Жарияланымдар

yerlanospan
9 ұпай
Жақсы жері, ресмилетпей-қатаймай жеткізгеніңіз. Жаман жері — баяндаудың бір линиясы жоқ. Бірақ керемет.
yerlanospan
10 ұпай
Қаріптері ұсақ жәдігерлерді алыс перспективадан — бір, сосын жазбасын үлкейтіп бір түсіргеніңде, әнебір орысты кім деп әуре болмас па едім. Дегенмен керемет.
yerlanospan
4 ұпай.
Рептен гөрі ойтолғау дер едім. Онда да жауыр болған тақырыпта. Соңғы фотоның кіріктірілуін тіпті ақтай алмадыңыз.
yerlanospan
Соңғы мезетке дейін ұстанымыңнан таймадың. Және ол адалдығың маған қатты-қатты ұнады. Жарайсың Марко!!!
yerlanospan
Мен осы сайыс барысында сенен көп нәрсе үйрендім. Және «оны-мұны онсыз да білем» дейтін менмендігім қабірге біржола көмілді. Сол үшін рахмет!!!
ЖЕҢІСІҢМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН !!!
yerlanospan
Олимпиаданың жабылу салтанатындай толқытты…
yerlanospan
Болары болып, бояуы сіңген соң айта берейін: Сіздей аруды жеке танып тұрып, ұрысу мүмкін емес))) Құттықтаймын, сұлуым! )))
yerlanospan
«Болдым-толдым!» дей жаздаған кездері осылай сынға ұшырап тұрған дұрыс.
Кез келген данышпандық — оның иесінің мінезінің көркемдігімен ғана құнды. Судан отын жасай алатын адам — данышпан; бірақ сол білімі арқылы бопсаға көшкені — опасыздық. Данышпан өзін сыйлата алмауы мүмкін; ал опасыздық — данышпанның бүкіл абыройын бір ақтарып тастай алады.

Сайтәкімге қосылғаннан басқа қайла жоқ. 0 ұпай.
P.S. Әрине, менің осынша төмен бағамның сізді "қақпайтынын" сезіп-ақ тұрмын. Амал не — бұл процедуралық қажеттілік, әйтпесе баға бермей-ақ ұмыт қалдырып, жақсы атты болғым-ақ келіп еді.
yerlanospan
Тың. Қызық. Жатық.
Тек — орфолық олқылықтар. Бірақ, блогта ол ақырғы көрсеткіш емес. Айтары бар адамды тұтықса да тыңдаймыз.
Семіз 10 ұпай.
yerlanospan
0 ұпай
"Қызыл Коммунар" газеті, 1968 жылдың 2 қыркүйегі.
yerlanospan
Әлде мен қырсықпын, әлде Сіз қырсық; бірақ фотоларды баянды ету туралы ескерту қанша жасалса да әсері болмағаны анық. Жазбағанымды сурет айтар, суреті жоқты жазбам айтар деп, бірі — біріне сеніп қалған сияқты. Қабылдау қиын. Шаршап кеттім. Ал:
Бұл фестиваль Елордалықтардың есінде көпке дейін ұмытылмайтыны анық.
деген тұжырым тітпен дөрекі. 4 ұпай. Артығы артық.
yerlanospan
Аты аталған азаматтар керемет. Қызықты ақпарат та баршылық. Бірақ кей тұстарың — ресми баспасөз релизінен сыдырылған сияқты.
… бұл компанияның дамуына оң ықпалын тигізуде...
… компания басшылығы бұл жетістікті де місе тұтпай...
т.с.с. — кім айтпаған сөздер бұлар!
9 ұпай.
yerlanospan
Нәтиженің лездігі.
Қаржылық шығындардың салыстырмалы түрде аздығы.
Қашықтықтан басқарылу мүмкіндігі.
Тізіп шығамын деп — «саусақтан сорып» шығару. Бұл жиі кездесетін қате, жазармандар өз жазбасына ресмилеу-ғылымилау реңк бергісі келіп тізім жасамақ болып, орға жығылады. Нәтиженің лездігі: иә, егер ақымақтықпен құпиясөзін ұмытып қалған адамға жүйеге кіріп беріп, 5 минут ішінде 2 мың теңге қағып алсаң. Бірақ IT-саласында жеңіл ақша бар деп ойламаймын. Қаржылық шығындардың салыстырмалы түрде аздығы: мұны «сындырылған» Adobe Premiere, Visual Studio пайдаланып жүргенде мен де айттым.
Шынымды айтсам, жарнама ма, миниблогиадаға арналған жазба ма, әлде екеуі де ме — ақыры түсінбедім.
Өз жобасының басталуы туралы Ғабит былай дейді:
Жаһандану заманында, интернетті қолданып білім алу ең ыңғайлы тәсілдердің бірі. Алайда, еліміздің бұл саладағы білім қазынасы әлі толыса қойған жоқ, яғни ғаламтор желісінде оқушыларға қажетті қазақша материалдар өте аз. Сондықтан, бұл жағынан сұраныс бар да, қажеттілік өтейтін ұсыныс аз. Осыны ойлай келе, Қазақстанда кеңінен қолданысқа ие болып, жақсы нәтиже беретін веб сайт ұйымдастыру қажеттілігі туды деп қорыттым. Сөйтіп американдық достарымызбен ақылдаса келе ҰБТ, SAT сияқты емтихандарға дайындалуға көмектесетін сайттың негізін қаладық. Жеке инвестицияландыру арқылы, Калифорнияның Educator.com сайтымен бірге Educator.kz интернет порталын құрдық.
Қазірде бұл порталдың он мыңнан астам жазылушылары бар. Онлайн сабақтары қымбат емес. Бір жыл бойы сабақтарды шектеусіз көрем десеңіз – 12 мың, 3 ай – 5 мың, 1 ай – 2 мың. Сайттағы төлем жасау туралы нұсаулығы еріксіз жымитты
Бұл жерден сенің сөзің бастала ма, әлде ана кісі мақтаншақ па?))

5 ұпай. Бұдан артық онбаллдық жүйеге қиянат.
yerlanospan
Кәсіпкерлікті дамытудың идеалды жолы – ИНСТА ЖАРНАМАЛАР!!!
2 ұпай. Еңбек үшін.
yerlanospan
Мал бағу да кәсіп…
Ешқашан күмәнім болмапты…
yerlanospan
Оған бола ұрыспайтын шығарсыздар енді.

Оған бола ұрыспаймыз. Тек мына жерде:
***Бұл фотосурет жеке архивтен алынып отыр. Шағын шеберханада жабдықталған киіз үй қабырғасы.
дегеннен кейін:
Оған бола ұрыспайтын шығарсыздар енді.
деуді ұмытып кетіпсіз.

8 ұпай.
yerlanospan
Фотоларды кинопленкадағыдай — тік тұрғаннан еңкейгеніне дейінгі аралықта ұсынудың қажеттілігін ақыры түсінбедім. Фотолар да әңгіменің бөлігі ғой. Егер фотолардың орнына сөз жазғанда былай болар еді:
«Айша апай алдымен табаққа жұмыртқаны жарды». «Айша апай алдымен табаққа жұмыртқаны жарды». «Сосын миксермен араластырды».«Сосын миксермен араластырды».«Сосын миксермен араластырды».
Енді өзіңіз айтыңызшы: осындай әңгіме оқыр ма едіңіз?

7 ұпай
yerlanospan
Керемет. 10 ұпай
P.S. «сауда корпорациясын бітіріп» — сауда кооперативтік техникумын бітірген болар.