Жас тамшысы
Жанарыңмен жолыққанда жанарым,
Жан жүрегім мейірлене жанатын.
Жанған жүрек сөнбеген сол сезімін,
Жеткізуге тағат таппай қалатын.
Қимастықпен көздерімнен жас шығар,
Үмітсіз боп бар бақытым жаншылар.
Моншақтатып тілімдейді бетімді,
Таусылмайтын неткен ащы тамшылар?!
Ащы мұңмен жыр жазуға кім шыдар?!
Тәңірімнен өзге мені кім сынар?!
Маған деген көңіліңде жазылған,
Айтылмаған бір әуенің бар шығар?!
Кешір…
Жан жүрегім мейірлене жанатын.
Жанған жүрек сөнбеген сол сезімін,
Жеткізуге тағат таппай қалатын.
Қимастықпен көздерімнен жас шығар,
Үмітсіз боп бар бақытым жаншылар.
Моншақтатып тілімдейді бетімді,
Таусылмайтын неткен ащы тамшылар?!
Ащы мұңмен жыр жазуға кім шыдар?!
Тәңірімнен өзге мені кім сынар?!
Маған деген көңіліңде жазылған,
Айтылмаған бір әуенің бар шығар?!
Кешір…
Пікір жоқ әзірше