Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.
Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Бүгін бір "қыздарски" пост жазайын дедім. Жақында көптен ұл күткен бір ағам ұлды болды, Астанаға келген кездерінде келіншегім жеңгеме ұл болады деп «болжап» берген еді. Сол методпен бөліскелі отырмын. Бүгінге дейін есептелгендердің барлығында дұрыс шықты.
Обшым былай:
Алдымен етеккір келмей қалған айдың санын аламыз, мысалы қараша айынікі келмесе = 11. Сосын дәл сол кездегі әйелдің жасы, мысалы 27. Сосын осыларды қосамыз да шыққан қосындыға 1 қосамыз.
11+27+1=39 егер тақ сан шықса ұл, жұп сан шықса қыз. Егіз болса оны УЗИ анықтайды
:)
P.S бұл методты келіншегім "Қазақстан әйелдері" журналынан көріпті. Керек инфо болып қалар деп осында бөліскенді жөн көрдік.
Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.