Жарияланымдар

Жолың болсын!


Қазнеттегі танымал блогосферада «Қазақстаннан біржолата кеткіңіз келе ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіпті. Көпшіліктің даусымен «кеткім келеді» жауабы алда тұр.  Кеткісі келетіндердің пікіріне айтар уәж жоқ. Осы елде балаларын тәрбиелеп, өсіргілері келмейді. Сервис жоқ, білім жоқ, медицина ол…
Бір жағынан ойлайсың, кетсе кете берсін. Әркім өзі өмірі ғой не істесе де. Алайда қарап тұрсаң біртүрлі ішің қынжылады. Неге, сен тұратын, сен қастерлейтін, дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, қолыңды жүрегіңе қойып, әнұранын шырқайтын еліңді біреулер осылай жамандап, ештемеге теңегісі келмейтіндігін оқып, қынжыласың. Сонда осында тұрып жатқан біз ақымақ болғанымыз ба?
Әрі қарай

Қорқақ хоккей ойнамаса да, қарайды немесе айна қайда? ))


Алдында айтып кеткендей, хоккейге бардық. Біздікілер Оңт.Корей құрама командасын ойсырата ұтты: 11-0. Бір жағынан екінші сүйікті елімді аяп кеттім. Әсіресе, өз туларын құшақтап келген жанкүйерлерді.
Біздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы жайлы, жалпы хоккей жайлы мәліметім аз еді, біраз да болсын ақпарат білісіп қалдым. Хоккейде әр ойын бөлімі – период деп аталады екен. Бір матчта 20 минуттан 3 период болады. Арасында 10 минуттай үзіліс. Хоккейде әдетте «Шайбу!» деп айқайлайтын көрген шығарсыздар. Міне, гол соқ дегенге «Шайбу!» деп айқайладық, оған қоса «Қазақстан!», «Алға, Қазақстан!», сонымен қатар 2 рет гол салған қазақ (то ли татар) қызы Зарина Тухтиеваның есімін қайталаумен болдық. Еліміздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем бойынша 8 орынды, ал Азияда 2-орынға ие екен. Бастамасы жаман емес, бәлкім біріншілікке де жетіп қалар.

Стадион толы болды. Бірақ оң жақ сектор толығымен баннермен жабық тұрды. Интернетте бұл жабылу салтанатына орайластырған шара дегенді оқып қалдым. Оны енді көре жатармыз. Бала-шағасымен келген отбасылар да көп болды. Репортерлер мен фотографтар кішкентай жанкүйерлерді таспаға түсірумен әлек. Артымызда балалар «Шайбу!» деп айқайлағандары да құлаққа жағымды, көңілді көтеріп отырды. )
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына екінші рет баруым. 10 жыл бұрын бір концертке барып едім, сонда жағдайы онша мәз емес еді. Осы жолы толықтай жөндеуден өтіп, іші жарқырап тұр. Алайда дәретханада бірде-бір айна жоқ. Осы мәселе мені толғандырды. Қалайша қыздар дәретханасында айна жоқ? ))

Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1229
Әрі қарай

Азиада ашылды! Кәмпит-мәмпит шашылды ))

Кеше миллиондаған ел болып, «Азиада-2011» ашылу салтанатын тамашалауға теледидар алдына телмірдік. Осы уақытқа дейін Азиаданы осындай деңгейде өткізген ешкім болмаған шығар. Бір жағынан бұл түсінікті, дамыған елдер өз жерінде Олимпиада, Әлем Чемпионаттарын өткізуге құмар. Ал біздің еліміз әлі мұндай үлкен додаларды өткізуге дайын емес деп ойлаймын. Және де болашақта дайын болса, оған біраз жылдар керек. А

Әрі қарай

Балет - тылсым өнер

Бағасы жағынан тиімді болса да, мына тұрған Абай атындағы Опера және балет театрына аяқ басу екіталай. Теледидардан қандай да бір опералық туындыны ести қалсақ, арнаны басқа жаққа ауыстырып, құлақты жарар дауысты естімеуге тырысамыз. Балетті көрсек, ішпысатын дүние сияқтанып көрінеді. Менің ойымша, опера, балет, жалпы театр сахнасындағы көріністерді теледидардан тамашалау – әбестік.

Опера мен балетті көргенде алдымен қысқаша мазмұны жазылған брошюра беріледі (берілгенде, енді 100 тг сатып аласың). Сол арқылы сахнада болып жатқан көріністі бастан-аяқ түсініп отырасың. Аса үнемшіл (мен сияқты) адамдарға интернеттен алдын ала оқып алуға да болады. )
Әрі қарай

ЖЖ-ға қайта оралу


Ал маған Жаңа жылда «Ел Арнадан» көрсеткен «Алтын Асқар» думанды-кеші ұнады. Орысша аты “Голубой киноогонек” деп басында жоспарланған. Жалпы бағдарлама жақсы ойластырылған, әзіл жағынан да біршама қызықты болды деп ойлаймын. Идея «Қазақфильмдікі» болса, музыкалық өңдеу, ұйымдастыру «Ел Арна» телеканалінікі екен. Режиссерлердің бірі болып Санжан Мадиев шығыпты. Жас болса да, жақсы еңбектенді. Жалпы қазіргі қоғамның тынысын жастар жақсы білетін сияқты, сондықтан да біздің қазақ өнерінің басында жүрген ата-апаларымызға осыны ескеру керек сияқты.
Әрі қарай

Түкіріп қой…

Менің жақын бір құрбым, тұрмыс құрарға үш апта қалғанда ғана бәрімізге хабарлап еді, және де біріншісіне аяғы ауыр кезінде де орта шеңіне дейін, бәрімізге «хабар жоқ» деумен лапша ілді. Кейіннен білген соң, айтары, «ондайды айтпайды, көз тиеді» деп құтылды. Шындығында ойлап қарасаң, күйеуге шығатын, бала табатын тек сол ма деп біртүрлі боласың.

Алдында бір қазақ әншілері жайлы бағдарлама көрсетіп жатыр. Сонда сұрақ: «Әртістер неге үйленгенін, тұрмыс құрғанын жасырады?» дегенге, көбі «Тіл, көз тиюден қорқатын шығар» деп жауап беріп жатты.
Әрі қарай