Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?

Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% — 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% — 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар.



Кеше «Жаужүрек мың бала» фильмінің премьерасы болды. Алғаш болып барғандардың көбі өкпелі. Киноның өзіне айтылып жатқан сын көп, бірақ ең бастысы қазақша кино көремін деп барып, орысшасын көріп алданып қалғандай сезімде көпшілік. 
ОРТ Евразия арнасы жаңалықтар қызметін бастады. Енді еліміздегі және әлем жаңалықтарын осы арнадан да қарауға болады. Бұл арнаның жаңалықтар қызметінің бір ерекшелігі — дикторлар ауыспай, қос тілде жүргізе береді. Жаңалықтарды Астана уақытымен 19:00-де қарай аласыздар.
