Жарияланымдар

neoman
Маған да криминалға толы жаңалықтар топырлап кеткені ұнамайды. Дегенмен қоғамдағы болып жатқанның барлығынан хабардар болғым келеді, еш фильтрсіз шынайы бейнесін, ахуалын көргім келеді өз ортамның. Әлеуметтік желілердің жақсы жағы қоғамдағы проблемаларды көтеріп, шешімсіз қалмауына көмектеседі. Өйткені билік оңай жауып қоя алмайды, резонанс тудырады. Шалғайдағы ауылдарға осы таңға дейін свет пен су жеткізілмесе айту керек, бай баласы кедейді өлтіріп жазасыз қалса айту керек. Жалпы проблемаларды жасырмай, шешуге ұмтылу керек.
neoman
Ekonomika men karjy turaly habarynyz bolmai turyp post jazasyz…

Ekonomika negizderin oku kerek. Mysaly, ekonomikalyk osim uwin inflyaciya 2-5% aralygynda bolgany jaksy…
Al Eldin ailygynyn nemese nesienin bul parametrge katysy wamaly
neoman
Bagyttalgan auditoriyasy desem…

Commitment kobinese mindetteme dep audarylady, al committed to — jauaptylykpen karau. Ustanymdylyk, isjandy degender kelinkiremeidi

Al anau mamilege, kelisimge kelu ne kelisu
neoman
Мектеп бағдарламасында евклидтік жазықтықтар ғана және одан артығы жалпыға қажет емес… Сосын матеміңіз соншалықты жеңіл емес, бірақ біреулер ойлағаннан әлдеқайда жеңіл. Үлкен ынта мен жауапкершілік керек шығар
Соңғы түзету:
neoman
Рахмет, пайдалы ақпаратпен бөліскеніңізге. Геологиялық модельдерде қолданам, бірақ Безьенің туындысы екенін білмеппін… Мәліметті сонша мыжып, шырайын қашырып жеткізетініңіз бар екен, ана уикипедиядағы бир гифті қойсаңыз бірден түсінікті болар еді, бір модельерлер жиналған форум емес қой формулаларды талдап кететін
neoman
www.ams.org/profession/prizes-awards/ams-supported/beal-prize

Осы бәлені де я шығарып, я шықпайтынын дәлелдейтін адам біраз байып қалатынын жеткізу керек. Жақсы мотивация. Маған дейін кім шығарады?)))
neoman
Айтпақшы, Асқар Жұмаділдаев та сабақтың үстінде өзі шеше алмаған есептерден беретін. Шығарғандарға ақша тігетін 100-300 доллар шамасында.
neoman
Мықты жігіт, шынымен. Бірақ осы осы типтес әңгімелерде пафос көп, аңыз қылып ойдан қосып қоятын мәлімет те. Мысалы, ол бұл есептерді шығарғанда қарапайым студент емес, докторлық диссертация жазып журген, статистиканы шемішкедей шағатын университет аспиранты болған. Және осы оқиғаны өзі айтып берген, сондықтан имхо біраз әсірелеп жіберген де шығар.

Жалпы, басы қатты істейтін Эйнштейн сияқтыларда нигилизм басым болады, олар өзін бәрінен ақылды көреді, мен шеше алмайтын есеп жоқ деп қарайды. Сондықтан оларды ақпаратпен шектеуге болады деп ойламаймын. Қатардағы адам есепті көрмей тұра беріле салатын да шығар, бірақ қолынан келетіндерге мұндай ақпарат мотивация береді, тіпті.

П.С. Эйнштейн статистиканы қақпайды онша
neoman
Оқып отырып есіме түсіп кетті… Бір досым вахтадан кейін әйелін қатты сағынып үйге асығып барады. Бір бөлмелі квартира болған соң, ана бұрышта жатқан кішкентайларының ұйықтауын күтеді екен. Аралары 3 жас екі ұлы бар, кішісі мектепке енді барып жүр. Балалар тыныштала қалса, бірден іске кіріседі. Бір күні ерте кірісіп қойған ба, қыбыр-жыбырды сезеді. Құлағын түрсе, бер жағында жатқан кіші баласы басын көтеріп алған, ар жағындағы үлкені: "Әй, басыңды түсір, мен де көріп жатырм ғой" — деп шулап жатыр дейді)))
neoman
Ойбай, какие люди! Сәлем!
деген кезде не деп жауап берем дегенге ұқсас қорқыныштар болады ия… Сәлем)
neoman
Үйленуге қатыстысымен ғана келіспейді екем, қалғандарын қолдауға болады, жалпы. Қыздарға да тән қорқыныштар ғой
neoman
Ішіп алған әкесін сүйреген кішкентай баланы көру де онша емес сияқты
neoman
Пайызсыз несиеге (рассрочка) алуға болады ғой. Страховка деп үстіне қосатыны Каспи Банкте 5% қана ғой жылына, қателеспесем. Өте тиімді деп алып жатқандарды көріп ем. Салыстырып, санап көргендер бар ма пайыздарын?
neoman
Есте сақтайтын мәліметтер бар екен, рахмет.

Cannot бір жағдайда бөлек жазылуы мүмкін. Not-қа екпін түсіріп айтылса. Мысалы there are only to options, either you can do the task or can not do it at al.

Нүктеден кейін екі орын қалдыру дегенді бірінші рет естіп тұрмын.

Жалғасын оқығым келеді.
neoman
Жалпы,қарапайым ғой барлығы. Бюджетте ақша аз, үнемдеуге кірісу керек. Жарты ғасырда (бюджеттің басты кірісі) мұнай таусылатынын ескерсек, тезірек бастау керек реформаларды… Зейнеткерлерге көп ақша шығындалады. Олардың жетпіс пайызы әйелдер, ең тиімді логикалық жол да зейнеткерлік жасын көтеру. Оның үстіне, статистика бойынша олар еркектерден әлдеқайда көп жасайтыны белгілі.
Барлығы дұрыс. Мен о бастан қарсы емеспін бұл өзгерістерге.
Бірақ мемлекет барлық бағытта осындай үнемдеу реформасын жүргізіп жатыр ма деген сұрақ қоятын болсақ, қиындау ия жауап беру…
neoman
Сараптама тәуір шығыпты, тым біржақты демесең. Иә, айфонды понт үшін алатындар көп, бірақ әркім өзі біледі ғой.

Бастысы, айфонның монополист болуы негізсіз емес қой, технологиялары мен идеялары арқылы нарықты жаулап ала алды, маркетинг жағы да қалыспады. Айфон – түсінікті де қарапайым құрал, артық ештемесі жоқ, қолданушы ештеңеге бас қатырмай рахатына пайдалануы керек. Иконканы өзгерту немесе флеш жадын көбейту турасында ойлануға әдейі мүмкіндік берілмеген. Эппл тұтынушы үшін заманның озық технологияларының арасынан ең ұтымды варианттарды бір құрылғыға жинап, дайын тауар ұсынды, аласың да, қолданасың, тюнингпен шаршамай. Эпплдің бұл идеясы толығымен жүзеге асты, келісу керек сонысы үшін де ел жақсы көреді.

Айфонды еш бұзылмай, ойланып тұрып қалып жүйкеңді тоздырмай таза жұмыс істей алатындығы үшін ұнатам. Батарейкасын 1000 рет бола қоймаса да, 500 рет зарядтадым, әлі қораптан шыққан кезіндегідей. Детальдарында да, софттарда да брак жоқтың қасы. Бекер мақтамайды негізі.

Өз басым үшін кемшіл тұстары — қазақ тілі мен радионың жоқтығы. Басқа минустары бар ғой, бірақ мен үшін маңызды емес.
neoman
Осындай мақалалардың, жазбалардың шығып тұрғаны дұрыс та шығар: шу шығарып билікті қамшылап тұратын.

Әділдік үшін айтылу керек шығар, өзіміздің мамандардың санын арттыру бағытында үлкен жұмыстар жүріп жатыр, тіпті, шетелдік компанияларда тек осы жұмыс үшін бір бүтін департаменттер отыр үкіметтің атынан. Жағдай қазір біраз түзелді.

Бізде ақша жоқ, технология жоқ және ең бастысы білікті мамандар жоқ, сондықтан әзірше олардан үйрену керек, оқу-тоқу керек экспаттың астына түскен жезөкшенің санын есептемей.