пен жетістігіңді ойланбастан айырбастар едің ғой оның қас-қағым сәтті шағы үшін.
Сервантес, Гюго, Данте, Камю томдарын құрбан етерсің оның шай үстіндегі әншейін әңгімесіне бола.
Оған, әлбетте, алып ұшып бармайсың асығып, бірақ бара жатып, бар дұға тілегіңді арқалап алтарьге бара жатқандай сезімде боларсың.
Оның дүниедегі ең сұлу емес екеніне шүбә келтірерсің, бірақ рухани сұлулығына тең келмейтініне күмәнің жоқ қой.
Шіркін, ғашық болған, сүйген, махаббатты сезінген ғажап бақыт қой. Егер ол екеуге ортақ болса…
Әрі қарай

Теодор Агриппа Д'Обинье (1552-1630)

Санасы аз болса, қашады ол бірден,
Азапты көреді — бостандық аңсаса.
Ғашықтық дегені — бақыт қой ең таза,
Сәтсіздік пен бопса — махаббатсыз жүрген.
Шаттықтың ұлығы — сұлуды тербеген,
Еркіндік, тыныштық емес пе тегін у?
Білгенге ырыс-құт — сезімге берілу.
Жүректің суығы — тірі өлгенге тең.


Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Теодор Агриппа Д'Обинье  (1552-1630)
Әрі қарай

Махаббат – сезімнің биік шыңы!

Сезім – қасиетті нәрсе! Қасиетті бағалай білу қажет! Ал махаббат – ең асыл сезім! Махаббат – сезімнің биік шыңы! Ол шыңға жету үшін, біраз дүниелерді анық білу керек! Махаббат пен ғашықтық бір қарағанда екеуі бір сияқты. Бірақ, олай емес! Ғашықтық –
Әрі қарай

Боянбашы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Боянбашы
Сүйсінем де ойланам саған қарап,
Құм секілді сырғиды уысымда ой:
Боянбашы.
Жоқ себеп алаңдамақ,
Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой.

Ең қымбат опа-далап.
Сен кетірдің
сәніңді замананың кескіні деп.
Бояудың
тұнық көз бен келбетіңнің
сафтығының қасында еш құны жоқ!

Ойланшы.
Асықпашы, аялдашы!
Ажарыңды әлемге ашып өтші.
Мейлі!
Тіпті мен үшін боянбашы.
Мені өзіңе басқалай ғашық етші.

Боянбашы.
Көтергенде көп қылықты,
деймісің енді әріңнен үркем осы?
Шашыңды бүркегенің жеткілікті,
Құдай берген жүзіңді бүркемеші.

Сөйткен қыздан асатын жоқ қыз менше.
Және деме «Қалауды шектейді де»:
Айнаға қарап уақыт өткізгенше,
Көзіме ұзақ қарасаң жетпейді ме?

Білмеймін,
Сонша көркем үйлесе ме,
Маңызды деп өзгерту реңіңді.
Жалған ол.
Ноқат бояу тимесе де
Жақсы көріп келем ғой жүрегіңді.

p.s.
… Тәтті ұйқы.
Қасымдасың бүгін менің.
Мен жатайын зер салып.
Оянбашы.
Ал оянсаң – жетеді күлімдеуің,
Тек… боянбашы.
Әрі қарай

Ән тыңдайық, би билейік

Мақпал мен Дильназдың "Қимадың" әні. Бейнеклипі біртүрлі енді, бірақ әуені ұнады.



Дастан Оразбековтың «Сезім» әні



Ақылбек Жеменейдің орындауында «Көк айдай» әні, бірақ маған «Ринго» тобының орындауында көбірек ұнайды

Әрі қарай

Гүл алып

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Гүл алып
Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,
Мен сені шын жақсы көремін.

Сүйікті гүліңді кешірек
Сұрадым.
Қызықтым талғамға.
Көрсеттің нәзікті осы деп,
Гүл алып беруге барғанда.

Келуші ем сондықтан гүл ап та,
Кездесу сәттері туғанда.
Атауын білмеймін.
Бірақ та
Танимын гүл алып тұрғанда.

Сол гүлсіз, не байлық екенін,
Аптамыз өтпейтін біздің бір.
Біреуін, бесеуін, жетеуін,
Ал бірде сыйлағам жүз бір гүл.

Жаным-ау, неткен ең сұлу сен,
Тәнті боп берген әр гүл есте.
Махаббат не екенін ұғушы ем,
Ал гүл — ол жай ғана ілеспе.

Мың гүлден қос жүрек құралып,
Мен жүрдім бақыттан дәмелі.
Гүл алып, гүл алып, гүл алып,
Ол да сен секілді әдемі.

Қисынды бітердей бұл қызық,
Жоспарлап қойғанмын бір анық:
сыйлауды өзіңе бір жүзік.
Әрине, қасына гүл алып.

Болсаң да өзіндей хор қыздың,
Еш нәрсе бұйырмас, сірә, нық:
Өзіңнен хабарды шорт үздім,
Басқа жан жүрсін деп гүл алып.

Ажырау.
Жазылған бар міндет
бір сәтте өшкендей маңдайдан.
Тұп-тура сыйлардай тағдыр кеп
Қоштасу гүлін ап сарғайған.

Көз алмай көкпеңбек еріннен,
Даусымды бәсеңдеу шығарып,
«Мен сені сүймеймін» дедім мен,
Бердім де соңғы рет гүл алып.

Сен түгіл өзім де сезбегем,
Жараны жанымды қинайтын.
Боласың сен менен өзгемен
бақытты.
Ғажап гүл сыйлайтын…

***

… Жарты жыл дегбірді тауысқан,
Гүлдердей мен кеттім суалып…
Жазылмас дертіммен алысқан
Мекенге келдің сен гүл алып.

Білмеймін, естідің кімдерден,
Тағдыр ғой. Осыны қиыпты.
Көзімді алмадым гүлдерден,
Енді олар маған да сүйікті.

Қалпында гүліміз солмаған
Түседі бір жұлдыз шын ағып.
Келесің жиі енді сен маған
Бұл жолы екі тал гүл алып.
Әрі қарай