Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі
Уордпрестің құрсаулануына байланысты блоггер-келіншегім «өз алдына отау» етіп шығаруды өтінген. Жұрттың ісі дегенде жанып түсетін мен айналамдағылардың шаруасы дегенде саябырсып қалатын жаман әдетім бар. Содан әне-міне деп жүргенде Жалғас інім хабарласып, бір блогтұғыр жөнінде сұрады. Оның алдында жарты жылдай бұрын да менің timurrr.co.cc блогым туралы, домен-хостинг туралы ара-тұра сұрап жүрген. Еріншектікке келгенде алдыма жан салмайтын мен ертең айтам, арғы күні айтаммен бірнеше айларды да сырғытып жіберіппін




Ұсынысым: Жақын арада жиналып Есіл жағасына барып отырып, әңгіме-дүкен құрып қайтсақ.(Кешегі шаңғымен жарысқан жерге сыртынан қарап отырып) Қастарыңызға жолдастарыңызды, кішкентайларыңызды ертіп келсеңіздер тіптен жақсы болады. Болып жатса гитар, домбыра алып келсеңіздер ән де шырқаймыз.
