«Жаужүрек мың бала» фильмінің бас актерларынан қысқа сұхбат


Мамыр айының үшінші жұлдызында үлкен экрандарға жол тартатын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жаужүрек мың бала» фильмі басты рөлдердегі жас актерларымен ерекшеленеді. Киностан.кз Сартайды сомдаған Асылхан Төлеповпен, Қорланды ойнаған Құралай Анарбековадан, Таймастың бейнесін көрерменге жеткізген Аян Өтепбергеннен қысқа сұхбат алған болатын.
Әрі қарай

Дэниел Рэдклифф: Гарри Поттерден басқа рөлге ену қиын болмады


"Қара киімді әйел" (The Woman in Black) хоррорында Дэниел Рэдклифф әйелінен айырылып қалғаннан кейін ауыр қайғыда жүрген жалғыз басты әке рөлінде ойнайды. Бірақ, оны алда тағы бір ауыр сынақ күтіп тұр. Үрейлі фильмдер жанрындағы дебюті жайында актер Cinema Blend ресурсына берген сұхбатында әңгімеледі.
Әрі қарай

Эванджелин Лилли: Ұлы актерлердің жанында кішкентай рөлдерде ойнағанды ұнатамын


"Тірі темір" фильмінің Blue-ray және DVD нұсқаларының шығуына орай ұйымдастырылған сұхбатта Эванджелин Лилли аталған жобаға қатысуға не түрткі болғанын айтып, Питер Джексонның "Хоббит: Күтпеген сапар" фильміндегі оның жауынгер эльф рөліне қатысты кейбір жайттарға тоқталды (сұхбаттан үзінді).
Әрі қарай

Пианист алғысы - журналист қуанышы

«Айжан рахмет, ата-анаммен көріп, мәз болдық!» — осындай сөздерді естігенде, қалайша мәз болмайсың?!) Иә, журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой… (әрине бұл жерде менің асыра сілтеушілігім байқалады). Өмірде барлық қызмет түрлеріне тек осындай алғыстармен төлесең ғой, шіркін! Бүкіл әлем қызғылт (розовый) түске боялып кететін шығар, ондайда.

Алайда менің айтайын дегенім ол емес. Сіздерді пианист, белсенді қоғам мүшесі және де жай ғана көркімен айналасын жарқыратып жүрген жас қыз Алма Мұқанмен таныстыру. Музыканы, оның ішінде гүрс-гүрс еткен рок емес, әсем де әсерлі классикалық музыканы өмірінің ажырамас бөлігі ретінде көретін Алманың бойында жігер де, қайсар да бар. Әрине, күн сайынғы 5-6 сағат бойғы фортепиано жаттығулары мен сансыз ноталарды жаттау әркімнің-ақ мінезін қатайтатын шығар… Сондай-ақ белсенді түрде түрлі шараларға қатысуы, жастар ұйымында жұмыс істеуі оның жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетеді.

Екеуіміздің таныстығымыз, сонааауу модельдік өткенімізден басталған. Содан бері қаншама жерлерде бірге болып, талай қызықтарды бастан кешіргенбіз. Бір байқағаным, Алманың бойында, мүмкін өзі байқай бермейтін, әйелдік мінездің ең қуаттысы жиналған. Өзімнің адамдарды кітап не кино кейіпкерлеріне ұқсататын әдетім бойынша, мен оны кейде сыған қызы Карменге, кейде Толстойдың Анна Каренинасына ұқсатамын.

Кейде өзінің бар қаруын іске қосып, жанып кетердей болса, кейде жұмсақ мақтадан жаралған мамықтай монтия қалатын әдеті бар. Не де болса, өмірде кез келген адамда бола бермейтін, алайда қуаты күшті «харизма» деген Алмада бар нәрсе. Тек оны керек кезде іске қосу не қоспау барлық әйел затына сай оның көңіл-күйіне байланысты.

Бұл жазбаны Алмамен танысудың кіріспесі деп біліңіздер) Пианист қызбен толықтай танысу үшін, «Екпіндегі» сұхбатты оқи отырыңыздар.

P.S айтпақшы, Алма пианино бойынша сабақтар да жүргізеді, қызыққандарыңыз болса, толық мәліметті сұхбаттан таба аласыздар
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Esmeralda

1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың?
Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.
Әрі қарай

Менің суретшімен танысқаным жайлы

Негізі маған өмір жолында әрқашан жақсы адамдар кездеседі (мың да бір алғыс). Кішкентай кезімнен сондай. Ол жай жүргізуші болсын, гид болсын, мұғалімдер болсын, көршілер болсын-бәрі де жан-жағын жайма шуақтап жүретін жарқын адамдар болып шығады. Күзде жұмыс барысында сұхбат алған суретші Ақжан да мені өзінің өмірге деген позитивті көзқарасымен, өзінің жағымды энергиясымен баурап алды.

Кездесу жері- орталық мұражайға кіргеннен кейін, ауыр рамкалардағы үлкен-үлкен суреттерді шапшаң тасып жүрген кішкентай қызды көрдім. Сөйтсем Ақжанның көрмесі аяқталып, суреттерін реттестіріп жүр екен. Бірден маған күле қарап, кішкене күте тұруымды сұрады. Қимылының бәрі де жеңіл, өзі де ерік берсең секіріп, жүгіріп, билеп кететіндей болып көрінді. Сонымен ол суреттерін жіберіп, маған өзінің ескі құрбысынша «кеттік, не істейміз?» дегендей күле қарады. Өзімді кәнігі фотографтарша сезініп мұражайдың алдында сұхбат үшін біраз суретке түсірдім. Әр суретті көре сала ол "қандай күшті, сен өзің шебер екенсің" деп қояды. Жымиамын. Сосын ол «ал енді мен сені түсірейін» деді. Келесі минуттарда журналист екенімді ұмытып, Ақжанның алдында мен «позировать» етіп жүрмін.

Сөйтіп не керек алдын ала дайындап қойған сұрақтарымды шығарып, диктофонды қоса берейін десем, Ақжан «сен тамақ іштің бе?», «жақында күшті бір кофейня ашылды, жүр кеттік соған» деді. Ақжанның кіп-кішкентай машинасында кетіп бара жатырмыз. Оның жеңіл айдауынан, жолға емес, маған қарап мәз болып сөйлеп отырғанынан менің жүрегім тамағыма тығылып отыр. «Енді қай жерге бұрылушы едік», «ой, кешіріңіздер» деумен болды ол. Неше жыл бойы Түркияда оқып, Алматының қасқыр жүргізушілеріне үйренбегені көрініп тұр.

Әйтеуір діттеген жерімізге келіп, екеуіміз «Кафетерианың» террасасында кофе ішіп, өнер жайлы әңгімелесіп отырмыз. Күн жылы, айналаның бәрі алтынға көмкерілгендей әп-әдемі. Дайындаған сұрақтарымнан бөлек, өнерде кімнің бағы жанатыны, танымал болу үшін не істеу керегі жайлы Ақжан еш қысылмастан, ашық та бүкпесіз жауап берді. Кейде отырып-отырып өз сөздерінен не менің сұрақтарымнан көзі жайнап кетеді. Басында жаңа бір нәрсе ойлап тауып жатқандай, не бір жаңа суреттің эскизын елестетіп жатқандай көрінді маған.

Кетерде ол керек жеріме әкеліп тастап, «рахмет, құрбым, тағы да кездесерміз деген үміттемін» деп өзінің суреттері жайында буклетті қолыма ұстатып қош айтысты. Прокатқа алған ескі кішкентай «мазда 3»-і Абай көшесінің жылдам ағысына тез қосылып, алыстай берді.

Иә, менің өмірімде алғаш рет суретшімен таныстығым осылай өтті. Ақжанның суреттерінен де өзіне тән риясыз қуанышты, позитивті энергияны, әсемдікті сезінесіз. Қызық болса Ақжанмен сұхбатты және суреттерді «Екпіннен» толықтай оқып, көре аласыздар.
Әрі қарай

Біз - Азаттықтамыз :)

Өткен аптада, Біздің топ Азаттыққа алғаш сұхбатын Жастар бағдарламасына берді. Сұхбатты тыңдап көремін десеңіздер мынаны басыңыз. Сұхбатта сөз сөйлегендер Ғаламарттың ұйымдастырушылары: Мырзабек(бекмур), Алмас, Салтанат(Балдырған). Офисімізге келіп,
Әрі қарай

Табылдының соңғы сұхбаты

Мынау — Табылды ағаның «Айқын» газетінің тілшісіне берген соңғы сұхбаты. Осы жерде ақынның шығармашылығына қызығушылық танытушылардың бірқыдыру екенін ескере отырып, осында жариялауды жөн көріп отырмын. Алдымда «Жанарымның жарқылы» жатыр… Біртуар ғой ол! Арманда кетті…
Табылды ДОСЫМОВ:
Алиша: Табылдының соңғы сұхбаты
Мұнай, ақша, байлық жүрген жерде өнердің бағаланбайтыны белгілі
Осыдан екі-үш жыл бұрын басылым беттерінде жарық көрген сұхбаттарыңызды жинап, өзіңіз жайлы кітап шыққалы жатқанын айтып едіңіз… Сол бастаманың аяғы не болып кетті?
— Әлі жинақталу үстінде. «Біз білетін Табыл» деп аталатын шығар… Болмаса, тағы көре жатармыз. Әзірге анық шешілген жоқ. Жақын достарымның маған деген жылы лебізі мен ниетін білдіру үшін қолға алып жатқан дүниесі ғой. Мүмкін, биылғы 45 жасыма, мүмкін, алдағы 50 жылдығыма орайластырылатын болар… Ал менің жасап жатқаным, бүкіл шығармаларымды Алматыда Мақсат Мұхитдиновтың сту­диясына жинап қойдым. Репертуарымдағы туындылар екі альбомға сыйып кеткелі тұр. Біріншісіне «Алматыда қалған қыз» деген атпен махаббат әндерін енгізбекпін. Қазіргі таңда бірінші жинаққа ғана демеуші табылып отыр. Амандық болса, екіншісі де ерте ме, кеш пе, қолдарыңызға тиетін болады.
Әрі қарай