Нұрғисаның Америкадағы "әріптестері"
Нұрекеңенен Америкадағы өмір қалай, сурет, видео жоқ па деп сұрап жатсам, біраз видео жіберген екен. Сөйтіп басын құрастырып қойдық. Нұрекеңнің қасында кімдер жүргенін біле отырыңыздар.
 
             Он тоғызыншы ақпан күнгі кездесуде ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарына қатысты бірқатар шаруалар талқыланып тастады. Қандай дегенмен үйлестіру ісіне атсалысатын жауапты адамдарды белгілеп, тиісті шешімдер қабылдаудың да уақыты келген сияқты, өйткені аз ғана уақыт қалды ғой. Сонымен, маған тайм-киперлер тобын жинау тапсырылды. Жалпы, 7 аудиторияға 14 уақыт санаушы адам керек деп шештік. Әзірге, кешегі кездесуде қол көтеріп, ниет танытқандар мыналар:

 Оң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…

 “ Аттан” деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек “ блогшылардың бабасы” дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым7 ақпанда біздің қалада болады деседі “ Дабайликс” ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып,Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.