XVI Еуразия Медиа Форумына тіркелу басталды


22 – 24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде он алтыншы Еуразия Медиа Форумы өз жұмысын бастайды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жинады, деп хабарлайды spiker.kz.

XVI Еуразия Медиа Форумы «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы» атауымен өтеді.

Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер көтерілмекші. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық және жасанды ақыл-ойды пайдаланумен байланысты сын-қатер талқыланады.

Сондай-ақ, Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуын тілге тиек етеді.

Орталық Азиядағы көшбасшы әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың Қазақстан, Еуразия және дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуымен байланысты өткір мәселелерді талқылауға жағдай жасау.

Форум құрылған уақыттан бері Қазақстанға 6000-нан астам шетелдік өкіл қатысты. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, саясаттанушылар, Нобель сыйлығының иегерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар.

Форумда әр жылдарында Ислам республикасының бұрынғы президенті Иран Мұхаммед Хатами, Ауғанстанның 12-ші президенті Хамид Карзай, америкалық дипломаттар Ричард Холбрук пен Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгресмені, Демократтардың басқару кеңесінің төрағасы Харольд Форд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, Грекияның бұрынғы туризм министрі және парламент мүшесі Ольга Кефалоянни, британ футурологы Рэй Хаммонд, танымал журналистер Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Софико Шеварднадзе, Питер Лавель, Пола Слиер, Стивен Коул, Ник Гоуинг, Ксения Собчак, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің жетекшілері Виталий Игнатенко и Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, НАТО біріккен күштерінің бұрынғы жоғарғы бас қолбасшысы Уэсли Кларк, РФ үкіметінің бұрынғы төрағасы Евгений Примаков, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бзежинский, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, VICE News Tonight шетелдік бөлімшесінің НВО кабельдік және спутниктік тележелісі жаңалықтар шығарылымының басшысы Норин Жамиль, америкалық саяси технолог, Барак Обаманың қос бірдей президенттік сайлау науқанында негізгі кеңесішісі болған Роджер Фиск, ВВС телеарнасының жаңалықтар редакторы, «Эмми» сыйлығының иегері Гэвин Хьюитт, продюсер, режиссер, «Оскар» сыйлығының номинанты Евгений Афинеевский сынды спикерлер болды.

Іс-шараның кең ауқымы мен халықаралық деңгейі еліміздің жаһандық ақпарат кеңістігіне енуіне бағытталған міндеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Форумның тиімді атқарған жұмысының арқасында еліміз беделді сарапшылар, әлемдік БАҚ, қоғамдық пікір көшбасшылары деңгейінде халықаралық қауымдастықта танылды.

Сонымен қатар, жалпы, форумды өткізу идеясы жетекші халықаралық медиа саласында едәуір қолдау тапты. Айталық, ЕАМФ жұмысына Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, «Новости» РАА, РБК, Russia Today, Бірінші арна, «Жихан» ақпарат агенттіктрін қосқанда, әлемдегі 1500-ден астам беделді БАҚ өкілдері атсалысуда.

XVI Еуразия Медиа Форумының бас серіктес – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы.

Тіркеу 15 мамырға дейін ресми сайтта қолжетімді: eamedia.org/ru/ Орын саны шектеулі.

Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады

"Қандай да бір нәрсенің мүмкін емес екенін бәрі біледі. Содан кейін оны да білмейтін бір дымбілмес келеді де, жаңалық ашады" © Альберт Эйнштейн
Инновация дегеннің не нәрсе екенін, оны неге қосып жейтінін көзі қарақты, құлағы түрік ағайынның бәрі білсе керек. Қазір тіпті еңбектеген балаға дейін оны біліп қана қоймай, арагідік өздері де жаңалықпен таңғалдырып жүрген заман.
Жалпы, инновация жасаймын деушілерге мемлекеттен қолдау көп қазір. Ел Президентінің «100 нақты қадамының» 64-іншісі – өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасы. Осы күзде ұсынылатын заң жобасының шеңберінде новатор-ғалымдарға түрлі бағыттағы қолдау көрсетілгелі жатқаны да рас.
Оған, бір жағынан, EXPO-2017 көрмесі де сеп болып отыр. «Online EXPO-2017» байқауына энергетика және ауыл шаруашылығына қатысты 5 номинация бойынша 450-ден астам өтініш берілді. Соның бірнешеуі осы әліпбиге еніп отыр.
Әлқисса, новаторлардың тек кейбірімен ғана тілдесуге мүмкіндік туды. Бұған новаторларлың 87 пайызы, ғм-ғм, Алматы қаласында шоғырлануы да әсер еткен шығар.
Есесіне, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өзге де бірқатар ұйымдар секілді жаңашылдармен жұмыс жасайтыны белгілі. Бірақ менің хит-парадымда осы агенттіктің деректер базасында жоқ новаторлар да бар секілді. Сондай азаматтарды көбірек табуға тырыстым. Яғни, НАТР-батырлар мен олардан тыс жанашыр жаңашылдардың ортақ тұрағы. Әлбетте, қажеттілік туса, аз-мұз байланыс ақпарымен бөлісуге әзірмін.
Сіз Қазақстанда өнертапқыштар көп емес деп ойлап келдіңіз бе? Ендеше, кеттік!
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Автономды тоңазытқыштың әліпбиімізді бастауы – а әріпті антивирус жайлы өткен жазбамызда айтып қойғанымыздан деп біліңіз. Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады2013 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы «Вибромаш УК» ЖШС-нің басшысы Анатолий Ковшик бас болып жасап шығарылған. Автономдылығы мынада – тоңазытқыш қыс бойы арнайы жинақтау орнына суық жинап алады да, қалған мезгілдерде соны пайдаланады. Ол үшін жылу құбыры қолданылады. Уақыт келгенде тоңазытқыш автоматты түрде қосылып, өзі қор жинай бастайды. Қолданылу аясы – қойма дүкен, шаруа қожалықтары, балық, ет өндіру мекемелері. Сондықтан, қызығушылық бар. Күрделі тұсы – баламалы тоңазытқыштарды пайдалана салу оңай.
Әрі қарай

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)

Бар ма, ағайын? Әръәқ бар ма деймін!? Ктулху-ктулху!

Айна TV түскі жаңалықтарын бастайды. Әбедтеріңіз ащы болсын! Арнада әріптесім Сірнебай мен құрдым-жанқұрдым Күләнда. Ал мынау ойыншықты Һуантышоудағы Һаірат пезнесінен сыйға тартқан. Тасын шертіп қалсаң, олай-бұлай қозғалады.

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)

Жадыра Нармаханова: «Шәй қайнатып берейінші...»

«Ақ желкен» қазитінің белгілі журичихасы Жадыра Нармаханова бұл көташар муахахаласын жариялаған соң охуйрмандардың назарына ілігіп, сөзге қалды. Охуйрмандардың бір тобыры Жадыраға шәй қайнатып бергісі келсе, екінші тобы әбден құсты.

Гейлымжан Тулегенов Көргенсіз екен!
Вчера, в 10:06 • Нравится • 1

Эльмира Рахимжанова Жадыра ол үйге қандай мақсатпен барды? Шәй ішуге ме? Өзінің көргенділігі қайда?
Вчера, в 11:54 • Нравится • 12

Алиса Хасенова Осы Жадыраның мақалаларын ара-тұра көзім шалып қалады. Жатқан сынап-мінеп кекету!
23 ч. назад • Нравится • 1

Serik Kerey Жадыра шындықты жазыпты.
23 ч. назад • Нравится • 2

Бек Қараша Мәймөңкелемей осылай турасын жазу керек.
3 ч. • Нравится

Ал «Падре Нарпаханов: „Мақала жазып үйретейінші...“ атты сұхбатты арнамыздың 103.6 fm „Танымадым“ ырдиосынан тыңдай аласыздар.

Елімізге белгісіз су полосы спортының жорналшысы Орыслан Медальбек қоғам дамуына үлес қосты

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)Орыслан Медальбек ел артында жұрттың тасынша мынадай ұрандарын бұрышқа салды:

Үш қыз («Мас Өркен» қазиті) Тцуканың шаруасына араласпасын!
Жастар қалай шетелде оқи алады?
ҰБТ-да ақша төлемей қалай 125 балл алуға болады?
Қалай дұрыс тамақтана аламыз?
Ауыл балаларына „Болашақ“ бағдарламасы бар екенін жарияласын!
Жастар қалай жылдам үй алады?
Той шығынын қалай азайтамыз?
Денсаулықты қалай тегін тексертуге болады?
Үш тілді еркін меңгеріңдер!
Ептібайымайдтар!

Қазззақтар, кешкі жаңалықтарды Айна TV арнасынан көріңіздер! :)

Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 05 қыркүйек 2012

ӘЛЕУМЕТ. «24 KZ» телеарнасын әлі көрмеген адам саны 16 млн 775 мыңға жетті.

СПОРТ. Криштиану Роналдудан кейін Месси де қарап қалмады. Ол да «Барселонада» бақытсыз және кетуге дайын екенін мәлімдеді.

БІЛІМ. Аттестаттаудан өткізіп беретін таныс табылды. Орамалы дайындалуда.

ИНТЕРНЕТ. Мамандардың айтуы бойынша facebook лайктарының 62% пайызы «баспасам ұят болар» сезімімен басылады екен.

МӘСЕЛЕ. Нокианың жіңішке қуат толтырғышы көршінің үйінде де жоқ болып шықты. Қонақтар шокта.

САЯСАТ. Қазақстан Футбол Федерациясына Ауыр атлетика моделі ұсынылды. 7 қыркүйек күні Ирландия матчының құрамына 5 қытайлық футболшы және Илья Ильин қосылатын болды.

ҚОҒАМ. "Қазақстандық Ононистер, Транссексуалдар, Аналшылар Қоғамы" өздерін аббревитатура емес, толық аттарымен атауды өтінді.
Әрі қарай

Жаңалықтар бір сөйлеммен



  • Қазконтентте өзіндік орны бар Гаста вахталық жұмысының орта шенінен асыпты, оған дәлел өзінің іші пысқанда жазатын, көлемі бір постқа татитын коменттері,-дейді білетіндер/Маңғыстау оттары/
  • Сатыбалды Муза шешеймен ажырасу сот-процесін бастап кетіпті/Хабар/
  • Өзіндік стилімен танылған Рафаелло, «Ескіге қайтып оралмаймын» атты проза жазып жатқан көрінеді/Жас алаш/
  • «Балдар юнайтедтен» қатарынан 2-рет оңбай жеңілген «Шалдар юнайтед» командасы стадионның жөндеу жұмыстарына жабылуын сылтауратып ойынды кейінге шегеріп жүр/Өзақпарат/
  • «Астанаға Көкбөрі кеш келеді» фильмін 14-рет көрген Саясат ойланыыып қалыпты/Время/
Әрі қарай

Цинизм министері Голикова ханумның мәлімдемесі

28.04.2012, KM.RU хербарлайды.

Ресей Денсаулық сақтау және цинизм Министері Татьяна Голикова, Сібір аймағындағы дәрігер тапшылығын былай шешуді ұсынады, салидатсстың:
Әрі қарай

Басталды

Бүгін жексенбі. Бірақ біз үшін апта басталып кетті. Бүгін жұманың сабағын оқып келген студенттердің ертең сенбі екен деп жүргендері қаншама ) Бірақ бүгінгі күн дүйсенбідей ауыр болды.
Осы апта негізі тамаша өтті. Не дегенімен көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыздан кейінгі көңіл-күй жақсы. Құшақ-құшақ гүл , құттықтаулар, тынымсыз телефонның шылдыры, тола СМС… Көктем деген тамаша ғой
BlogCamp: Басталды

Блог құрылтайдың болатын күніне де небары 11-ақ күн қалды . Осыдан дәл бір жыл бұрын
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 20 ақпан 2012

Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады

***

Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде.

***

Уганда, Руанда және Чад мемлекеттеріндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қаңтар айының айлығына Уганданың ең танымал футбол клубы «White Elephants» клубын сатып алды. Команданың жаңа аты: «Ordabasy Elephants».

***

Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар.

***

«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.

***

Көрермен санын арттыру мақсатында алматылық "Қайрат" клубы жаңа маусымда әйелдер, балалар және гейлерге ойындарға кіру тегін екенін жариялады.

***

Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді.

***

Қонақүй бөлмесінде шамадан көп есірткі қолданудан өлген жас жігіттің әзірше аты-жөні белгісіз. Танымал бір әнші болуы мүмкін деп отырмыз дейді баспасөз қызметіндегі қыз.
Әрі қарай

Жазба неге "құсық" (1-ші бөлім)


Бұл «жазушылықтан» мастер класс емес. Сайтқа жаңа тіркелгендер мен жуырда тіркеліп,«ағай, неге менің жазбаларымды ешкім оқымайды?» дейтіндерге арналған минималды талаптар жинағы.
Ас болсын ептібайымайттар. Сосын айтпады демеңдер.

Қысқасы, «жыртқан» жазбаны қыртқан жазбаға, пысық пікірді "құсық" пікірге айналдыратын сипаттардың бірнешеуі мыналар:
Әрі қарай

Мәссаған! Математика мұражайы


Нью-Йорк: Математика. «Бұл бізді ең қатты жалықтыратын пән», -деген сөздерді оқушылардан жиі естуге болады.

Бірақ Глен Уитней атты аналитик бұл көзқарасты өзгерте алады. Формуласы міне: математика=жаңалық+қызық.

Ол АҚШ-та математикаға
Әрі қарай

Сәлем

Бәріңе сәлем. Өткен кеткен мейрамдарыңмен.
Отпусктен жұмысқа бүгін шықтым.
Не жаңалық?
Әрі қарай