Кім білген?

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Осыдан біраз уақыт бұрын Эльвира Ерғалинаның интернетті шулатқан біраз суреттерін көріп «Не болып қалды?», «Не болды?», «Бұл не?» деп біразыңыз басыңызды ауыртқан едіңіздер… Кейінінен оның Эльвираның жаңа жұмыс орны, яғни «Жетінші арнадан» басталғалы жатқан «Кім білген?» жобасынан үзінділер екенін біліп, «Кім білгенді» күткенімізде өтірік емес.
Жарты жылға жуық уақыт көрермендерді түрлі салалар бойынша ақпараттандырып, таңқалдырған бағдарлама әне-міне дегенше алдағы аптаның ішінде аяқталғалы жатыр. Осы жұма «Кім білген?» бағдарламасының жүргізушісі Нуриддин Бидосовпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Нуриддиннен «Кім білгеннің» қалай дүниеге келгендігі туралы, «Кім білгенді» кімдер жасайтындығы және әрі қаратай жалғасы түсіріледі ме деген сынды сұрақтардың астына алған едім…
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен саясаттанушы болғым келмейді!

Суреттер сөйлейді: Кім білген?Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…

Өмірімде тележүргізуші боламын деп ойламағаннан кейін басында өте қиын болды. Жұмыс істемей-ақ қоямын бааа деген ойлар жиі келіп жүрді. Сонда әке-шешем «Жақсы жұмыс қой істей бер, оның үстіне ұлымыздың бүкіл облысқа жаңалық оқығаны бізге де абырой» деп өз оймынан айнығанмын. Бүгінгі күні осы салада жүргеніме 15 жылдай болды. Өзімнің негізгі мамандығым саясаттанушы. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрген емеспін. Шынымды айтсам істегім де келмейді (күлді-авт.).

«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен 10 жылдан аса уақыт тек жаңалықтарды жүргізген адаммын. Бұрындары да «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» деген сынды жеке жобаларды жүргізуге ұсыныстар болған, бірақ ол уақыттары келіспеген едім. Былтыр Әлия Баймұхамедованың ұсынысымен «Аян. Дала аңыздары» жобасын бастадым, содан кейінгі екінші жобам осы «Кім білген?» болды.
«Кім білген?» жобасын да жүргізуді ұсынған Әлия Баймұхамедова еді. «Аян. Дала аңыздарының» кезекті маусымы аяқталғаннан кейін, сол кезде әрі қаратай жалғасы болмайтының білгенде осы ұжыммен «Кім білгенді» алайық деп шештім.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» ерекше бағдарлама.
Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.

Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Біздің ұжым үлкен емес. Небәрі 14 адам «Аян. Дала аңыздарын», «Кім білген?», «Выход есть» деген жобаларды алып жүрміз.
«Кім білген?» жобасының идея авторы Әлия Баймұхамедова, тақырыптарды ұжым болып отырып талқылап, бекітеміз. Ал сценариін жазатын редакторларымыз Саида Елшібаева, Нұртілек Риянбекқызы, Эльвира Ерғалина болды. Арасында мен де өз тарапымнан айтатын дүниелерім болса толықтырып отырдым.
Кез-келген жұмыста, кез-келген бастамада қиындықтар болады. Бірақ Аяна Койчиманова, Райса Мукуева, Елдар Курманбаев деген продюсерлердің арқасында алдымыздан шыққан барлық қиындықтардан қиналмай шығамыз.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» небәрі 30 минуттай ғана болса да үлкен еңбекті талап ететін жоба. Кейде бір хабарды түсіру барысында бір апта толықтай кетіп қалады. Менің стэндаптарымның өзін жазу кейде екі күнге шейін созылса, сценариді жазып, оны келістіруге 2-3 күн кетеді. Оның ішінде түсірілім өтетін алаңдарға рұқсат алу, реквизиттерді дайындау бәрі-бәрі уақыт алады. Тіпті кейде бағдарламаны ұжымның жұмыста қонып жасайтын кездері де болады… Кейбір серияларын түсіруге 2-3 ай кетті. Яғни бір оқиғаны түсіреміз деп бастаймыз да, оның басын түсіріп қоямыз ал соңы бірнеше айдан кейін болатын оқиғамен байланысады.… Сол сынды ұзақ түсірілген серияларымыздың бірі "Қазақстандық шоу бизнес еді". 30 минут қана болғанымен, «Кім білген?» ол үлкен ұжымның жұмысы екендігін ұмытпау керек!

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.
Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Келер жылы «Кім білген?», «Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымдары, күнделікті жаңалықтарым бар. Осыларды Алла сәтін салып барлығын уақытылы түсіріп, тапсырып жатсам өзге жобаларға да дайынмын. Тіпті киноға шақырып жатса, кино, телехикаяларға да түсуге қарсы емеспін (күлді – авт.).
Суреттер сөйлейді: Кім білген?

P.S. «Кім білгеннің» 1 маусымының қорытынды, әрі жаңа жылдық бағдарламасы 28 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Нуриддиннің және «Кім білген?» жобасының ұжымының айтуы бойынша бұл бағдарлама жаңажылдық ең ерекше бағдарламалардың бірі болмақ :)
Әрі қарай

Қарттардың жағдайын суреттер айтсын

Осыдан бір апта бұрын Астана қаласының "Қарттар мен мүгедектер үйіне" бардым. Ондағы мақсатым жалғыз қалған қарттардың жағдайын білу еді…

Қарттар үйі дегенде көбіміз балалары тастап кеткен, нашар жағдайда тұратын қарттарды елестетеміз. Бірақ бұл күн мен үшін қарттар үйі туралы стереотиптер бұзылған күн болды.

Қарттар үйі Астана қаласының ішіндегі кішкентай жеке қала болып шықты. Ондағы аталар мен әжелердің жағдайлары да сіз бен біз ойлағандай жаман емес. Ал ендеше қарттар үйі мен қарт кісілердің жағдайы туралы суреттер сөйлесін.



Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 Қарттар жетіден бастап оянып, сегізде асханаға тамақтануға келеді. Олар күніне бес мезгіл тамақтанады.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 Қарттар үйінің тұрғындары асхана қызметкерлеріне көмектесіп, еңбектері үшін ақы алады.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 Өздері асханаға жете алмайтын «Паллиативтік бөлме» тұрғындарын мекеме қызметкерлері тамақтандырады.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Қарттар үйінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тылда жұмыс істегендер, репрессия құрбандары және кезінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеген қариялар тұрады. Олардың марапаттары музейде сақталған.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Сонымен қатар қарттар мен мүгедектер белсенді түрде спортпен айналысады. Сәйкесінше, бұл мекемеде медальдар мен жүлделер де көп. 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 Күні бойы қарттар тынығып, өздеріне ұнаған істерімен шұғылданады. Қолөнермен айналысып, гүл өсіріп, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойнайды. Қосымша қаржы тапқысы келген қарттар сағат 9:00 мен 12:00 аралығында мекемеде ақылы тұрде жұмыс істейді.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Мекемеде қарттардың тырнақ-шаштарын алатын арнайы мамандар қызмет етеді.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
«Аяқ киім жөндеу шеберханасы».
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
«Арба жөндеу шеберханасы».
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Қарттар үшін аптасына екі күн монша, сауна, бассейн жұмыс істейді.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Арнайы емдік жаттығулар жасауға арналған бөлме.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Жарық сәулесімен емдеу бөлмесі.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Мекеме кітапханасында қарттар мен мүгедектер қалаған кітаптарын оқып, интернетке кіруге мүмкіндіктері бар. 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Қарттардың киімдері, төсек жабдықтары аптасына екі рет жуылады. Ал, арнайы бөлімшеде жатқан қарттардың төсек жабдықтары күнде ауыстырылады.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
 
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Мекемеде мұсылмандар мешіті мен христиандардың шіркеуі бар. Мұнда арнайы садақа беретін жәшіктерге жиналған қаржы осындағы қарттарға үлестіріліп беріледі.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Әр сенбі "Қарттар мен мүгедектер үйінің" тұрғындары иппотерапия қабылдайды.
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын



Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Қарттар үйінде әр бөлмеде екі адамнан тұрады. Асхананың тағамын жегісі келмегендердің өздері тағам дайындауға мүмкіндіктері бар. Қалаға да кез-келген уақытта шығып, керек-жарақтарын алып келе алады. Жалпы қарттарымыздың жағдайы жақсы. Бір байқағаным ата-апалардың бәрінің қалтасында кәмпиттері бар ғой деймін, амандассам: "Қызым, ала ғой", — деп қолыма кәмпит ұстатады. Репортажымды жасап шыққаннан кейін екі алақаным түрлі-түрлі кәмпит, шоколадтарға тола болды :) Менің сөйлескен көп адамдарымның балалары шетел асып кетіп, өздері осында қалған екен. Алайда балалары алып келіп тастайтындардың да барын мекеме қызметкерлері айтты. Бірақ олармен сөйлескенімде бұл жағдайларынан ұялатындықтарын айтып, өздері жайында және суреттерін жарияламауымды сұрады…
"Қарттар мен мүгедектер үйінің" директоры Кенжеболат Бәпішевтың айтуы бойынша, бұл мекемеде тұратын «315 адамның 315 тағдыры бар...».



Әлияны ата-анасы «Қарттар мен мүгедектер үйіне» өткізген...
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Мұхтаров Орынтай:
— Біз Жұбатқанова Әлия екеуіміз 1997 жылдары спорттық жарыстарға қатысып жүріп танысқан болатынбыз. Әлия Ақтөбеден. Мен Қарағандының тумасымын. Бұл жерге ата-анам қайтыс болғаннан соң өзім келдім. Ал Әлияны ата-анасы осында өткізген. Анда-санда ағалары жағдайын білу үшін келіп тұрады. Екеуіміз 2000 жылы отбасын құрып, бірге тұрып жатырмыз...




Ұлым мен келініме жүк болғым келмеді...
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Анна Ивановна:
— Мен Ұлы Отан соғысына қатысқанмын. Бұрын тігінші болып жұмыс істегенмін. Алайда әрдайым медицина саласында жұмыс істеуді армандайтынмын. Сол кезде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Сонда мен өзімнің көмегім тиетін жерді іздедім. Сөйтіп, фельдшер-акушерлік мектепке түсіп, сол арқылы әскери комиссариатқа барып тіркелдім. Ол жақтан шақырту күтіңіз деді, мен қашанғы шақырту күтіп жүремін дедім де, өз еркіммен құрбыларыммен соғыста жараланғандарға көмек көрсете бастадым. 1941 жылдың 15 қаңтарынан бастап 1945 жылдың қазан айына дейін әскери емханада қызмет еттім. Соғыс аяқталғаннан кейін әскери комиссариат кім қай жаққа баратынын белгілей бастады. Сол уақытта Қиыр Шығыста медбикелердің жетіспей жатқандығын біліп, мен Ресейден Қиыр Шығысқа сұрандым. Ол жақта үш жыл жұмыс істеп, Ресейге қайтып келдім. 1955 жылдың сәуір айында Целиноградқа келіп, осында отбасын құрып, балалы болдым. Жолдасым қайтыс болды, ал балам 1993 жылы Ресейге қайту кезеңі басталғанда отбасымен көшіп кетті. Бір жағынан ол мені өзімен алып кеткісі келмегендігін сездім де, отбасына жүк болмайын деп өз еркіммен Қазақстанда қалдым. Ұлым 1997 жылы қайтыс болып кетті. Қазір Ресейдің Краснодар аймағындағы Ачинск қаласында немере, шөберелерім бар.




Қарттар үйіне анам өзі кетіп қалыпты...
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Шолпан Рысақова:
— Мен осында оранжерея қызмет етемін. «Қарттар мен мүгедектер үйінде» жұмыс істеп жатқаныма 4 жылдай болды. Бұл жерде анам тұрады. Өзіміз бұрын Арқалықта тұратынбыз. Балаларымды оқыту мақсатында мен Астанаға келгенмін. Анам Арқалықтың соңғы тұрғындарының бірі болып, ол да Астанаға көшіп келді. Мен бала-шаға боп Астанада пәтерден пәтер жағалап жүрміз. Анам Арқалықтан көшкенде бізге ауыртпалық, салмақ түсірмейін деп өзі осында кетіп қалған екен. Бір жағынан анамның жанында болайын, бір жағынан аз да болса ақша табу мақсатымен осында жұмыс істеп жүрмін.




Кейде балаларымның болмағаны да дұрыс шығар деп ойлаймын...
Блог - rakisheva: Қарттардың жағдайын суреттер айтсын
Людмила Одинокая:
— Менің бұл жерде тұрып жатқаныма 7 жыл болды. Петямен отау құрғанымызға да 7 жыл. (Петя ағайдың толығымен аяғы кесілген) Менің жақын туысқандарым жоқ. Тек алыс тума-туыстар мен құрбыларым ғана бар. Өмірімде балаларым болмаған. Бұл жақта бәрі жақсы. Үйде тұрғанда ауырып, төсек тартып жатқанда төрт қабырғаға қарап өмірден де түңіліп кететін едім. Ал мұнда қарым-қатынас, дәрі-дәрмек, бес мезгіл тамағымыз — бәрі бар. Қандай да бір өтініш жасасақ, басшылық өтінішімізді жауапсыз қалдырмайды. Мұнда бізбен қатар ақылы түрде де тұратын қарттар бар. Ақылы түрде тұратын қарттардың барлығының бала-шағасы бар, солар осында әкеліп тастаған. Мен айтқанымдай менің балам болған емес. Осында келіп жатқан өзгелердің ата-анасын, апа-аталарын қартайған шағында осында әкеліп тастап жатқандарын көргенде болмағаны да дұрыс болды ма деп ойлап қоямын… Интернат бүгінгі күні біздің өміріміздің соңғы тұрағы...
 




Бұл жердің тұрғындарының үйі «жылы», тағам және киім-кешектен таршылық көріп жатқан жоқ. Таңнан кешке дейін күтушілері жанында. Алайда жан жылуы болмаған соң қарттардың көздері жасқа толып, жүректерін қайғы-мұң өртейді.




P.S. Суреттердің көптігі үшін Ерлан аға ұрыспайтын шығар…
Әрі қарай

Астанаға саяхат

Сарыарқаның сары даласында бой көтерген Астана жылдан жылға көркейіп, өсіп келеді. Алғашында тамсанып жүретін үлкен ғимараттар, қазіргі күні өміріміздің бір бөлшегіне айналып та үлгерді. Бүгінгі блогымда оқырмандарымды Астананың қайталанбайтын стильде салынған ғимараттарымен таныстырсам деймін.

БӘЙТЕРЕК
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2002 жылы ашылған, биіктігі 97 метр. Бәйтерек үш бөліктен тұрады.
Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі. Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар.


"ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛЫ" ғимараты
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2009 жылы ашылған. 174 (40 қабат) және 156 (37 қабат) метрлік екі ғимараттан тұрады.

«СЕВЕРНОЕ СИЯНИЕ»
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2008 жылы ашылған. «Северное сияние» 33, 37 және 42 қабатты үш ғимараттан тұрады. Ең биігі 180 метр.

ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2012 жылы ашылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 17,7 мың шаршы метр. Бас күмбезінің биіктігі – 51 метр, диаметрі – 28,1 метр, мешіттің төрт мұнарасының биіктігі – 77 метр.

АСТАНА ЗАҢҒАРЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Астана заңғары» 2006 жылы ашылған. Заңғар 39 қабаттан тұрады, оның 36 қабатында халық қоныстанған. Қалғандары тұрғындарға қызмет көрсететін арнаулы орындар: түрік, фин, орыс моншасы, мұз айдыны мен бассейн, сауда орталығы, дәрігерлік пункт, жер асты көлік тұрақтары мен қоймалар.

«7 БОЧЕК» тұрғын үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Астанада «7 бочек» деген атпен танымал тұрғын үй. 2005 жылы қолдануға берілген. 9, 12, 14, 16 және 22 қабатты жеті тұрғын үйден тұрады.

«ХАН ШАТЫР» сауда ойын-сауық орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Хан шатыр» орталығы 2010 жылы ашылған. Аумағы 127 мың шаршы метрді құрайды. Барлығы 6 қабаттан тұрады. Биіктігі 150 метр.

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Тәуелсіздік сарайы 2008 жылдың 15 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің 17 жылдығы қарсаңында ашылған. Қазақтың керегесімен қоршалған алып Сарай үш қабаттан тұрады. Мұнда 3082 адамға арналған конгресс-зал, 268 адамға арналған салтанат залы, 220 адамға арналған баспасөз орталығы және 678 адамға арналған мейрамхана орналасқан. Сонымен қатар Сарайда 45 орындық 4D кинотетр бар.

АСТАНА ЦИРКІ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Астана циркі 2005 жылы ашылған. Аренасының диаметрі 13 метр, орын 2000 адамға арналған. Сонымен қатар ішінде 36 орындық vip-аймақ бар. Циркте 320 адам қызмет етеді. Циркке жылына 50 000 балалар мен ересектер келеді.

"НҰР ОТАН" партиясының Орталық аппаратының ғимараты
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Нұр Отан» партиясы Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар біріккен. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.

«ДИПЛОМАТ» қонақ үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Diplomat Deluxe Hotel and Business Resort» заманауи мейманханасы 2007 жылы ашылған. Ол Астананың халықаралық әуежайынан 15 минуттық жерде орналасқан.

«САНКТ-ПЕТЕРБУРГ» бизнес орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Санкт-Петербург» бизнес орталығы 2011 жылы ашылған.

"ҚАРАӨТКЕЛ" көпірі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"Қараөткел" көпірі (атауы 2009 жылы қойылған)

«ЖҰМБАҚТАС» қонақ үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"Жұмбақтас" қонақ үйі 2011 жылы ашылған.

«MOSKVA» бизнес орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"MOSKVA" сауда-ойын-сауық орталығы 2013 жылдың 1 қарашасында ашылған 4 қабатты ғимарат. Барлығы 70 000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"ҚР Ұлттық мұрағаты" ғимараты 2003 жылы салына бастаған. Аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағат құжаттарын сақтауға арналған екі блоктан тұрады: I блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде), II блок – 4 қабатты доға пішініндегі бөлігі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

"ҚАЗАҚСТАН" орталық концерт залы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Қазақстан» орталық концерт залы 2009 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған концертпен ашылған. Сахнасы 274 шаршы метр.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ САРАЙЫ»
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы ашылған. Оның биіктігі 62 метр. Ғимараттың төбесі, яғни күмбезінде – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген. Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан.

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
_____________________________________________Қосымша__________________________________________

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдында орналасқан "Ғылым алаңы"

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Мәңгілік\шексіздіктің бейнесі "Мёбиус лентасы" 2003 жылы 6 шілдеде ашылған «Жыл мезгілдері» саябағында орналасқан. Саябақ барлығы 6,5 гектар жерді алып жатыр.
Әрі қарай

Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

Бұл постты оқып отырғандарыңыздың көпшілігі өзге елдердің тағамдарын қаладағы кафе, ресторандардан немесе фастфудтар арқылы таныдыңыз десем қателеспейтін шығармын. Бүгінгі күні әлемнің кез-келген елінің асханасының тағамдарын қарапайым фасфутарда да қолжетімді бағамен дәмін татып көруге болады.

Пицца, спагетти десе бірден ойымызға Италия, суши десе Жапония, грек салаты десе Грекия, ал дөнер десе Түркияны ойлаймыз. Ал шындығында қалай?


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықАҚШ
Сосa-Cola, хот-дог, гамбургер десе бірден Америка құрама штаттары ойымызға келеді. Бұл тағамдар бізге АҚШ-тан келген деген стереотип қалыптасқан. Ал шындығында хот-дог – Францияда, картошка-фри Бельгияда, гамбургер – Германияда дүниеге келген.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ҮНДІСТАН
Үнділердің тағамы түрлі қызылды-жасыл көптеген дәмдеуіштермен жасалады деген стереотип бар. Ал шындығында ол олай емес екен. Үндістандықтар белгілі бір дәмдеуішті тек бір тағамға ғана арнап қолданады. Бізде біртүрлі үнді тағамын жеп қалсаңыз ол үнді асханасының жамандығы емес.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ИТАЛИЯ
Италиялық спагетти мен фрикадельки бұл елдің өзіне қарағанда Америкада танымалдырақ. Италия асханасына тамыры терең сіңген пицца Италияда дүниеге келген деген стереотипке қарамастан, оның дүниеге келген жері Греция болып табылады. Ал танымал италиялық неке сорпасы – Испанияда ойлап табылған.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ГРЕКИЯ
Аты танымал «Грек салаты» әлем бойынша түрлі құрамда дайындалғанымен, оны гректердің асханасынан таба алмайсыз. Сонымен қатар, грек жаңғағын біз Грекиядан деп ойлаймыз. Өйткені ол өзге елдерге Византия арқылы тарай бастаған. Алайда оның Отаны Азия саналады. Ежелгі грекиялық ғалым Теофраст оны парсы жаңғағы деп атаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТАИЛАНД
Таи тағамдары көбіне батыстықтарға икемделіп дайындалады. Ал шындығында ол тағамдар өз Отанында үндістандық тағамдарға қарағанда да ащы болады.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТҮРКИЯ
Дөнер десе ең алдымен түрік елі еске түседі. Алайда оның дүниеге келген жері Берлин. Дөнерді ең алғаш рет 1971 жылы Берлинде тұратын Махмұт Айгүн есімді түрік азаматы жасаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықЖАПОНИЯ
Бүгінгі күні әлем бойныша Жапонияның ең танымал ұлттық тағамы ретінде танымал сушидің дүниеге келген жері Қытай. Б.з.д 4 ғасырда қытайлықтар балықты ұзақ сақтау үшін оны тазалап, күрішке салып қояды екен. Алайда балықты жейтін кезде сыртындағы күрішті алып тастайтын болған. Дәл осы тәсілден дүниеге суши келген.



Ал сіз тағамдарға байланысты қандай стереотиптерді білесіз? :)

Фото сурет: Jonathan Icher

P.S. Стереотиптерді бұзу тақырыбында тағамдар туралы жазуыма жарты әлемді аралап келген құрбым Гүлмираның әңгімесі арқау болды.
Әрі қарай

Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

Біз өмір сүріп жатқан әлемді жаратқан Құдайдың разылығы үшін жасалған әрбір жақсы іс садақа болып табылады :x

Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық
Садақа ретінде берілген көмек адамды апаттардан, бәлелерден қорғап, дүниеде сау-саламатты өмір сүруге себеп болады. Осылайша жәрдем еткен адам дүниеде де, ақыретте де үлкен нығметтерге қауышады.

Бүгінгі жазбамда Әлемдік негізгі діндердегі садақаның роліне тоқталсам деймін.

ИСЛАМ ДІНІ

«Қолы ұзын адам»
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде:

Аллаһ Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына: «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың», – деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Аллаһ Елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық
Ислам дінінде мұсылманның бауырына жасаған барлық игі істері, жақсылықтары, қамқорлығы садақа болып саналады және одан ол сауап алады.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

ХРИСТИАН ДІНІ

«Авель мен Каиннің садақасы»
Еңбектің оннан бір бөлігі Құдайдікі — Малахия 3:8-9
Авель қойшы болатын. Ол садақаға өзінің жақсы деген қойларын берді. Құдай оны қабыл алып, оның малының саны көбейе түсті.
Ал Каин диханшы еді. Ол Құдайға өзінің еңбегінің оннан бір бөлігін садақаға берді. Бірақ Құдай оны қабыл алмады. Садақасы қабыл болмаған Каинның жүрегін мұң басып, арты өлімге душар етті. Құдай оның садақасын қабыл алмауының себебі оның не алып келгендігін де емес еді. Ол еңбегінің оннан бір бөлігін шын жүрегімен беруі тиіс болатын. Каин болса садақаны өз еңбегінін ең соңында қалған, ештеңкеге жарамсыз, жартылай кеуіп қалған дақылынан берген еді.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

БУДДА ДІНІ

«Қайтарым»
Бір ауылда Будданың өмір сүру салтын ұнатпайтын адам тұрыпты. Ол оны жалқау, жанына жастарды жинап алып бостан босқа уақыт өткізетін адам ретінде санайды екен. Оны білген Будда шәкірттерін жинап алып, сол адамның үйіне садақа сұрап барыпты.
— Бхавати! Бхикшам дехи! (Құдай жарылқаған! Маған садақа берші!)
Оны байқаған ол кісі:
— Бұл жерден кет! Мұнда саған бір тиын да берілмейді, — деп түрлі балағат сөздер айтып, оны мазақтап айқайлапты.
Будда оның ол сөздеріне ренжімек түгілі күлімдеп қана қойыпты. Сонда ол адам ашуын басқаннан кейін сабасына түсіп Буддаға барып:
— Әкей! Мен бір істі түсінбей тұрмын. Түсіндіріп бересіз бе?
— Айта ғой.
— Мен жаңа сізді түрлі жаман сөздермен балағаттадым. Бірақ сіз үндемей, тек қана күлімдеп қойдыңыз. Неге менің сөздерім сізге тимеді?
— Ойлап көрші, сен маған тамақ алып келіп бердің. Бірақ мен оны жеуден бас тарттым. Ол тамақты сен не істейсің?
— Мен оны қайтадан алып кетемін.
— Сен бағана маған тамақтың орнына жаман сөздер бердің. Мен оны алудан бас тарттым. Енді оларға не болады?.. Олар сенің өзіңе қайтып барады. Менің оған еш қатысым жоқ, — деп жауап берген екен.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

P.S. Суреттегі жазбаларды оқу үшін үстінен басу қажет.
Әрі қарай

Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?

Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?Көбіне достарымызбен жинала қалсақ та, үйге қонақ шақырсақ та дайын нәрсеге тапсырыс бере салуға құмар болдық қой… Ол түсінікті-ақ, уақыт аз, ал кез келген супермаркетте бүгінгі күні тоқаштан бастап түрлі салаттарыңа дейін бәрін жасап сатады. Тіпті қазақы ет пен қамырға да тапсырыс берсеңіз ол да дап-дайын!

Бүгінгі жазбамда күнделікті жеп жүрген, алайда үй жағдайында да жасауға болатын дәмді тағамдардың біразының қанша теңгеге жасауға болатынын айтып, дүкеннен (кафе, асхана, фастфуд) қанша теңгеге сатып алатындығымызбен салыстырмақшымын. Жазбамды түскі шай ішкенде десертке жейтін тәтті тортымыздан бастап, кешкілік достармен бас қосқанда дастарханымыздың сәнін келтіріп тұратын пиццамен аяқтаймын l-)

Ендеше кеттік… \m/

Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?

Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?"БИСКВИТНЫЙ ТОРТ"

Қажетті ингредиенттер:

  • Ұн — 200 гр/60 теңге
  • Жұмыртқа — 4 дана/100 теңге
  • Қант — 4 қасық/40-50 теңге
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Сәндеуге қажетті жемістер, тәттілер — 200 теңге

  • 435 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН ТОРТ ---------------------------------------> Киллограмы 2500 теңгеден басталады, 1 торт орта шамамен 3000 ТЕҢГЕ-дей болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ШАБДАЛЫ КЕКСІ
Қажетті ингредиенттер:
  • Жұмыртқа — 2 дана/50 теңге
  • Маргарин- 250 гр./60 теңге
  • Қант
  • Сода
  • Ұн — 200 гр./60 теңге
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Шабдалы, сәндеуге қажетті шоколадтар — 200 теңге

  • 395 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫҒАН КЕКС ---------------------------------------------------------------------> Киллограмы 1500 теңгеден, бір кекс орта шамамен 2000 — 2500 ТЕҢГЕ-дей болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?СҮЗБЕ ҚОСЫЛҒАН БӘЛІШ
Қажетті ингредиенттер:
  • Ұн — 300 гр/90 теңге
  • Сүзбе — 250 гр/300 теңге
  • Қант
  • Сода
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Жұмыртқа — 2 дана/50 теңге
  • Маргарин (немесе май қолдануға болады) — 250 гр/60 теңге

  • 525 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН БӘЛІШ ----------------------------------------> Киллограмы 1000 теңгеден басталады, бір бәліш орта шамамен 2500-3000 ТЕҢГЕ болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?КИМБАП/МАКИ
Қажетті ингредиенттер:
  • Нори жапырағы — 250 теңге
  • Күріш
  • Тұз
  • Сыр, балық, қияр (өзіңіздің қалауыңызға қарай қажетті заттарыңызды қоса бересіз) — 400 теңге

  • 650 ТЕҢГЕ

СУШИГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------> Түріне қаратай 800 теңгеден басталады, ең көп тапсырыс берілетін «Филафельфия» маки 1400 ТЕҢГЕ тұрады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ДӨНЕР
Қажетті ингредиенттер:
  • Лаваш — 100 теңге
  • Майонез, кетчуп
  • Қуырылған картоп — 50 теңге
  • Қияр, сәбіз, қызанақ — 70 теңге
  • Ет (етті өзіңіздің қалауыңызға қарай қосасыз) — 200 теңге

  • 420 ТЕҢГЕ
ДӨНЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------------------------------------------------------------> Дөнердің ең қарапайым түрі 800 ТЕҢГЕ-ден басталады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ПИЦЦА
Қажетті ингредиенттер:
  • Ұн — 200 гр/60 теңге
  • Қызанақ — 2 дана/70 теңге
  • Тұз
  • Ашытқы
  • Сыр (сырдың көп болғаны жақсы) — 300-400 гр/ 400 теңге

  • 530 ТЕҢГЕ
ПИЦЦАҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ -------------------------------------> Пиццаның ең қарапайым түрі «Маргарита» негізінен 1100 ТЕҢГЕ-ден басталады

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ КҮНДЕ БОЛМАСА ДА, АПТАСЫНА 2-3 РЕТ ЖЕЙТІН ТАҒАМДАРЫМЫЗДЫҢ БАҒАСЫ ОСЫНДАЙ.
ҮЙ ТАМАҒЫ МА, ӘЛДЕ ФАСТФУД ПА? Таңдау өзіңізде :-/
Тамақты үйден дайындап ішіп-жейтін болсақ қааанша ақшамыз қалтамызда қалады екен иәәә?! ;;)
  • *Тағамдарды дайындаған автор, ал азық-түліктердің бағасы Астана қаласының бағасымен есептелінді.
  • ** Үй жағдайында дайындалатын тағамдардың құнын есептегенде әрбір үйден табылатын қант, тұз, сода, ашытқы бағасы қосылған жоқ.

P.S. «Барлық» жастардың сүйікті асы KFC жайында жазар едім, бірақ оның құпия түрде сақталатын дайындалу әдісін әлі білмеймін. Біліп жатсам міндетті түрде қосып қоямын :d Бірақ кәдімгі бір тауық KFC-дің кіп-кішкентай твистерімен бірдей болары анық!
Әрі қарай

Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»

Уақыт өте келе технологиялар дамып, үлкен-кіші демей кез-келген адам интернетке қол жеткізе алатын дәрежеге жеттік. Бұрын әлеуметтік желіні тек қарым-қатынастың құралы ретінде көрсек, кейінгі уақытта ол қосымша қаржы табу көзіне де айналып отыр. Бұл үрдіс әсіресе адамдардың өмірінде Instagram пайда болғалы үдей түсті.

Бүгінгі материалымда мен Instagram әлеміндегі бизнесмендер жайында сөз қозғамақпын. «Инстаграм арқылы айына қанша ақша табуға болады?», «Инстаграм бизнесмендері бұл әлеуметтік желіге қалай және не үшін келді?», «Инстаграм арқылы байып кетуге болады ма?» деген сынды сұрақтарға жауап іздеп көремін.
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»


ТАҒАМДАР ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Лаура Мырзақоңырова, қытай-ағылшын пәндері бойынша филолог -> @Laukin88
ҚАЙДАН? Атырау қаласынан
ҚАШАН? Инстаграмға тіркелгеніне 2 жыл болды
НЕ ҮШІН? Жалпы Инстаграм сурет салу үшін арналғандықтан, мен де жұрттан қалыспайын деп өзіме аккаунт ашып алдым. Әр адамның парақшасына қарасаң, өзіндік тақырыпта суреттермен бөлісіп отырады ғой. Біреуі табиғатты салып жатса, ал енді біреуі қолөнер бұйымдарын салып отырады. Өзіме келетін болсақ, менің инстам толған тамақ. Сол тағам жағына өз басым бала кезімнен жақынмын. Кішкентайымнан үнемі анам ас әзірлеп жатса, көз қиығымды салып жүретінмін. Тіпті 9 жасар кезімде ашытқы салмай, пешке нан жапқаным есімде, әрине ол нан, нан емес, тас боп шыққан еді (күліп).
Қазіргі уақытта күнделікті әзірлеген тағамдарды фолловерлеріммен бөлісуге асығатын болдым. Тамақтарды салуыма басты себепшілер ең алдымен анам және үнемі қолдау көрсетіп жүретін жолдасым.
Көбінесе маған тапсырыс беретін жандар, ол- менің таныстарым, достарым! Жалпы инстаграм арқылы тапсырыс беретін адамдар қатары көбейіп келеді. Оған менің фолловерлерімнің де қосып жатқан үлесі көп. Мысалы инста-достарымның біреуі маған бір өнімге тапсырыс беріп қана қоймай, сол өнімнің қандай екенін өз инстапарақшасында бөлісіп, пікір білдіріп, қысқаша айтқанда жарнамалап отырады. Сол арқылы оқырмандардың да, тапсырыс берушілер қатары артып келеді. Қызығушылық танытатындар күнде болмаса да 2-3 күнде бір, рахметін айтып, жылы лебіздерін білдіріп хабарлаасып тұрады.
ҚАНША? Жалпы тапсырысты көңіл-күйіме байланысты алатын болғандықтан, нақты айына қанша табатынымды айта алмаймын, бірақ айына 4-5 рет тапсырыс алғанда 15-20 мың пайда табамын. Ол енді тапсырыстың көлеміне байланысты.


ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ҚОЛӨНЕР ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Мұқажан Алмас, суретші дизайнер -> MukajanKz
ҚАЙДАН? Алматы қаласынан
ҚАШАН? Инстаграмға тіркелгеніне 1 жыл болды
НЕ ҮШІН? Mukajankz паракшасын бүгінгі күні айналысып отырған ісімнің жарнамасына пайдаланамын. Бiздiң сатып алушылар көбiнесе қазақ өнерiн түсiнiп, бағалайтын адамдар. Халық шетелден заттар алғанша өзіміздің «MUKAJAN» брендінен заттар сатып алып, қолдайық деп жылы лебіздерін білдіріп жатқанда қуанып қаламын.Негiзi мен Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бiтiргенмін. Мамандығым суретшi дизайнер. Ал қазіргі айналысып жүрген ісім менің бала кездегі арманым еді. Былғарымен жұмыс істеген өзіме жақын. Менің атам Мұқажан өнер адамы болған, әкем Қазақстанның атақты зергерi Аман Мұқажан деген кiсi. Оқуды бітіргеннен кейін осы кәсіппен айналыса бастағанда брендтің атын ойланбастан «MUKAJAN» деп қойдым.
ҚАНША? Айына мынанша ақша табамын деп айталмаймын, себебi қазіргі уақытта инстаграм әлемі арқылы да, сауда арқылы да тауып жатқан ақшамыз толығымен жұмысқа салынуда.


ОЮ-ӨРНЕК ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Гауһар Асылбекова, бастауыш сынып мұғалімі -> @Quraq
ҚАЙДАН? Алматы қаласынан
ҚАШАН? инстаграмға тіркелгеніне 2 ай болды
НЕ ҮШІН? Менің анам тігінші болғандықтан бұл істі кішентайымнан көріп өскен адаммын. Бірақ құрақ көрпелерді тігуді жақында қолға алдым. Инстаграм парақшамды балам адамдар көрсін, қызығушылық танытып жатса тапсырыс берсін деп жақында ашып берді.
ҚАНША? Қызығушылық танытып жатқандар бар, бірақ әлі тапсырыс алып көрген жоқпын.


ӘДЕМІ СЫЙЛЫҚТАР ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Төлебаева Анар, шығыстанушы, @Perfect_astana
ҚАЙДАН? Астана қаласынан
ҚАШАН? Инстаграмға тіркелгеніне 10 ай болды
НЕ ҮШІН? Негізінен инстагармды достарыммен қарым-қатынасты ұстап тұру үшін ашқан болатынмын. Екі жарым жылдан бері баламен үйде отырмын. Бұл ісіме қалай келдім дейсіз бе? Мен тұрмысқа шыққалы жатқанда қыз ұзатудың алдында Астана қаласындағы Редиссонда өткен үйлену тойына арналған заттардың көрмесіне барған болатынмын. Сонда кейбір шеберлердің көздің жауын алатын дүниелерін көріп қатты қызықтым. Өзімнің де мерекелік шараларды ұйымдастыруға деген құлшынысым бар еді, оның үстіне біраз уақыт сол салада жұмыс істеген болатынмын. Кейінінен босанып, баламен үйде отырғандықтан қолым бос уақытта түрлі мерекелік бұйымдар жасауды қолға алдым.
ҚАНША? Мен бұл іспен мақсатты түрде айналыспағандықтан тапсырыс берушілерім көп емес. Негізінен тапсырысты инстаграмдағы оқырмандарым береді. Бұрын хэндмейд бұйымдарымды өзімнің жеке парақшам арқылы салып отыратынмын. Жаңа парақшамды ашқалы 1-2 рет қана тапсырыс алғандықтан ақша жайында нақты айта алмаймын.


СУРЕТ ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Жеңіс Молдабеков, суретші -> @Xudojnik01
ҚАЙДАН? Астана қаласы
ҚАШАН? Инстаграмға тіркелгеніне 7 ай болды
НЕ ҮШІН? Инстаграмды өз өнерімді өзгелерге таныту үшін ашқан болатынмын. Негізінен инстаграмдағы парақшама жұмыс процесінен кезең-кезеңімен үзінділер салып отырамын. Ондағы оқырмандарым өнеріме қызығып сұрақтарын қойып, хабарласып жатады.
ҚАНША? Адамдар керегіне қарай тапсырыс береді. Айына-күніне емес. Біреуде мереке, туған күн болса соған қаратай тапсырыс беріп жатады. Туындыларым 5 мыңнан басталып 150 мыңға дейінгі аралықта бағаланады.


ҰЛТТЫҚ HAND MADE ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Айжан Сәрсенова, көлік инжинері -> @Hand_made_kz
ҚАЙДАН? Астана қаласынан
ҚАШАН? инстаграмға тіркелгеніне 3 апта болды
НЕ ҮШІН? Негізінен бос уақытымның барлығын қолөнермен айналысуға жұмсаймын. Қолымнан шыққан дүниелердің барлығын қазақи, ұлттық нақышта жасағанды ұнатамын. Өйткені ол ұлттық дәстүрді заманауи стильде жаңғырту деп білемін. Менің негізгі мақсатым ұлттық ою-өрнектерді тек ұлттық киімдерде ғана емес, бүгінгі заманауи сәнқой қыздарымыздың үстіне де тағу болып табылады.
ҚАНША? Маған негізінен тапсырыс берушілер жас қыз-келіншектер. Күніне орта шамамаен 5-6 адам хабарласып, менің қолөнер бұйымдарыма қызығушылық танытып тұрады. Айына қанша табатындығымды әлі айта алмаймын. Өйткені менің бұл әлемге келгенімен 1 ай да болған жоқ. Алайда бүгінгі күнге дейін 25 мыңдай ақша таптым.


ТӘТТІ ТОҚАШТАР ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Юлия Ким, қаржы маманы -> @Home_macaron
ҚАЙДАН? Алматы қаласынан
ҚАШАН? инстаграмға тіркелгеніне 6 ай болды
НЕ ҮШІН? Бүгінгі күні инстаграм мен үшін өз қызығушылығыммен бөлісудің бір әдісі. Қазір баламен үйде отырғандықтан адамдармен қарым-қатынас жетіспей жатады. Бір күні ұлым ұйықтап жатқанда инстаграмда суреттер қарап отырған болатынмын. Сол кезде көзіме әдемі зефирдің суреті түсті. Сөйтіп мен зефирдың жасалу жолы жайында білгім келді. Сөйтіп Юлия Родничи деген молдовалық аспаздың парақшасына кірдім. Оның жасаған тағамдарын көріп, макаронсын татып көргім келді. Алайда оған жете алмадым. Сөйтіп өзім жасап көрсем қалай болады екен деп ойладым. Бірақ алдымен 5-6 ай бойы макаронсты жасау жолдарымен танысып, түрлі рецептерін, видеоларын қарап жүрдім. Макаронсты сатумен айналысардан бұрын оны әбдан бабына келтіріп алайын деп жасаған тәттілерімді барлық туған-туысқандарыма ұсынып көріп, олардың пікірін біліп жүрдім. Содан қазіргі макаронсымның рецептін таптым. Менің бүгінгі макаронстарым бастапқыдағыға қарағанда әлдеқайда тәтті әрі әдемі.
ҚАНША? Маған негізінен тапсырыс берушілер тәтті құмар қыздар мен емізулі балалары бар әйелдер. Өзімнің де емізулі балам болғандықтан «диатез» деген не екендігін жақсы білемін. Сондықтан макаронстарымды жасағанда осыны ескеремін. Қазіргі уақытта күніне 5-6 адам хабарласып тұрады. Айына 500-ден астам макаронс сатамын. Макаронстың бағасы тапсырыс берушіге қанша дана қажет екендігіне қаратай белгіленеді. Орта шамамен макаронстың 1 данасының бағасы 245 теңге. Осыны әрі қаратай есептей беруге болады.


СӘНДІ ТҰРМЫС ЖАБДЫҚТАРЫ ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Евгения Жандарбаева, киім дизайнері -> @Omir_artstudio
ҚАЙДАН? Астана қаласынан
ҚАШАН? инстаграмға тіркелгеніне 7 ай болды
НЕ ҮШІН? Еңбек пәнінің мұғалімінің арқасында мектеп кезінен бастап тігін тіккенді жақсы көремін. Оның үстіне нағашы әжемнің қанымен берілген таланты болса керек. Ол нағыз қолөнер шебері болатын. Өзімнің ісімді өте қатты жақсы көремін. Эскиздерді салудан басталатын еңбегіңді дайын күйінде көру деген мен үшін әр уақытта бақыт. Инстаграм жайында тірегім, қамқоршым жолдасым айтқан болатын. Соның арқасында инстаграм әлеміне келіп қалдым. Бұл әлеуметтік желі адамдарға танылудың бір жолы болғандықтан негізінен жарнама ретінде қолданамын. Инстаграм әлеміндегі оқырмандарымның жылы лебіздері мені қанаттандырып, шабыт береді. Олар кейде ешқандай тапсырыс бермесе де қоңырау шалып жәй осындай ұлттық нақыштағы дүниелерді жасап жатқаныма алғыстарын білдіріп жататындар да бар. Маған негізінен тапсырыс беретіндер ерекше сәнді, оның үстіне ұлттық нақыштағы дүниелерді жақсы көретін адамдар. Инстаграм арқылы тапсырысты күнделікті алып отырмаймын, алайда жұмыссызда отырған жоқпын.
ҚАНША? Менің айналысып жүрген ісімді бизнес деп айтпас едім, бизнестен гөрі оны өзіңнің ұнататын ісіңмен айналысу деген дұрысырақ болар. Айына еңбегімнің ерекшелігіне байланысты қомақты қаржы тауып жатамын. Бірақ оның жартысынан көбі шикізат алуға жұмсалады.


ШЕБЕР ҚОЛДАР ӘЛЕМІ
Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
КІМ? Гауһар Бағдабаева, өңдірістік топ инжинері -> @GauhariKZ
ҚАЙДАН? Ақтау қаласынан
ҚАШАН? инстаграмға тіркелгеніне 2 жыл болды
НЕ ҮШІН? 2012 жылы жабо тігумен айналыса бастадым. Сол уақыттары инстаграмдағы парақшама жасаған дүниелерімді салып жүретінмін. Уақыт өте келе адамдар қызығушылық танытып, тапсырыстар бере бастады. Қазіргі уақытта әр түрлі стильдегі жаболар, балаларға, қыз-келіншектер мен ер адамдарға арналған білезіктер, сырғалар, кольелер, ободоктар, машинаға арналған ілгіштер жасаймын. Сәйкесінше инстаграм менің хоббиіме байланысты жарнамалау үшін қолданамын. Хэндмейдпен айналысу өзімнің негізгі жұмысыма ешқандай кедергісі жоқ, себебі ол менің жеке ісім, онымен тек бос уақытым болған жағдайда ғана айналысамын. Негізгі тапсырыс берушілерім қыз-келіншектер, бірақ ер адамдар да аз емес. Күніне қызығушылық танытқан 2-3 адам міндетті түрде хабарласады.
ҚАНША? Әр кезде әртүрлі. Тапсырыс қабылдауыма байланысты. Жаңа өтіп кеткен 4 аптаға анализ жасаған едім, 30 100 теңге пайда түсіпті. Инстаграмның мен үшін және менің өнерімді тегін жарнамалаудағы пайдасы өте зор.



Блог - rakisheva: Instagram әлеміндегі «бизнесмендер»
Бүгін сіздер инстаграмда арнайы дүкен, ресторан, кафелердің аккаунттары емес, өзінің қызығушылығы, яғни хоббиі арқылы ақша табатын әрі бұл әлемдегі қай ел болмасын негізінен инстаграм арқылы ақша табатындардың барлығы түрлі қөлөнер туындыларын жасаумен айналысады ең кеңінен таралған хэндмейкерлермен таныстыңыздар.

Жалпы алғанда Instagram әлеміндегі «бизнесмендердің» орташа келбеті әуестік ретінде хэндмейдпен айналысып, негізгі жұмысынан қолы бос уақытта тапсырыстар қабылдаушылар. Инстаграмдағы кішігірім бизнесін мақсатты түрде дамытып отырмағандықтан оларға тапсырыс берушілер өздерінің тұрақты оқырмандары мен мақсатты түрде оларды іздеп келетін әлеуметтік желі қолданушылары болып табылады.

Олардың басты мақсаты ақша табу емес, өзінің дүниеге алып келген өнімі арқылы адамдарға қуаныш сыйлау! :x
Әрі қарай

Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?

2011 жылдан бастап голливудтық фильмдер қазақша дубляждалып қазақстандық көрермендердің назарына ұсынылуда. Алайда арада 3 жыл өтседағы қазақ тілінде сөйлейтін голливудтық фильмдерді қазақстандықтардан көргендер де, олардың бар екендіктерін білетіндер де аз-ақ болып шықты.

Кинотанушы, «Киностан» порталының әкімшісі Ернар Бекеновтың қазақ тіліне дубляждалған фильмдер жөнінде жүргізген кішігірім зерттеуі осыған бірден-бір дәлел болып отыр. Ернардың қазақша дубляждалған фильмдердің табысы туралы мәліметті орысша нұсқасының табысымен салыстыра отырып басталатын зерттеуінің қорытындысы екеуінің айырмашылығының жер мен көктей екендігін ғана емес, халықтың олар жайында білетіндері аз екендігімен аяқталып «Көрермендердің сөзіне құлақ ассақ — олар киноның насихатталуы нашар дегендей уәж айтады, прокатшылар бұндай жобаның пайдасынан шығыны көп деген ұстанымда» деп қорытындыланады.

Мен өзім киноман емеспін. Бірақ қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің барлығын көріп шыққан адаммын. Соны ала қоя отырып, қазақстандықтарды қазақша сөйлейтін голливудтықтар мен оларды қазақша сөйлеткен отандастарымызбен таныстырмақпын.


ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ


«Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақ тілін үйрену мен дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2011 жылдан бастап отбасылық көрсетілімге арналған голливудтық туындыларды қазақ тіліне дубляждау жобасы басталған болатын.

Жоба авторларының айтуы бойынша: «Мультимедиялық технологияларды пайдалану – тілдерді үйренудің тиімді тәсілі. Әйгілі әлемдік фильмдердің дубляжы қазақ тілін танымал етудің ықпалды және де өнімді құралы болып табылады.»

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
2011 жылдан бері қазақ тіліне 8 туынды аударылған болатын. Оның үшеуі мультфильм, бесеуі кино.


ФИЛЬМДЕР ХРОНОЛОГИЯСЫ
  • Тачки 2/ Көліктер 2, 2011 жыл, 23 маусым: ана тілімізде көрсетілген голливудтық алғашқы фильм!
  • Люди в черном III/ Қара киімділер-3, 2012 жыл, 24 мамыр: Sony Pictures студиясының қазақ тіліне дубляждалған алғашқы фильмі.
  • Храбрая сердцем/ Батыл жүрек, 2012 жыл, 21 маусым.
  • Новый Человек паук/ Жаңа Өрмекші-адам, 2012 жыл, 5 шілде.
  • Университет Монстров/ Монстрлар Университеті, 2013 жыл, 20 маусым
  • Одинокий рейнджер/ Жалғыз рейнджер, 2013 жыл, 4 шілде.
  • Новый Человек паук: Высокое напряжение / Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат, 2014 жыл, 24 сәуір.
  • Малефисента/ Малефисента, 2014 жыл, 29 мамыр.


ФИЛЬМДЕР ЖАЙЫНДА МАМАНДАР

1. КӨЛІКТЕР 2:

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Айжан Жәмшитова, жобаның режиссері: Бұл мен үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Басында Disney студиясынің дубляжға қоятын талабын айтқанда, мен жүрексінгенімді жасыра алмаймын. Дегенмен, белді буып жұмысқа кірістім. Жұмыстың қауырттығы сондай кейде қажет нәтижеге қол жеткізу үшін бір сөздің өзін сағаттар бойы барынша дұрыс дыбыстауға тырысатынбыз. Ал біз телевидениеде осы уақыт ішінде тұтас бір фильмді дайындап шығушы едік.

Дыбыс режиссері — Илья Бисеров.
Басты рөлдегі Молния мен Мэтрді қазақ тілінде сөйлеткен — Азамат Қанапияев.
Фильмінің түпнұсқасына барлығы 130 адам қатысқан, ал қазақстандық дубляжды 30 актер алып шыққан.

2. ҚАРА КИІМДІЛЕР — 3:

Әйгерим Оңалбек, жобаның режиссері: Бізге берілген азғантай ғана уақыттың ішінде біз түпнұсқасымен бірдей, тіпті орыс тіліндегі дубляжынан асып түсетін сапалы өнім жасап шығардық. Өзімізге тапсырылған ісімізді абыроймен алып шықтық деп ойлаймын.

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Басты рөлдегі агент Джейді Уилл Смит қазақ тілінде сөйлеткен — Азамат Қанапияев.


БАТЫЛ ЖҮРЕК


Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Іңкәр Әбдіраш, басты рөлдегі Мерида ханшайымды қазақ тілінде сөйлеткен актриса: Бұл жұмыс менің алғашқы дубляжым. Мен дубляждың соншалықты қиын екендігін білмеппін. Шындығында біз басты рөлдегі кейіпкер екеуіміз ұқсаспыз. Мерида да жас, қайсар, алға қойған мақсатына ұмтылып, кейбір жерлерде ессіздік танытқанымен өзінің қалағанын жүзеге асыра алатын қыз.

Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Жобаның құны 20 миллион.
Қазақстандық дубляжға 15 актер қатысқан.


4. ЖАҢА ӨРМЕКШІ АДАМ

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Мерей Әджібеков, Питер Паркерді қазақша сөйлеткен актер: Бұл менің дубляж саласындағы брінші рөлім. Фильмнің басты кейіпкері Питер Паркер менің дауысымен сөйлегеніне өте қуаныштымын. Негізі біз Питер екеуміз ұқсаспыз. Ол мен сияқты алдына мақсат қоя алатын, әрі елгезек адам.
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Қазақстандық дубляжға 30 актер қатысқан.


5. МОНСТРЛАР УНИВЕРСИТЕТІ

Дулыға Ақмолда, басты рөлдегі Майк Вазовскиді қазақ тілінде сөйлеткен актер: Мен өзімді сахнада да, микрафон алдында өте еркін сезінемін. Мен үшін көрерменнің мені емес, мен сомдап жатқан кейіпкерді көргендігі маңызды. Алайда «Монстарлар универсиететіндегі» Майк Вазовскиді сомдау маған қиынға соқты.Оның жүріс-тұрыс, қимылына сәйкес сөйлей алмаған едім, дубляж режиссері Айжан Жәмшитованың арқасында оны да өте жақсы алып шықтым.

Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Басты рөлдегі Джеймс Салливанды қазақ тілінде сөйлеткен — Руслан Сеңкебаев.
Қазақстандық дубляжға 40 актер қатысқан.


6. ЖАЛҒЫЗ РЕЙНДЖЕР

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Бейбіт Қамаранов, басты рөлдегі рейнджерді қазақ тілінде сөйлеткен актер: «-Мен өзім осы рөлді 12 сағат бойы жасадым. Оңайға соқты деп айта алмаймын, өйткені көп қиналдық. Себебі олардың сөйлеу мәнері, әрекеттері біздің менталитетке келмейді.
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Басты рөлдегі үндіс Тонтоны қазақ тілінде сөйлеткен — Берік Айтжанов.
Қазақстандық дубляжға 35 актер қатысқан.


7. ӨРМЕКШІ АДАМ: КЕРНЕГЕН ҚУАТ

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Азамат Қанапия, басты рөлдегі Электроны қазақша сөйлеткен актер: Маған мінезді кейіпкерлер ұнайды. Менің кейіпкерім алғашында жақсы адам болады, алайда кейінінен зұлымға айналып, адамдар мен бүкіл әлемге ызыланады. Мен өз жұмысымды бастамас бұрын алдымен кейіпкердің мінезін тануға тырысамын, содан кейін барып сол мінезбен жұмысты бастаймын. Кейіпкердің іс-әрекетін түсінсен дауыс өз-өзінен келеді. Фильмнің ағылшын тіліндегі нұсқасында Электроның дауысыны арнайы эффекттермен электрлі еткен, мен де дубляжда дауысымды солай келтірдім.
Жоба режиссері — Әйгерім Оңалбек.
Басты рөлдегі Питер Паркеді қазақ тілінде сөйлететін — Мерей Әджібеков.
Қазақстандық дубляжға 30 актер қатысқан.


8. МАЛЕФИСЕНТА

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
Гүлназ Әуесбаева, басты рөлдегі Малефисентаны қазақ тілінде сөйлетекен актриса: Мен үшін Анджелина Джоли кейіпкері Малефисентаны дыбыстау – зор жетістік. Дыбыстау актер үшін – бұл жаңа толық құнды рөл секілді. Мен «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақстандықтардың белгілі голливудтық блогбастерді мемлекеттік тілде көру мүмкіндігіне ие болғанына ризамын.
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Қазақстандық дубляжға 20 актер қатысқан.


ФИЛЬМ ЖАЙЫНДА КӨРЕРМЕНДЕР


Мерей Ермуханов:
— Қазақша дубляж деген қырғыз инновациясы сияқты құлаққа біртүрлі естілетін ұғым еді, иә? Ал қазір қалыптасып, жанданып келеді.
Бұл жерде мен өзімнің ойымды ғана емес, қос әріптесімнің пікірін де білдіріп отырмын. Олардан сұрап ем, біріне «Малефисента», біріне "Қара киімділер-3" ұнапты.
Өзім там-тұм шығып жатқан қазақ дубляжын жылыұшырай қараймын. Ол процесс өте ауыр, адам үнімен жағаласқан жағдайда жарылыстың да, ар жағындағы мияулаған мысықтың да, жапырақ сыбдырын да студияда салуға тура келеді.
Қазіргі дыбыс режиссерлерінде, аудармашыларда ізденіс бар. Қазақы ұғымдарды қолдануға тырысып жатады. Анау-мынау орынсыз сөздер қолданылса, ол байқалады, сыншыл қауым бірден айтып жібереді.
Дубляжды фильмді сирек көретініміз рас. "Өзімізден де бар енді"… Орысша кино көреміз. Бірақ ол біздің ғана айып емес, жалпы контент аздығы мен эфирге аз берілуден де туындап отыр. Бұл жағдайда, яки сұраныс болмағанда, ұсыныс өзі қимылдауы керек.
Мұндай теңеу орынды емес және тым цинизмге толы секілді, алайда қазақша дубляж да мұсылманшылық сияқты: әсте-әсте болатын дүние.
Бастысы, көш қозғалды!


Айжан Құлмұханбетова:
— Бізге эмоция жетпейді. Эмоциясыз және тәртіпті сөздермен аударып қойғасын кинолардың «дәмділігі» кетіп қалады. Тым әсершілдік көп. Қазір дегенмен жақсарып келеді.

Жарқын Түсіпбекұлы:
— Бұл мәселе осыдан 4-5жыл бұрын көтерілді. Біз сол кезде сәл де болсын «ояу» болған сияқтымыз. Парламент депутаттары да қазіргідей емес еді. Мәжілісте үкімет сағатына келген сол кездегі ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті жалпы сырттан келетін өнімді қазақша ұсыну жағын қолға алу керектігі айтылды. Қазақтілді баспасөз әлбетте қолдады. Сол кездегі министрдің уәдесі бойынша 2012 жылдан бастап, қандай да бір өнім қазақшаға дубляждалып қазақтілді көрерменге таңдау мүмкіндігін бермек болған. Алайда айтылған сөз жайына қалды. Қоғам да ұйымдасқан түрде талап ете алмады. Кейіннен Бауыржан Байбек халықаралық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығын басқарып тұрғанда қолға алды. Нәтижесі жаман емес. Керемет сапалы дүниелер ұсынып жүр. Бірақ аз. Сосын ол тек Байбекке ғана керек пе? Оны неге іліп әкететін адам табылмай тұр? Тіпті үлкен саясаткер басымен мультфильмдер мен ертегілердің басы-қасында жүр. Бауыржан Қыдырғалиұлына рахмет айтар едім. Табандылығы үшін. Барлығы сапалы, кінәрат жоқ. Тек саны аз, өте аз.

Айжан Байтанова:
— Шынымды айтсам, алғашында қазақша дубляждалған Голливуд фильмдеріне белгілі бір скепсиспен қараған едім. Идеясы жақсы, бірақ жүзеге асуы ақсай ма деп ойлағанмын. Бірақ, көңілімнен шықты. Аудармасының өзі де, дублер актерлердің дауыстары да. Бұл жерде дубляж режиссерінің еңбегін атап кету маңызды деп санаймын, бұл адамның арқасында біз қазақшаға аударылған емес, қазақша түсірілген фильм көргендей әсерде қаламыз.
Қазақстанда сапалы дубляж жасай алатын мамандар бар екендігіне өз көзім жетті. Дубляжда Голливуд фильмдерінің неге таңдалғаны түсінікті, бұл көпшілік аудитория қызығушылығын тудыратын өнім ғой. Алайда, дубляждау жанрлық тұрғыдан ауқымдырақ болса екен деп тілер едім. Тек фильмдер емес, қазақ тілді аудиторияға қызықты болатын сериалдар, шетелдік университеттердің дәрістері, әлеуметтік жарнамалық роликтер тағы сол сияқтылар аз емес.


Ернар Бекенов:
— Аударма сапасы үшін 5 баллдық жүйемен 3-4 беруге болады. Кейбір репликаларды актердің ауыз қимылымен сәйкестендіреміз деп қазақ тілді көрерменнің құлағына жат естілетін сөз орамдары кетіп қалып жатады. Прокаттағы дубляж бізде енді қолға алына бастаған бастама ғой, сол себепті бұндай олқылықтарға кешіріммен қарауға тырысамын.
Қазақша шыққан фильмдердің жарнамасы: Менің ойымша, қазақ тілді көрерменнің арасына дубляждалған фильмдерді насихаттау жетіспейтін сияқты. Премьера қарсаңында көрермендер арасында түрлі акциялар өткізілсе, әлеуметтік желілерде көбірек хабарланса, қазақ тілді БАҚ-пен тығыз жұмыс істесе олардың көрілу деңгейін арттыруға болады деп ойлаймын.


Метериалды дайындау барасында фотограф Ғабит Мадалиев, Киностан және Болашақ Ассоциациясының суреттері мен видеолары қолданылды

МЕНІҢ ПІКІРІМ:

Блог - rakisheva: Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
— Бәріміз бір қазақ болғаннан кейін қазіргі уақытта қазақ тіліне дубляждалып жатқан фильмдерге айтар сынымыз да, мақтауымыз да бірдей. Өзім осы фильмдер мен мультфильмдерді көріп шыққан адам ретінде дубляж мәселесінде әр қайсысына бөлек-бөлек сын айтып шыға аламын. Алайда көш жүре түзеледі демекші… сонау 2011 жылдан бері қарайдағы аралықты алатын болсақ дубляждағы біраз мәселелердің түйіні шешілген. Осы уақытқа дейінгі барлық аудармалардың ішінде өзіме Малефицента өте қатты ұнады. Киноның өзінің қызықты сюжетінен өзге, аударма әдемі. Эмоцияларды сәйкестендіріп бере білген, дубляж сапасы да фильмді қай тілде қарап отырғандығынды ұмыттырып жібереді. Құдды сол түпнұсқаны көріп отырғандай әсер алдым. Енді осы айдың соңында «Галлактика сақшылары» қазақ тілінде шығады деп күтілуде, одан да жақсы нәтиже күтеміз.


АЛ СІЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГОЛЛИВУДТЫҚ ФИЛЬМДЕРДІ КӨРДІҢІЗ БЕ?
Әрі қарай

Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Екінші. Екінші қадам, екінші өмір, екінші бақ.

Ылғида бірінші болуды қалайтын жандар үшін «Екінші» болу етек жеңін жиған адам үшін өрескел көрінеді. Бағзыдан «екінші сыңар» болу қалыпты дәстүр болса, бертін келе бұл әдіс өзіміздің қоғамда теріс пікірге ие болған еді. Дегенмен, бұрыңғының баянды өмірі қоғамға қайта енді. Екінші әйелді заңдастыру керек деп, талай ер азамат қолқа салса, өз сыңарын басқамен бөлісе алмаймыз деп тағы бір топ атой салды. Олардың біреуі шариғатты шатастырды, бірі исламды итермеледі. Алайда, жеңілген топ пен жеңген топтың басымдылығын көре алмадық. Қазақ қоғамында құлақтың құрышын қандыратын қазақша пәлсапалық ойлар айтылса, бірі қате пікір етіп қалыптастырып үлгерді. Жоғарыдағы жалпақ тілді жұртшылық үшін арнай сауалнама жүргізу арқылы «Екінші әйел заңдастырылу керек пе?» деген сауал тастаған едік. «Иә» деген жауап 127 дауыспен алға шықты. Сонымен, олар кімдер?

Сұрақ қою әдісі мен уақыты: сауалнама 23 маусым мен 3 шілде аралығында әлеуметтік желі арқылы, анонимді түрде жүргізілді.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Екі аптаға жуық жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 55 пайызы «иә» деп жауап берсе, 45 пайызы «жоқ» деп жауап берген.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Олардың 55 пайызы ер, 45 пайызы әйел адам.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Соның ішінде 51 пайызы — 26-35, 36 пайызы – 18-25, 11 пайызы – 36-45 және 1 пайызы 46-55 жаста.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Отбасын құрмағандар саны 54 пайыз болса, отбасылылардың саны 46 пайызды құрады.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Респонденттердің 55 пайызы баласы жоқ екендігін көрсетсе, 41 пайызының 1-3 баласы, 4 пайызының 4-6 баласы бар.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Сауалнамаға 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының тұрғындары қатысты.
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?


САУАЛНАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ПІКІРЛЕРІ
Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Еркектер — «ИӘ»:

— Көшеде зина жасап, ұрпақ сүйе алмаған ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткендерінен гөрі екінші әйел алғанды дұрыс санаймын. Өз басым үйленгенмін, келіншегімнің жасы 21-де, ал өзім 26 жастамын. Келіншегім екінші әйел алуыма қарсы емес! Керісінше өзім атап өткен жағдайларды түсініп, келісім берді. Қазақтын санын көбейтуіміз керек!

— Некесіз балалар, бойдақ әйелдердің азаюы үшін заңдастылырғанын қалар едім.

— Бұл Алланың даналығы.

— Екі әйел заман талабы.

— Болмағаннан болғаны жақсы ғой.

— Қанша ақылдысымақ болса да, сыртта жүретініміз айдан анық. Ол аз десеңіз көкелерден бастап бәрі саунада.

— Екі әйел алуды заңдастыруға болады, тек мынадай жағдайлар орындалғанда ғана:
1) Екінші әйел алғанға дейін бірінші әйелмен кем дегенде 10 жыл бірге тұрып шығу.
2) Бірінші әйелдің рұқсаты.
3) Екі әйелдің бөлек үйлерде тұруы қамтамасыз етілген жағдайда.
4) Екі әйелдің де күйеуі тарапынан көрсетілетін көңілге, ықыласқа, сондай-ақ, тұрмыс жағдайына разы екендігін растауы.

— Жасым жиырма алтыда, менің ойымша екінші әйел алу заңдастырылып, әр адамның өз еркіне қалдырылу керек. Өйткені қазақтың демографиясы дамуы керек. Шетел жігітіне тұрмысқа шығып жатқан қыздарды қолда алып қалу керек. Бойдақ қыздарды алып тудыру керек. Секеңдетіп жүргізбей. Қазақтар көбеюі керек. Екінші әйелден шошынудың қажеті жоқ. Әр кімнің астында жатқанша 1 адаммен болсын. Еркек әр әйелге барғанша өз әйеліне барсын.

— Аруларымыз өзге ұлт өкілдеріне тиіп, қор болып бара жатыр. Ер адамның жағдайы жар берсе тоқал алуына қарсы емеспін.

— Жағдайы көтерсе ала берсін, оның несі айып? Біздің қоғамда бір ер адамға шаққанда 6-7 әйелден келетіні өтірік емес қой.

— Қос қолдап қолдаймын.Бала саны да көбейер еді.

— Қолдаймын 2 әйел алуды. Бірақ, мынандай шарт болуы тиіс. Ол еркектің жағдайы жақсы болуы керек, бірінші әйелінен кемі 5 баласы болуы тиіс. Екінші әйелді алған соң ол да кемі 5 бала тууы керек. Сонда ғана рұқсат. Айтпақшы, екіншінің де жағдайы жақсы болуы керек. Карточкасына кемінде 10 млн теңге салып беруі тиіс, һәм үй жайын жасап беруі керек.

— «Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?» деген сұраққа иә деп жауап бергеніммен, екінші әйел алуға қарсымын, тек ашына ретінде пайдаланып кетпесін деп заңдастырылсын дедім.

— Иә. Керек. Тоқалдан туса да бала. Оған да әке заңды болса керекті.
Мен алам екіншісін.

— Бірден екі әйелмен тұру дегенді көріп білген соң дауыс бердім.

— Егер ата жолымен, әмеңгерлік жолымен жесірін жатқа жалтақтатпау, жетімін жылатпау мақсатында болса дұрыс, ал тоқал алу жарысы жөнінен болса қолдамаймын.

Еркектер — «ЖОҚ»:

— Қазіргі қоғамға түк пайдасы жоқ діни салттың үлгісі. Әкелеріміз бір әйелмен бақытты өмір сүріп келе жатыр. Бізге ары қарай ешқандай жорық жоқ. Мына жағдайда мүмкін болатын шығар. Егер бәйбішемен келіскен күйде, жесір қалған яки кәрі қызға үйленуге болатын шығар. Бірақ, ни в коем случай жас қызға емес. Жас қыздың өз бағы бар деп ойлаймын.

— Екі немесе одан да көп әйел алған еркектің отбасы ешқашан толық, кемелді отбасы болады деп ойламаймын. Себебі, біріншіден «жаным» деп алған жарыңның жанына жара түседі. Арадағы сезім бұдан кейін ешқашан қайтып қалпына келмейді. Бірібір бұрыңғыдай болмайды. Екіншіден, бұл балаларға ауыр тиеді. Мысалы мен өз әкемнің басқа бір әйелмен әуей болғанын елестете алмайтын. Менің балаларымда да сондай сезім бар деп ойлаймын. Балаларымның, жарымның жанын жаралап тұрып, одан кейін ұрпағыма адалдық, достық, тазалық туралы қалай әңгіме айтуға болады.

— Қиын сұрақ! Әйел заты көп деп «иә» дейін десең өз қызыңды екінші әйелдікке берерме едік?
Жауап жазбас бұрын ойланайық.
Дегенмен жасырын ашыналар көп, бірақ өз әйелдері біледі солар үшін жасырын жүргенше 2 әйел алғаны да жөн шығар.

Әйелдер — «ИӘ»:
— Ажырасып 2-әйел алғаннан жақсы.

— Екінші әйел алуды заңдастырса, қыздар өзін тастап кетеді деп қорықпай «тоқал» бола алады. Ал бұл жағдай, еліміздегі «кәрі қызддардың» санын азайтар еді.

— Екінші әйел болып өмір сүргісі келетін келіншектер ең құрмағанда оны заңдастырып, баласын жетімсіретпей өсірсін.

Әйелдер — «ЖОҚ»:
— Заңдастырмай-ақ алуға қарсы емеспін, некесин қиып мұсылмандық жолмен болса болады. Екінші үй қылып отырғызып қойса дұрыс-ақ.

— Асыра пайдаланушылық белең алып кетеді! Меніңше әр баланың бір ғана ата-анасы болғаны дұрыс. Бала психологиясын да бұзады: жеккөрушілік, араздық, бәсекелестік пайда болады.

— Неге екінші әйел алуды қолдауымыз қажет? Ата-аналар осы уақытқа дейін қыздарын біреудің тоқалы болсын деп өсірмеген шығар.

— Көпәйелділікті қолдайтындардың қатарынан емеспін. Қолдайтын жамағатымыз санаққа сүйеніп сандырақтап жүргені, жеті әйелге бір еркек деп. Негізінен мансап қуған қыздар, етек алған еркектердің бедеулігі, оң босағада отырып бала табатын қыз-қырқындар, ашыналық өмірді қалыпты жағдайға айналдырған отбасылы адамдар, т.с.с қоғамдағы көріністер ойлантарлығы анық. Алайда көпәйелділік бұған жол емес. Екі жарты бір бүтін болып әдемі қартайғанға не жетсін!!!

— Өзі тып-тыныш тұрған Қазақстанда әйелдер соғысы көбейіп кетуі мүмкін. Оның арты жақсы болмайды. Мен бұл пікірге мүлде қарсымын. Шағын мемлекеттер арасындағы соғыс өте қауіпті. Қызғаныш деген өлімге дейін апаратынын ұмытпайық. «Айтуға оңай», әрине Берік ағамыз айтқандай.

— Қазақтың еркектері одан сайын құтырады онда.

— Күйеуімді өзге біреумен бөлісе алмайды екенмін.

— Заңдастырмай-ақ алатындар алып жатыр. Заңдастыру деген міндеттеу деген сөз емес. Заңда рұқсат берілген екен деп, әйелдер күйеуінің тоқал алуына келісе бермейді, бәрібір отбасының шырқы бұзылады. Адам сезімдерін заңмен реттеймін деген далбаса.



Блог - rakisheva: Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Инфографика easel.ly сервисінде жасалды.



Сауалнаманы қорыта келе, Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру қажет деп есептейтін адамдардың бейнесі:
Алматы қаласында тұратын, орта шамамен 26-35 жастағы, үйленген, балалары жоқ, қаржы мамандығы бойынша қызмет ететін ер азамат.
Әрі қарай

Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?

Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?
«Блог деген не?», « Блогшы деген кім?» деген сұраққа Абзал Сариев жауап берген екен. Мен соның желісімен «Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?» және «Блогерлік блогшыларға не берді?» деген сұрақтарға жауап іздеп көремін.

__________________БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫ БЛОГОСФЕРАҒА ҚАЛАЙ КЕЛДІ?
_________________

Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?
Бұл сұраққа қазақ блогосферасының атасы атанған Асхат Еркімбаймен болған əңгімемді ұсынамын.
Сен блогшы болсаң интернетте жеке бренд боласың

Блогты мен 2009 жылдары алғаш Америкадан біліп келдім. Ол кезде интернет Қазақстанда кеңінен таралмаған уақыт еді. Сол кезде қазақ журналистеріне ақпараттық технологияларды қалай жеткізсе болады, біліп келгенімді қалай үйретсем, қалай сауаттандырсам деген сынды ойлар келді. Ең оңайы сол блогтан бастау болды. Сөйтіп, біз «Блог» дегенді сәнге айналдыруға тырыстық. «Блогшы болған жақсы, егер сен блогшы болсаң интернетте жеке бренд боласың» деген сияқты идеяны қоғамда культивацияладық. Соның нәтижесінде блог ашу, оны жүргізу жақсы қарқын алды.

Жаңа ұғым пайда болды

Мен алғаш қазақ тілінде блогты түсіндіре бастағанда кейбір басылымдар менің «блог» деген сөзімді «блок» деп өзгертіп жаңа ұғымды түсіне алмай жатты. Кейінінен блогосфера дамығаннан кейін белгілі бір блогтұғырнамаларда өзінің азаматтық позициясын білдіріп, қызығушылығымен бөлісіп, блогын жүрзігетін адамды біз «блогшы» деп таныдық. Алайда уақыт өте келе әлемде блогерлікке қызығушылық төмендей бастады. Оның орнын әлеуметтік желілер басты. Сол кезде әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын блогшы деп тану белең алды. Қазір егер интернет аудитория солай түсінетін болса, әлеуметтік қолданушының 5 мың тұрақты қолданушысы бар, ол бір нәрсені жазған сайын оқырмандары оған 500 ұнату түймесін басатын болса немесе туиттерде оның 1000-нан аса оқырманы болса, соны блогшы деп атайық деген бір көзқарас қалыптасқан.
Асылында ғылыми әлемде батыста, мәселенки блогшы деп жаңа ақпарат тудырмайтын, ескі ақпаратқа жаңа бір мәлімет үстеп, соны әрі қарай тарататын адамды блогшы деп таниды және ол адамның ақпарат тарататын белгілі бір нақты алаңы бар.

«Блогшы» деп кімді атаймыз?

Бізде Қазақстанда «блогшы» деп әдетте біз азаматтық көзқарасын интернетте тұрақты түрде білдіріп отыратын, белсенді интернет қолданушыны таниды. Әрине, бұл анықтама академиялық ортада қолдануға келмейді. Бірақ Қазақстан интернет қолданушылары осы түсінікті жақын көретін сияқты.
Жеке өз басым бұған келісе алмаймын. Өйткені, менің түсінігімде блогшы деген өзінің азаматтық көзқарасын айқын көрсетіп отыратын, одан тайынбайтын, белсенді интернет қолданушы. Әйпесе, өзінің қызығушылығымен ғана бөлісетін, тек өзінің суретін жариялайтын адамды мен блогшы деп айта алмаймын. Бұл менің жеке анықтамам.

Қарым-қатынас болмаған жерде пікір алмасу болмайды

Адамдар бір автобусқа отырады, бірақ онда ешкім бір-бірімен сөйлеспейді, қарым-қатынас орнатпайды. Қарым-қатынас болмаған жерде пікір алмасу болмайды, соның арқасында жаңашылдықтың дамуы кешеуілдейді. Себебі, адамдар арасында қарым-қатынас болуы маңызды. Жаңа медиада адамдар бір-бірін көрмегендіктен осы «барьер» жойылады да, олардың арасында байланыс орнайды. Адамдар арасында қарым-қатынас қарқын ала бастағаннан соң олар бір-бірімен мәлімет алмаса бастайды, мәлімет алмасқан сайын олар пікір алмаса бастайды, пікір алмасқан сайын адамдардың ой-өрісі, санасы, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасы өзгереді немесе қалыптасады. Жаңа медианың құралдары осы тұрғыдан менің ойымша пайдалы. Әсіресе дүние жүзінде аумағы бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстан үшін. Мысалы, Батыс Қазақстандағы бір адамның көзқарасы Шығыс Қазақстандағы бір адаммен ұқсас болып, сөйтіп бір ортақ жобаны дүниеге алып келіп жатса бұл әлеуметтік желінің, жаңа медианың жеңісі дер едім. Себебі, дәстүрлі медиада оған қол жеткізу екіталай.

Наурыз мерекесі жаңа бір идеяның бастауы болсын

Бір ұнайтыны қазақ блогосферасындағы блогшылар арасында бірден үлкен ынтымақтастық пайда болды. Сол ынтымақтастық жойылмас үшін жылына бір рет наурыз айында, Наурыз мерекесі тек қана бір киіз үйдің ішінде қымыз ішіп, наурыз көже жейтін мейрам ретінде ғана қабылданбасын, Наурыз жаңа бір идеяның бастауы тәрізді өзінше сәнге айналсын деп, осы кезде «Blog Құрылтай» өткізуді дәстүрге айналдырдық. Блогерлердің бұл жиынына «Құрылтай» деген сөзді қосуда бұл ортада тек қазақстандық блогерлер ғана емес, шетелде тұратын қазақ блогерлерімен де қарым-қатынас орнатуды көздедік. Себебі Дүниежүзілік қазақтардың Құрылтайына көбіне үлкен кісілер барып, жастар қатыса алмай қалып жатамыз. Ал жаңа технологияларды әлемнің барлық жастары қолданады. Осы жаңа медианың арқасында бір-бірімізді көріп жатпасақ та интернет арқылы байланысып отырайық деген ниетпен «Blog Құрылтай» атауы пайда болды.

«Blog Құрылтай» не үшін әр қалада өтеді?

Алғашқы «Blog Құрылтай» өте сәтті өтті. Одан кейінгі құрылтайлар да ойлаған межеден шықты. Себебі, басты мақсат интернеттің басы-қасында жүрген қазақша ойлайтын, қазақша түйсінетін қазақ жастарының ынтымақтастығын арттыру еді. Сондықтан да «Blog Құрылтайды» көшпелі еттік. Сонымен қатар «Blog Құрылтай» өтетін өңірдегі қазақ жастарының ынтымақтастығын бекіту, нығайту, ешкімге тәуелсіз, еркін ойлайтын, ойын, пікірін ашық айта алатындардың басын қосып отыру көзделеді.

Блог өзектілігін жоюда

Әлемде блог өзектілігін жойып келе жатыр. Сондықтан адамдар бұрыңғыдай «Blog Құрылтайда» блог бастауды үйретпейді. Себебі әр нәрсенің өзінің дамуы, заңдылығы бар. Блог бұрынғыдай қызық емес, есесіне әлеуметтік желілер қызық. Әлеуметтік желілердің орнын алдағы уақытта тағы бір басқа дүние басады.
Бірақ интернет белсенділерінің басын қосу менінше керек. Өйткен интернетте жақсы дос бол, сөйлес бірақ жылына бір рет жүзбе-жүз кездесіп, интернетте айтылмаған дүниені айтып, ақылдасып, сол жерде жаңа бір жобаны дүниеге келтіруге себепші болатын нәрсе керек. Оның керектігін «Blog Құрылтай» дәлелдеді. Алғашқы «Blog Құрылтайдан» кейін-ақ қаншама жаңа жобалар пайда болды. Жасыратыны жоқ, сол жаңа жобалар қазір қазақ тілді интернетті дүр сілкіндіріп тұр. Біздің әр блогшымыз қазір жеке тұлғаға айналды. Әр блогшыдан қазір сұхбат алады. Кезіндегі блогшылар қазір бір бизнестің құлағынан ұстап дөңгелетіп жатыр. Сол ынтымақтастық нәтижесінде «Бірлік бар жерде тірлік бар» екендігін бәріміз көріп отырмыз.. «Blog Құрылтай» маған сонысымен ұнайды.

«Blog Құрылтайдың» болашағы

«Blog Құрылтайдың» болашағын, тіпті 5-10 жылдан кейін не боларын айту қиын. Ол уақытта бәлкім болар, бәлкім болмас. Бәлкім ол басқа бір қозғалысқа өзгеруі мүмкін. Мысалы қазір «Blog Құрылтайдың» негізінде өтіп жатқан «Домбыра party» бір құбылыс ретінде өз алдында келе жатыр. Сол сияқты бір салалық жобалар пайда болуы мүмкін. Себебі интернет ол дамиды, өзгереді. Бірақ не болса да меніңше блогшылар ынтымақтастығын жоғалтпай, бірлікте болғаны дұрыс. Себебі бірлік болса белгілі бір нәтижеге қол жеткізе аласың. Жеке-жеке жүрсең «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайтыны» естен шығармау керек.

Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені

Қарым-қатынас, араласу, пікір алмасу өте жақсы. Бірақ таяқтың екінші ұшы бұл пікір алмасу қандай бағытта өрбиді дегенге келіп тіреледі. Бар мәселе адамдар бұл пікір алмасуда нені көздеп отырғандығында. Себебі бұл қарым-қатынаста жақсы нәрсемен қатар, жаман нәрсе де айтылуы мүмкін. Аңдамай айтылған сөздің арты пікір алмасуға ұласып, оған ие бола алмай қаласың. Жаңа медианың ерекшелігі сол. Сен бір пікірді айттың, ол әлеуметтік желіге түскеннен кейін сен ол сөздің иесі емессің. Ол сөзідің иесі, оны әрі қарай іліп алып кететін сенің оқырмандарын. Сондықтан, сен оған ие бола алмайсың. Осы жағын аздап қауіп емес, ерекшелік деп айтуға болады. Өйткені, мысалы твиттерде бір сөзді қате айтсаң оны қайтып алып кешіріңдер қате кетіп қалыпты деп бәрінен кешірім сұрауың қиын. Сол үшін қазақтың «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген мақалы осы жаңа медиада айрықша өзекті сияқты.


_______________________________БЛОГЕРЛІК БЛОГШЫЛАРҒА НЕ БЕРДІ?________________________________

Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Zevsko:
— Мен өзімді нақты блогермін деп айта алмаймын. Бірақ блогерлік маған үлкен пайда алып келді. Мысалы біріншіден өзімнің азаматтық позициямды ашық, ойымды емін-еркін білдіруге мүмкіндік берді. Екіншіден, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік тудырды. Блогерліктің арқасында блогерлермен етене жақын танысып, солардың арқасында фотожурналистикаға деген қызығушылым пайда болды. Блогерлік мені үлкен жетістіктерге жетеледі. Блогерлік маған керемет үлкен достар берді. Қазіргі уақытта бала кезімдегі сыныптастарым, көрші, ағайын –тумаларымнан гөрі блогерлермен тығыз қарым-қатынастамын. Солардың арқасында мен көп нәрсе үйрендім, өмірлік көзқарасым қалыптасты. Блогерлік маған жанашыр достар, аға-әпкелер берді. Сол үшін блогерлік менің өмірімде ерекше орын алады.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Orkenegro:
— Блог мені біріншіден, жақсы ортамен табыстырды. Асхат Еркімбай досымнан бастап қыл аяғы өзіңе дейінгі жаны жайсаң, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік қауымның мүшесіне айналдым. Блог екіншіден, Саясат Нұрбек, Ерлан Қарин, Мұрат Әбенов, Бекболат Тілеухан секілді әншейінде қолың жетпейтін ел ағаларының қаперіне түсудің жолын көрсетті. Олардың бір-екі қолпашына кеудемізге шелпек пісіріп жіберіп, блогты бұрқылдаттық. Блог үшіншіден, азды-көпті танымалдылық әкелді. Журналист ретінде жеткеніме блогерліктің буы қосылып, ара-тұра блог-турдың, тегін шайдың көркіне айналдық. Одан әрі бұл ермегім медиалекторлыққа ауысты. Аз-маз табыс әкеліп жатқанын да қалай жасырайын. Айтпақшы, ең бастысын ұмытып кетіппін, блог маған әйел тауып берді. Бәйбішемді мен емес, ол мені таңдады десе де болар (күліп). Себебі, блогымды оқып жүрген… оқып жүрген. Содан «типа» тәнті болып, менің «Мой мирыма» 5-6 рет достық жіберген. Мен оны қабылдағам. Әйтеуір, бір күні қабылдап қойыппын, сөйлесіп қойыппын… бір күні қарасам, үйде жүр…


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?AKY:
— Блогерлік ең алдымен маған тамаша достар сыйлады. Сонымен қатар шыңдалуыма, сөз саптауымның жақсаруына септігін тигізді. «Блогиада» секілді керемет жобаға қатысу мүмкіндігін берді. Блоггингті жақсы көрем!


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Gastarbaiter:
— Блогерлік менің жазу қабілетімді жақсартты, Қазақстанның әр бұрышында көптеген достар табуыма себепші болды, шығармашылық реализация берді.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Сәния Қуанқызы: — Сауатты, сапалы, ардагер блогерлердің қатарында жүріп өзіңді блогермін деуге ұяламын. Дегенмен оқуға да, жазуға да мектептен жақын болғандықтан, өзімнің рухани азығымды осы бағытта таптым деуге болады. 2010 жылдардан бастап қазақ блогерлерінің оқырманы болдым, алғаш жазуымды 2012 жылы бастадым да, 2014 жылы аты жер жарған «Блогиада» атты доданың қатысушысы болдым. Байқаудың бірінші кезеңінен ұшып кеттім, дегенмен мықты мектептен өттім. Бастапқыда блогтарым күнделікке ұқсады, яғни жан дүниемдегі құбылыстарды сыртқа шығарудың бір құралы ретінде көрдім. Кейін қоршаған ортамда болып жатқан құбылыстарды жаза бастадым, маған басқа блогерлердің ойы қызық болды. Ал, енді ең бастасы өзге блогерлерді оқи отырып, комменттер арқылы пікір алмасауды, сайттың ішінде болатын «климатты» сезуді үйренгеннен кейін, тағы басқа сырларды меңгере отырып өзімінің жұмыс істеп жүрген ЖШС-тің сайтын ашып, соның жетекшісі болдым. Ол сайт қазір де жұмысын сәтті жалғастырып келеді. Блогерлік бағытты ұстанып, осылай жалғастырып «шебер блогер» болғым келеді де, ақшаны осы бағытта тапсам деймін. Себебі бұл жұмысты істеу үшін белгіленген уақытпен кеңседе отырудың қажеті жоқ, ал мен саяхаттауды қатты жақсы көремін. Бірақ әлі де көп білім, тәжірибе, еңбек қажет. Сондықтан келесі жылы тағы да «Блогиада» додасына өтінішімді жіберіп, «қасқыр» блогерлерден құралған жюрилерден біраз тәрбиеленсем бе деймін.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Ардақ Құлтай:

— Блогерміз деп жүргендердің барлығы да әлеуметтік желіде болсын, блогтұғырларда болсын қазақ тілде жазып, қазақ тілді контенттің интернетте көбеюіне үлес қосып жатыр. Мен блог жазу арқылы көп ақпарат алдым, түйгенім де аз емес. Ақпаратты жазып жаттау қаншалықты тиімді екенін ескерсек, блогерлер әржақты білім жинаған, қарым-қатынас құруды үйренген адамдар екеніне көз жеткіземіз. Мен қазір журналиспін деп те, толыққанды блогермін деп те айта алмаймын. Себебі белгілі бір мәселені көтеріп, оны соңына дейін қадағалап, шешіп тастаған дымым жоқ. Тек әр айтып жүрген ойымыздан әрқайсымыз сабақ алып, пайдаға асыра алсақ деген ниеттеміз. Оны-мұны тындырған адамдай боп жүрміз ғой. Жоғары моральді болғансып, пафоспен сөйледі десеңіздер де айтайын, ертеңгі ақпарат заманында әркім өз шаруасынан аса алмай жатқанда кейінгі ұрпақ іздегенін табатындай, білгісі келгенін біле алатындай жағдайға жетсек, сол біздің ең басты пайдамыз.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Aikona:
— Блогерлік маған көп достар берді. Өмірге деген көз-қарасымды, мамандығымды өзгерткізді. Ізденіс сыйлады және өз мүмкіндіктерімді ашуға көмек берді. Жетістігім сол өзімнің сайт ашуым шығар. Соны жүргізіп, таныту көп қуаныш сыйлайды.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Aya:
— Блогерлік жаңа ортамен танысуға, өмірді басқа тұрғыдан тануға үйретті, көмектесті. Осы екеуінің өзі ғана үлкен жетістік деп білемін.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Abzal Sariyev:

— Блогерлік мені бауырымдай араласып кеткен көп достар мен ағалық ақылын аямаған жанашыр жандармен жолықтырды. Өміріме азық ақылын айтты, сынын айтты, шынын айтты. Ғұмырымды түбегейлі басқа арнаға ауыстырды, дұрыс арнаға.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Patik:
— Блогерліктің арқасында достар таптым. Интернетті мақсатты түрде пайдалана бастадым. Өзімнің жобаларымды іске асыруға мүмкіндік алдым


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Aikarakoz:
— Блогерлік маған, ең алдымен, керемет достар сыйлады. Қазір бауырымдай боп кеткен достарым қаншама. Тіпті, 2-3 күн көрмесем сағынып қалатын жағдайға жеткенмін. Екінші, блогерлік мені шыңдады. Ойымды еркін жеткізе алатын болдым, әрнәрсені жан-жақты ойланып алып барып қорытынды жасауды үйрендім. «Креатив» деген дүниені де блогерліктің арқасында дамытып жатырмын. Үшіншіден, блогерліктің арқасында қызмет етіп жатырмын. Иә, солай, блогер достарыммен бірігіп жоба жасап, жұмыс істедік. Блогерліктің арқасында нан жеп отырмын. Төртіншіден, қолөнер жағынан бірдеңе бітірген болсам, блогерліктің арқасында. Тағы да сол блогерлердің ақыл-кеңес, қолдауымен, мақтауымен біраз нәрсе жасап тастадым.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Көкбөрі Қазақұлы:
— Блогерлік маған жаңа өмір, ойыма жаңа өзгеріс берді. Блогерлікке бет бұрмаса мен Астанаға келмес едім, бүгінгідей достар таппас едім.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Жанасыл Болатбек:
— Жалпы өзімді блогшымын деп есептемеймін, блогерлікке хобби ретінде қараймын. Осы ортада жүргеніме өкінбеймін, ең бастысы талай жақсы достар таптым. Жалпы интернетпен 2003 жылдары таныса бастадым. Сол кезде қазақша ештеңе таппадым, ештеңе түсінбеді, келе бере .kazakh.ru-ды біраз бұрқыраттық, кейін on.kz-ға тірелдім.Керекинфоны көрген кезде қазақтардың шоғырланған ортасын көріп кәдімгідей қуандым. Сол керектен бастап көзім ашыла бастады.


Блог - rakisheva: Бүгінгі қазақ блогшылары блогосфераға қалай келді?Faraon:

— Дәлірек блогерлер маған не берді деген дұрыс болар. Өйткені, журналист болсамдағы өзімді керемет жазғыш блогермін деп айта алмаймын. Мен өмірімде Асхат Еркімбай, Аршат Оразов сынды мықты блогерлермен танысқаныма қатты қуанамын. КерекИнфоның мектебінен сабақ алып, өмірге көзқарасым өзгерді. Бүгінгі күні блогерлік менің өмірімді 180 градусқа өзгертіп жіберді деп айта аламын. Мен алғаш блогқа келген 2011 жылдардан бері бұл сала біраз өзгерді. Мықты блогерлердің саны артты, жаңа керемет жобалар дүниеге келді. Қазнеттің бар блогерлеріне тек сәттілік тілеймін! Алға!
Әрі қарай