Құрбақаның қағидасы
Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Әрі қарай
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!


Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.
CouponCodes4u сайты ер адамдардың пікірі бойынша әйелдердің сүйкімсіз аяқ киімдерінің рейтингісін жариялады. Сауалнамаға жасы 18ден асқан 21 мың американдық джентельмен қатысыпты.Респонденттердің 79% сүйіктілерінің аяғына не кигеніне көңіл аударатындарын айтса, 12% тек кейде ғана байқайтынын жасырмапты. Сонымен қатар, сауалнамада қыздарының талғамы жақсы жаққа өзгерер деп үміттенетіндер 59%, ал 41% көңілдерінен шығатынын мәлімдепті.
Дүниедегі ең керемет мотор — көкірегіңіздің сол жағында орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше қасиеті — тоқтамастан, шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек — шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.