Жарияланымдар

.......................

Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.

Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?

Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Әрі қарай

Тағы да сериалға түскенімді айтайын деп жатырмын...

… Ұмытып кетер едім, Арай құрбым айтпағанда. Бүгін мирға смс жазыпты: Кеше сені телевизордан көрдім деп. Мәссаған безгелдек! Сонда барып есіме сап ете қалды. Екі апта бұрын тағы бір сериалға түскен екем-ау(Бұл уже дебют емес:-))))).Қашан жариялайтынын сұрамаппын. Бұрын болса сұрап, көргенше асығып жүруші ек, қазір… олай емес. Жұлдызданып кеткеннен емес әрине. Тек соңғы кездері таныстың бәрі «жұлдыз» деп қылжаққа айналдыратын болды. Тіптен қазақтар өзара жинала қалған жерде де мен келмей қалсам: А, ол сериалға түсіп жүрген шығар,-десетін көрінеді. Осыдан кейін мен "Әй, бүгін мені НТВ спор-дан көрсетеді. Махмут Доғанның, Мұстафа Денізлінің жанынан, көріңдер"-дегенді де азайтқам. Енді, әрине алғашында бәрі қызық қой. Кейіннен қалыпты жағдайға айналып жүре береді.
Әрі қарай

"ҰЛЫТАУ" Стамбұлға келді

Өткен апта Наурыз мейрамына Ұлытау тобы келген-ді. Алдымен наурызға байланысты күндіз алаңда, кешкісін клуб тәріздес бір көңіл көтеру орнында концерт қойған-тұғын. Келеді деп естігеннен бері бір көрсек деп ұйқы қашқан еді. Сол клубтан ұстадық.
Әңгіме жоқ, үшеуі де тым қарапайым екен. Қанша шаршап тұрса да қыңқ демей барлығымызбен жеке-жеке суретке түсіп шықты. Ал концерті, тіптен керемет!
Әрі қарай

Темелдің хикаялары-3

***************
Темел бір күні матчқа барыпты. Кассир матчтың билеті 5 лира екенін айтады. Темел болса, 2,5 лира береді. Кассир түсінбей Темелдің бетіне қарайды. Сөйтсе Темел: Тек өзіміздің команданың ойынын ғана көрем депті.
***************
Бір күні біреу үйінде өлейін деп жатыр дейді. Бір кезде ас бөлмеден бұрқырап кекстің иісі келеді. Әлгі кісі соңғы күшін жиып, қиналып, төрт аяқтап, жер бауырлап, әйтеуір, ас бөлмеге жетеді. Кескті енді ала бергенде қолынан біреу бір ұрады, сөйтсе әйелі дейді: Тиме антұрған, бұл садақаның кекстері!
Әрі қарай

Жеміс сатушы және қыздар

*************
Базарда алма сатып тұрған біреу: Алма аламызззззз, алмааааа, Чернобыльдың алмаларыыыыы,-деп айқайлап тұр дейді. Жанынан өтіп бара жатқан әйел кісі: Жындысың ба, өйдесең кім алады,-деп ұрсады. Сөйтсе әлгі: Қайдан білейін, жеңге. Біреуі әйеліне, біреуі енесіне… әйтеуір алып жатыр ғо. Қайта үлгертпей жатыр,- дейтін көрінеді.
************
Екі қыз машинасының кілтін үйіне ұмытып кетіпті де, есігін сыммен ашуға тырысып жатқан көрінеді. Біреуі екіншісіне: Тез болшы, жаңбыр жауып жатыр, үстім су болады,-дейді.Екіншісінің жауабы: Ақыры су боласың емес пе? Машинаның үсті ашық.
Әрі қарай

Темелдің хикаялары жалғасады.

***************
Бір күні Темел мен Тұрсын кемеге мінетін көрінеді. Темелдің шабаданы теңізге түсіп кетеді. Мұны көріп Тұрсын Темелге шабаданың түсіп кетті ойбай деп бақырады. Сонда Темел: Қорықпашиш, кілті өзімде ғо,-деп жауап беріпті.
***************
Мына анекдоттың Темелге пәлендей қатысы жоқ. Тағдырлас демесеңіз.
Бір күні біреу Анкараға кететін болып ұшаққа билет алады. Тура ұшаққа мінейін деп жатқанында ішінен ба, сыртынан ба, әйтеуір бір дыбыс: «Мінбе, қазір бұл ұшақ апатқа ұшырайды» дейді.Анау жан-жағына қарайды, ешкім жоқ. Cөйтіп, мінбейді. Кейіннен расымен ана ұшақтың құлағанын естиді. Қой, электричкаға мінейін деп шешеді. Билет алып, мінейін деп жатқанда… тағы сол дыбыс. Ертесінде гәзеттен көреді, электричкасы бір мәшинемен соқтығысып қалыпты. Сонан соң автобусқа билет алады. Мінерінде…
Ертесімен телевизордан көреді, автобусы аударылып қалыпты. Сосын шыдамай: Сен кімсің өзі?-деп сұраса, ана дыбыс: мен сенің қорғаушы періштеңмін,-деп жауап береді.
Сөйтсе мынау күйіп кетіпті: Тфуй, ....әә, үйленгенімде қайда болдың!
******************
Фабриканың бір жұмысшысы екіншісіне шағынып отыр дейд:
-Помнишь, өткенде гәзетке «Кешкі күзетке адам керек деп» жарнама беріп еді қо?
-Ііііііііі, ия, содан, не болды?
-Ой, не болсын, сол түні фабриканы тонап кетті…
Әрі қарай

Темел хикаялары

Біздің Қожанасыр секілді түрік халқында да Темел дейтұғын кейіпкер бар. Қаратеңіздің тумасы делінеді. Назарларыңызда соның ел аузына тарап кеткен бір-екі хикаясы.
''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Бір күні Темел Трабзонға баратын ұшаққа мініп басқа біреудің орнына отырып алған көрінеді. Бір кезде әлгі орынның иесі келіп, бұл орын өзінікі екенін айтып, тұруын өтінеді. Оған көнетін Темел ме, қозғалмайды. Әлгі жолаушы әрі-айтады, бері айтады, болмағасын стюардессаны шақыртады.
Мән-жайды ұққан стюардесса Темелдің құлағына бірдеңе деп сыбырлайды. Содан соң Темел дереу өз орнына ауысып отырады. Әлгі жолаушы: Мен екі сағат бойы түсіндіріп ұқтыра алмадым, сіз екі минутта оны қалай мәмілеге келтірдіңіз,- таң қалады. Сөйтсе стюардесса Темелдің құлағына: Бұл орындық Трабзонға бармайды,-деп сыбырлағанын айтады.
'''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Темел досы Тұрсын екеуі екі қабатты автобуспен саяхаттап жүр дейді. Темел үстіңгі қабатында, Тұрсын астыңғы қабатында. Бір уақытта Темел Тұрсынға звондап, хал сұрайтын көрінеді. Тұрсын болса: Ой, айтатын несі бар, біздің жүргізуші ұйқыда, әйтеуір кетіп барамыз,- депті. Мұны естіген Темел: Ой, соны да сөз деп тұрсың ба, біздікі мүлде шопырсыз кетіп бара жатыр деп жауап беріпті.
''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Бір күні Темел ауруханаға келсе, есіктің алдында біреу боздап тұр дейді. Темел мән-жайды сұрамай ма, сөйтсе анау: Қан анализіне келгем, саусағымды кесті,-деп жауап береді. Мұны естіген Темел анадан да қатты боздай бастайды. Таң қалған әлгі: Сен неге жылайсың,-деп сұраса, Темел: Мен кіші дәрет анализі үшін келіп едім,-деген көрінеді.
Әрі қарай

Ибрахим Үзілмезі жоқтық...

Осы түкеңдер-ақ таяқ жейді де жүреді. Бұдан бірнеше апта бұрын Бешікташта екі қошқарррр..., кешіріңіз, екі капитанның басы бір қазанға сыймай, Тораманды ұрған Үзілмезді командадан аластатқан-тұғын. Ал кешегі аптада ұлттық құрамадағы ойыншы, «Айнтрахтта» доп теуіп жүрген егіздің сыңары Халил Алтынтоп командаласы Патрик Охстан таяқ жеді.
Үзілмезен "құтылғаннан" кейін Бешікташ жеңіспен жылап көрісетін болды. Үзілмез кеткелі тек Антальясорды ғана жеңе білген «бүркіттердің» жанкүйері бұл сәтсіздікті Ибрахим Үзілмездің кетуімен байланыстырады.
Бешікташ билігіне деген өкпесі қара қазандай Үзілмез де ішінен «сауап» деп жатпаса неғылсын…
Әрі қарай

Шетелдіктер біздің фуболға қалай баға береді?

Түрік тіліндегі бір сайттарды ақтарып отырып, «Қазақстан және футбол» дейтін тақырыбы бар жазбаға көзім түсті. Жазба ертеректе, дәлірегі біздің алаңда Түркиямен ойналған Еуро-2012 іріктеу турнирінен бір күн бұрын (02.09.2010) жарияланыпты. Десе де онда жазылған жайттар әлі де күн тәртібінде деуге болады. Қысқасы, жазбаны қаз-қалпында, мұртын баспай тек сөзбе-сөз аударып, ұсынуды жөн көрдім:
«Ұлттық құрамамыз жаңа үмітпен бастағалы отырған Еуро-2012 іріктеу турниріндегі ең алғашқы ресми матчын Қазақстанға қарсы өткізбек. Қазақстан футболы пәлендей маңызды көрінбегенімен бізге аса таныс емес мемлекет. Қазақстан жайында біраз мәлімет алу үшін сол жақта өмір сүріп жатқан қандасымыз Акын Күрекчіден білгендерімен бөлісуді өтіндім. Бекер обалы не, өтінішімді екі етпеді. Акын — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, математика факультетінің түлегі. Аталмыш мемлекетке 2000 жылы аяқ басып, 2005 жылы университетті тәмамдаған, сондай-ақ бес жылдан бері сол елде қызмет етеді. Әңгімені ары қарай созбай, сөзді Акынның өзіне берейін.
«Қазақстан 2010-ӘЧ іріктеу турнирінде ағылшындармен бір топта-тұғын. Уимблидегі матчта ағылшындар қарсыласын 5-1 есебімен жеңді.
Қазақстан — Кеңес Одағынан бөлініп шыққан Орта Азиялық республикалардың ішіндегі аумағы ең үлкен мемлекет. Шығысында Қытаймен шекаралас бұл мемлекеттің батысы Каспий теңізіне дейін созылып жатыр. Еуропаға жақындығы ескеріліп, 2000 жылдың басындағы өтініші қабыл болып, 2006-ӘЧ іріктеулеріне Еуропадан қатысқан-ды. Кездейсоқтық болар, Кеңес Одағынан бөлініп шығысымен он минуттан кейін егемендігін таныған Түркиямен ол жолы да бір топқа түскен-тұғын. Түркия болса екі матчта да айтарлықтай есеп айырмасымен ұтқан болатын
Қазақстандағы спортқа көз жүгіртіп көрелік. Қазақстанда аяқдопты халық қаншалықты сүйсе де елдегі №1 бірінші спорт деп атауға келмейді. Бұл елдегі Тур де Франсқа қатысқан мемлекеттің бас қаласымен аттас «Астана» велокомандасы мұнда велоспорттың кең тарағанының айғағы. Бұл саладағы ең атақты спортшысы Александр Винокуров. Орайы келгенде айта кету керек, Астана қазақ тілінде елорда дегенді білдіреді. Екінші орында бокс, Олимпиада ойындарында қазақ спортшылары медальдың денін осы сала бойынша еншілейді десек артық айтқандық емес.
Ақтөбе- Тель Авив матчынан бір абзац.Капитан Самат Смақов және Мұрат Тілешев.
Қазіргі Қазақстан футболына келсек, елдің Премьер Лига деп аталатұғын басты футбол бәсекесіндегі командалардың жалпы саны он екі. Жыл сайын бұл лигамен үш команда қоштасып төменнен үш команда қосылып отырады. Ресеймен шекаралас аймақтағы Ақтөбе қаласының шаһармен аттас командасы біраз жылдан бері лигада басымдық танытып келеді. Ағымдағы жылы аталмыш команданың Чемпиондар Лигасында Тель Авивтік Хапоеэль алдын ораса, Еуропа Лигасында АЗ Алкмаармен жұптасты.
Сыртта 2-0-мен жеңіліп, өз алаңында 2-1-мен жеңсе де, қалағандарын қолда ете алмады.
Шынын айтсақ, Қазақстан Лигасына пәлендей қызығушылық жоқ, билеттері арзан болғанымен трибунасы анау айтқандай толы болмайды. (Естеріңе сала кетейік, бір кездері Галатасарай мен Бешікташта доп тепкен Мехмет Аксу бес-алты жыл бұрын Астаналық «Жеңіс» сапында ойнады.)
Лига ойындары ауа райына орай Ресейдікімен бірдей уақытта басталып, бірдей уақытта демалысқа шығады. Қазақстанда ауыз толтырып айтатындай бір жұлдыз жоқ. Бір кездері Ресей командаларында ойнаған Руслан Балтиев бар. Өткен жылы «Тобыл» фомасын киген-ді, биыл қош айтысты. Қазір де ұлттық құрамаға әрең-әрең енген Самат Смақовтан басқа қазақстандық футболсүйерлердің табынатынындай бір футболшы жоқ деуге болады.
Қазақстан ұлттық құрамасында маңыз беруге тұрарлық аяқдопшылар Лиганың ең мықты командасы «Ақтөбенің» шабуылшысы Мұрат Тілешев пен өткен жылы іріктеулерде Галатасараймен жолы түйіскен «Тобыл»командасының орта алаң ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиев. Қазақстан футболы пәрменді бір бастаманы қажет етеді. Менің ойымша елдегі футболдың дамуы үшін елдің негізгі екі шаһары Алматы мен Астана клубтары «Қайрат» пен «Локомотивті» күшейту керек сияқты. Бұл екі командадан басқаларының шетелден аяқдопшы әкелуі қиын секілді көрінеді. Бас жаттықтырушы Қазақстанға келгенге дейін тек жәрдемші рөлін атқарып келген қырық жеті жасар ұлты неміс Бернд Шторк. Жасанды көгал болса да Қазақстан құрамасы бізді пәлендей тықсырады деп ойламаймын.
Матч ойналатын стадион Астана Арена — үсті ашылып жабылатын, отыз мың кісілік стадион. Sembol İnşaat дейтұғын түрік компаниясы 3,5 жылда салған бұл стадионның бюджеті 160 миллион еуроны құрайды. Бұл стадиондағы бізді бөгейтін нәрсе – жасанды көгал. Қазірден баспасөзімізден керексіз көгал дауын еститін секілденемін.
Стадионның тұсаукесері 2009 жылы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астананың елорда атанған күніне сәйкестендіріліп, 6-шілдеде өткізілді. Қазіргі елорда жаңа шаһар болғандықтан сол жылы басталған үлкен жобалардың тұсаукесері аталмыш датаға орайластырылады. Мәселен, үстіміздегі жылы әлемде қайталанбайтын ең алғашқы үлгілердің бірі Хан Шатыры ойын-сауық орталығы ашылды. Астана мидай жазық далада орналасқандықтан және бұған қоса қысы өте қатты, -40 градус аязды болуы себепті халықты аталған шаһарда ұстай білу үшін соңғы үлгідегі технологиямен миллиардтаған доллар жұмсалып, заманға сай қала жабдықталуда.
Қазақстанға келгеніңізде барлық жерден көзге ілінетін 2030 цифрын әңгіме етіп, жазбамды тәмамдайын. Қазақстан 2030 жылы дүниедегі ең дамыған елдердің бірі болуды мақсат етеді. Ол үшін қолдарындағы көмір, мұнай, уран және басқа пайдалы қазбалардың қоры жете ме о жағы бір Құдайға мәлім, десе де мектепте оқып жүргенде суқанымыз сүймейтін Менделеев кестесіндегі бүкіл элементтерді Қазақстан жерінен табуға болады».

түпнұсқасы мына жерде www.365gunspor.com/haberdetay_42427_Kazakistan-ve-Futbol.html
Әрі қарай

«Немо» және оның командасы.


Испанияның «Marca» газеті соңғы нөмірінде «Немо және оның командасы» жайлы қызықты ақпарат жариялады. Корольдік клуб ойыншыларының лақап атын карикатурамен жариялаған бұл мақала бүкіл дүние жүзі баспасөзінің назарын өздеріне аударды.
Команда жұлдызы Месут Өзілдің лақап аты – «Немо». Оған бұл лақап «Дисней» және «Пиксар» студияларының өніміндегі Немо атты балықпен сырт пошымындағы ұқсастығы үшін таңылыпты. Икер Касильясты «Капи» (капитан) атандырса, Рикарду Карвальоны «Ақсақал» десетін көрінеді. Бұл аттың оған қойылу себебі белгілі, ол командасында жасының үлкендігімен қоса байсалдылығымен ерекшеленеді. Рауль Альбиольға командаласы португалдық Пепе Рейна «Пышақ» дейтін атты лайық көріпті. Әрине, бұл оның колбаса кескіш, нан кескіштігі үшін емес, жіңішке де ұзын дене тұрқына байланысты қойылса керек. Ал Пепенің өзін жай ғана «Пепиньо» деседі.
Әрі қарай