СМС!

Өлең емес бұл, жай ғана смс… Көркемдік сапасы да сол тұрғылас, яғни поэзиядан гөрі ауызекі қара өлеңге жақын. Десек те, бір кәделеріңізге жарар, оқи отырыңыздар. Сын айтамын десеңіздер де, мархабат!
Әрі қарай

СӨЗ ЗАТТАНАДЫ!


Интернеттен «мысли материализуется» деп іздеп ем, мынау суретті тауып берді)))
Айтпағым басқа еді…
Дүниенің басында кім тұр? Немесе не?
Әуелі Сөз жаралды ма, әлде Зат пайда болды ма? Сенімдерімізге, түсінігімізге, ой қиялымыздың әр қилылығына байланысты әртүрлі пайымдаймыз. Әуелі Сөз, сосын Зат дейтіндер бар, бірінші зат сосын Сөз жаратылды деушілер бар… Әркім әртүрлі айтады, әркімнің өз шындығы бар, әр пенде өз білігінің шегінде түйін жасайды.
Менің пікірім әуелі Сөз жаралғанын құптайды! Әрі қарай өрбітіп айтқым келмейді, айтарым басқа дедім ғой…
Әрі қарай

Новелла бәйгесіне: Азамат Азаматұлы "Жалғыз"

ЖАЛҒЫЗ

Әр қазақ – менің жалғызым!
Сабыр
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Мұқағали
Сенсіз… жалғыз жабықтым.
Анар
Керқұла атқа тақымым тиіп, жал құшпай,
Жалғыз жортқам жасымнан.
Бақтыбай
Жалғыз болған соң тәтті емес,
Тәтті болған соң жалғызсың!
Батырболат
Әрі қарай

Биылғы Құрбан Айт...

Мереке мүбәрак болсын, қымбатты Керекинфо!
Құрбан Айтқа биыл Мәсімовтің кабинеті салғырт қараған секілді… Жылда демалыс бергеннің өзінде көлденең көп шаруалар килігіп, осы мерекені Ақтауда өткізетін ем, биыл Үкімет демалыс та бермеді ғой. Хош, "Құрбан Айт күні әйәй киімдеріңді киіп, 7 немесе 9 үйге кіріп, айттап шығу ләзім" дегенді айтқан біздің ауылдың шалдары… Мен кеше бір бөлемнің үйіне кіріп шығуға уақыт таптым))) әлі 8 үйге үлгеру керек…
Қызығын айтайын, биылғы Айттың. Түнде агентті қосып қойып, кино қарап жатқанмын… Орынгүл Таңбай деген досымнан хат келді… Хаттың ұзын ырғасы былай:
"… Менің Қабыл — Айткүл деген апа-жездем бар. Бағана түсте «айт шалып жатырмыз, келіңдер» деген соң бас сұққанбыз Жездем шаңырағына. Кіре берісте аяқ киім шеше бергеніміз сол екен, сол үйдің жаңа түскен жас келіні «Оооо, Орынгүл, Айт қабыл болсын!» демесі бар ма?! Мен сасып қалдым… Айткүл мен Қабылды қоя бершіііі, енесінің аты Болсын еді ғой әлгі келіні түспегірдің...)))"
Әдебиетте «табу» деген термин бар, қазақша «ат тергеу, баламасын табу» дегенге саяды… Қазақылықтан қашықтай бастау ма бұл, қалыпты құбылыс деп қарайық па?! Маңғыстаудың ең батыс нүктесінде Қызан деген ауыл бар… Сол ауылдың тумасымын. Әкемнің жеңешелері, менің мамаларым болады ғой, енді… Солардың бірі Балғабай, Балтабай, Жыланбас деген қайнағаларының атын былай айтқан екен: «Шабатын, Шағатын, Соғатын» Бұл әлгі табудың классикалық үлгісі…
Құрбан Айттағы қызықтармен бөлісе отыр, КерекИНФО!
Әрі қарай

Науша Наурыз Маңғыстауда!

Науша Наурыз Маңғыстауда!

Шадыман шаттығын жетелеп тағы бір Көктем келді Маңғыстауға. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс жақындағы ағайынмен тағы бір қауышуға жазды. Жұмыр Жерден Жыл айналғанда, жан біткенді жадыратып, көкірек біткенге самал құйып, көңіл біткенді көк дөненге мінгізіп, табиғатқа әр, тіршілікке нәр беретін Науша Наурыз жетті Маңғыстауға.

Сөз арасында айта кеткен орынды, Маңғыстау халқы Наурыз мерекесін тойлауды 14 — наурыздан бастап кетеді. «Амал күні», «Көрісу күні» аталып кеткн бұл мереке Қазақстанның батыс аймақтарында ерекше мәнге ие. Григориан күнтізбесіндегі әр айдың 14 жұлдызы араб күнтізбесі бойынша айдың басталуы. Наурыз айының 14 і күні Хамал, Амал айы келеді, бұл бұрынғы қазақтар үшін Көктемнің басы, Көктем келген күн! Қысқы қыспақтан аман есен шыққанына, тәубә деген жұрт, жаңа түскен келіндей боп босағадан сызыла аттаған Гүл Көктеммен бірін бірі құттықтасады. Табиғаттың өзі жасарып, жаңарып жатырғанда саналы Адам есімімізге ауыр болар деген оймен, Ескі жылдағы өкпе, реніш, ашудың бәрін жиып қойып, солл күні арқа-жарқа амандасады, құшақтасып көріседі, қол алысып, есендік біліседі. Осы мерекелік аура 22 наурызға ұласады. 14-наурыз тек батыстық мереке ретінде сипатталса, 22-наурыз ел болып тойлайтын аса ұлық мейрам!


Әрі қарай