Жарияланымдар

Көрмеге бардық, барғанда не таптық?

стенд материалдары
Өткенде мына жазбамда «Биоотын—энергия көзі. Қаншалықты үмітім ақталады? „ Өскемен қаласында Германия елшілігі ұсынған “ Возобновляемые источники энергии. Сделано в Германи» аударсақ «жаңғыртылмалы энергия көздері Германияда жасалынған» атты көрмеге бармақшы болғанымды жазғанмын. Бардым, көрмені жетекшілерінің арттарынан еріп келген бір топ мектеп оқушылары аралап жүр. Көрме бойынша жетекші әрбір баннер қасына барып түсіктемесін айтып жатырмын. Көрме дегеніміз 20 шақты баннер. Мұндайды стендтік көрме деп те атайды. Стендтерінде әр тақырып бойынша қысқа шолу жасалынған. Іліп алар ешнәрсе жоқ. Бір нақты компанияның, кондырғының техникалық сипаты, Германияның нақты қандай жерінде іске асырылғандығы т с.с. нақты ақпаратты таппайсын. Орыс тілін ғана түсінетін жабайы халыққа Германия елінің кереметтілігін ұлықтап көрсететін көрме деп түсіндім. Шыдамай кетіп залдың ортасына шығып алып өзімді таныстырған соң жерге қарап отырмағанымызды айттым. «Су диірмен бізде де болған. Желді пайдаланып құдықтан су шығарып малды суарамыз, бізде қиды отын қыламыз оны бізге германдықтар тайпасы үйреткен жоқ (біз үйретпесек оларға). Біраздан соң биодизелімізді де өндіреміз. Геотермальді жылу көзін де пайдаланамыз. Біз тек жаңғырмалы энергияны пайдалану көлемінен қалып қойдық, энергетикалық ресурстар қымбаттады (елімізде тапшы дегенге тілім бармайды), қажеттілік туындады, енді бізде жаңғырмалы энергияны пайдалану көлемін арттырамыз»,— деп бір кең дем алып қалғансын ғой
Әрі қарай

Таңдау жасау

Жақсылықтың, жаманшылықтың шекарасы кейбір кездері дәл анықталмаған. Екеуінің арасындағы шекара қандай жерде өтетінін әркім өзінің өмірлік тәжірибесінен ортада қалыптасқан қатынастарға қарай аңықтап алады. Жаманшылық көзінің шоғырланып жиналған ортасының бір қасиеті бар. Көбінде бұл қасиет теледидардан криминальді хроникасында жиі көрсетіледі. Жаманшылық көзіне тән қасиеттерінің бірі: оған қарсы күрес жүргізген адам- жұмыстың кішкене болсын жағымсыз бөлігін уақытша болса да өзінің бойына алады. Әсіресе, істің мән-жайын анықтап кім, қайдан, неден деген себеп-салдарына жауап іздегенде бойына бірсыпыра жағымсыздықты жинайды. Осылайша жаманшылық өз қасиетін дәлелдей түседі. Жаманшылық ұстанған жақ онымен күрес жүргізіп жатқандар арасында жанашырлары барын жақсы түсінеді, және де оларды әрқашан өз қатарына қосып алуға дайын. Адам мінезі ағзасы секілді азып тозады. Мінез, машық, көзқарас тұрақтылығы және ішкі ар-ұждан беріктігі шешуші орында. Өз-өзін уақытында тоқтата білу -ақ пен қараның таңдауымен бірдей. Шешім ретінде жұмыс бабын ауыстыру мен үшін таңдаудан құтылудың бір жолы шығар.
Әрі қарай

Биоотын—энергия көзі. Қаншалықты үмітім ақталады?

Қиды отынға айналдыру баяғыдан белгілі. Қидан отын жасаудың жаңалау әдісі -биогаз өндіру. Шығыс Қазақстанда 5 ай көлемінде биогаз өндіруге жарамды. Басқа уақытта күн суығы биогазды өндіруді тиімсіз етеді (мүмкін маған белгісіз жайттар бар шығар). Білім жетпейді. Ыдысқа сақтау арқылы газды тасымалдауға жарамды ету, ұзақ мерзімге сақтау ілгерлі қадамның бірі болайын деп тұр. Мәселенің шешімі газ құнына қалай әсер ететіні белгісіз. Алға қойған мақсатым-шағын кәсіпорнымның толықтай энергетикалық тәуелсіздіздігін қамтамасыз ету. Осы уақытқа дейін үкіметтің ауыл шаруашылығына арнап бөлінген қаржылай немесе мүліктей көмегін алып көрген жоқпын. Қарыздар болғаннан сақтасын. Жеті ай қыстың бұлыңғыр күндері күн энергиясын пайдалану экзотика, қыстың ортасында жауған қарлы су жел күшін пайдалануда да күмән келтіреді. Биоотын өндіруден басқа мүмкіншілікті көріп отырған жоқпын. Тек биогаз емес, басқа биоотын өндіру мүмкіншілігін қарастырудамын. Төртінші сәуірде Өскемен қаласында германиядан әкелінген «жасыл» технология көрмесі ашылды. Соған барып көремін. Мүмкін пайдасы тиіп қалар. DENA энергетикалық агенттілігі дайындаған. Бізге не әкеліп ұсынғанын блогыма жазамын.
Әрі қарай

Өткен мен болашақты жалғастырған бата

Дастархан төрінде денелі ата отыр. Үстіне киген шапанның екі жақ өңірін бел тұсынан ұстап, үлкен қарнының үстіне кере қапсырып:
-Үйдің кішісі қайда, бата сұрасын, -деді.
Үстел басындағылар алақандарын жайып, бата бергенін тосуда.
Үйдің кішісі атаның дәл жанына жүгіріп келіп:
-Иллә әмин!, -дегенде, ата батасын бере бастады:
-Сұрасаң, бата берейін, -деп айта бергенде, атаның көз алдына осыдан жетпіс жыл бұрын орын алған оқиға көріністері жүгіре жөнелді.
Әрі қарай

Жаңылдырған егіз такси


Такси шақырттым. Үйге барарда жолда кафеге соғып пиццаға тапсырыс беріп, дайын болғанда өзіммен бірге алып шығу жоспарымда бар еді. Қошқыл қызыл реңді жеңіл автокөлік келе қалды. Төбесіндегі сары түсті такси шамында «Экспресс таксиі» жазуы көрінеді. Таксиге отырып, жүргізушіге жоспарлаған маршрутыммен таныстырып жол ақысын біліп алдым. Жеті жүз теңге.
Такси жүрісін мен атаған кафенің алдына келгенде тоқтатты. Біраз аялдап мені тосуы тиіс. Таксист алдын ала бүкіл жолды жүріп өткенде төленетін ақшаның сомасын төлеуді сұрады. Мүмкін жол ақысын төлемей қашып кетемін деген жорамал жасады. Менің жағдайымда оның талабы заңды деп ұғып, қойған шартына келістім. Машинадан шығып кафеге тапсырысымды беруге кеттім. Кафе ішінде жиырма бес минуттай болдым. Қолыма пицца салынған қораптарды алып, сыртқа шықтым да, таксиіме отырып:
-Кеттік, -дедім. Такси орнынан қозғалып жүре берді.
Көп ұзамай такси үйдің кіріс-шығыс есігіне дәл әкеліп тоқтай қалды.
Такси жүргізушісі:
-Жеті жүз теңге, -дегені бар ма?
Таксиден шыға бергенде жеті жүз төледім емес пе? Таңғалып үнсіз қалдым. Такси жүргізушісі салонның шамын жақты.
Анығырақ қарасам, такси жүргізушісі басқа адам, алдыңғы жүргізушіге өте ұқсас, бірақ ол емес:
-Кешірім сұраймын, жаңа ғана жеті жүз теңгені төлегенмін, бірақ басқа такси жүргізушісіне.
-Ешнәрсені білмеймін, төле! Кірдің. Отырдың. Кеттік дедің. Жеткіздім.
Такси жүргізушінің сөзін естіп алған соң, келесі ой түйсігіме жетті: алғашқы жалдаған таксиім кафенің алдында тосып қалыпты ғой мені. Қазір мен отырған таксидің алдында тұрыпты ғой! Одан кейін тоқтай қалған таксиге мініп жүре беріппін.
Таксиден түскенде байқағанымда үстіндегі шамында «Сәттілік сәті таксиі» (такси «Удача») деген жазуы барын көргенде:
-Кімге сәтті, кімге сәтсіз, -деппін ғой.
Әрі қарай

Кездесу

Блог - bake: Кездесу
Дәмхана ішіндегі келушілерге арналған барлық үстел басы бос емес. Келушілер саны көп. Үстелдер арасында сары түсті жейде киген «Пицца Блюз» дәмханасының даяршы қыздары аяқ ұштарымен жүгіріп жүр. Біреулерінің қолдарында тағамға толы табақтары бар, екіншілерінің табақтары бос, үшіншілері үстел басында отырғандардың тапсырыстарын алдарына қойып жатыр.

Қызыл костюм киген көк көз, жалпақ бетті орыс әйелге:
-Сіз, жалғыз отырсыз. Үстел басына екінші болып қасыңызға отыруға бола ма? –деп, айтып жатып үстел басына қойылған екінші орындықты өз ыңғайыма қарай жылжыта бастағанда:
-Жалғыз емеспін, –деді жақтырмаған түрімен. Басын шайқап «не деген бассыздық» дегендей айтты, ішіндегі ойы сәл жыбырлаған еріндерінен білінді.

Қолымдағы ұялы телефонға қарап қоям, уақыт түскі үш. Дәмхананың залының ортасына барып келушілерден «босайды-ау» деген үстелді қарауылдап тұрмын. Әлгінде ғана үстел басына отырғызбай қойған орыс әйелі қолын бұлғап маған белгі берді. Қасына барғанша үстел басынан тұрып, жиналып үлгерді.
Әрі қарай

Өнертапқыштар саласында жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жуық арада бастауын алады

Шапағат 2013

Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзіледі:
«Жыл өнертабысы», "Өнертапқыш-әйел", «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас дарын»
Байқау аясында өзіндік ерекшелігі және болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған 14 жаспен 18 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатарынан «Жас дарын» номинациясы бойынша талапкер алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады.
kazpatent.kz сайтынан ақпарат алынды.

Номинациялардың ішінде мені қызықтыратыны соңғысы. Егер талантты оқушы балаңыз жасаған ұсыныс болса қорықпай сайысқа қатысыңыз. Сандық түбінде сақталып қалған идеяңыз есіңізге түсті ме? Қорықпай ұсыныс жасаңыз. Бір тетігіне өзгеріс енгізгенде құрылғы жақсы, өнімді жұмыс істей бастады ма? Бұл сіздің сайысыңыз. Баяғыдан іске асыра алмай жүрген жобаңыз бар ма? Ұсыныңыз!
Әрі қарай

Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Әрі қарай

Келін


-Аға-шка, вы ұрыса бересіз, я поняла, -деп бір қабағын түйіп алып, бірден жайдарлы жүзімен:
-Вы не переживайте, все будет хорошо. На этом свете аташка, апашка, вы -аға для меня самые близкие люди, -деп көңілді алдап қоятын.
Әрі қарай